Өз елім. Музыка, 5 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 4:

Музыка тілідостық тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өз елім

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.1 музыкалық жанр мен көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау

5.1.3.1 әнді орындау барысында музыканын көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізу

5.1.3.2 музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерін музыкалық аспаптарда бірлесіп орындау

Сабақ мақсаттары

  • Патриоттық музыка жайлы білу;
  • Құрманғазының Сарыарқа» күйін, Е.Хасанғалиевтің («Атамекен» әнін тыңдап шығарма жайында өз ойын жеткізу;
  • Н.Тілендиевтің «Өз елім» әнін үйренеді және жеке және топпен орындау;
  • «Жеңіс күні» немесе «Отан қорғаушылар күні» тақырыбына коллаж жасау;
  • өз жұмысын таныстыру;
  • өзінің және өзгенің жұмысын баға беру.

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • тыңдалған музыкалық шығарманы талдайды және стилін, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтай алады;
  • әнді орындау барысында музыканын көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе алады;
  • музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерін музыкалық аспаптарда бірлесіп орындай алады;
  • өз жұмысын таныстырады;
  • өзінің және өзгенің жұмысын бағалай алады.

Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика мен терминология

  • халық музыкасы
  • музыкалық мәдениет
  • стиль, жанр

Оқушылар:

  • Сәйкес терминологияны, терминдерді пайдалана отырып музыканы талқылап, талдау жасайды.

Талқылауға араналған сұрақтар:

  • Патриоттық музыка дегеніміз…….…

Құндылықтарды

дарыту

Классикалық әуендерді тыңдауға дағдылау, мәдени тұлғаларды тәрбиелеу.

Пәнаралық

байланыстар

Тарих, әдебиет, бейнелеу өнері.

Бастапқы білім

1 бөлімде оқушылар ары қарай білім алуларына қажет болатын білім, білік пен тәжірибе жинақтады. Бұл бөлім өз білімін қолдана отырып, Қазақстанда тұратын түрлі халықтардың музыкасына анализ жасауға, орындаушылық пен музыка шығару дағдыларын дамытуға бағытталған. 2 тоқсан ҚР мемлекеттік мерекелермен сәйкес келеді, сондықтан бөлім негізі қазақ музыкалық шығармаларын тыңдап, талдауға және патриоттық жанрдағы музыкалық шығармаларды үйрену болып табылады.

.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Талқылау.

  • «Патриотизм» деген не?
  • Қандай адамды патриот деуге болады?
  • «Патриоттық» музыка деп қандай музыканы атайды?
  • Патриоттық музыканы сипаттату.

Сабақтың ортасы

1 тапсырма

Музыканы тыңдату

Құрманғазы «Сарыарқа» күйі.

- Күйді тыңдаған кезде қандай әсерде боласың?

Ән тыңдау, мысалы муз. Е.Хасанғалиев «Атамекен». Әннің бейнебаянын көрсету..

Әннің авторларын анықтау.

Ән қай кезде шығарылған?

Неліктен патриоттық ән болып саналады? сынды сұрақтарға жауап іздеп кішігірім зерттеу жүргіздурту.

2 тапсырма

Музыкасы: Н.Тілендиевтің, сөзі: Қ. Мырза әлінің «Өз елім» әнін үйреніп орында.

  • Бұл әнді патриоттық әндер қатарына жатқызуға бола ма? Неліктен?
  • Әнді сыныппен бірге орындату.

https://www.youtube.com/watch?v=juoeZmu1JCU күй ұлт аспаптар оркестрімен орындалады

https://www.youtube.com/watch?v=5FLDvtZFfu4

«Атамекен» әні

«Өз елім» әні

http://audio.nur.kz/595368-muzart-oz-elim

«Өз елім» әнінің сөзі

http://audio.nur.kz/text-595368-muzart-oz-elim

Сабақтың соңы

Қосымша тапсырма

«Жеңіс күні» немесе «Отан қорғаушылар күні» тақырыбында коллаж құрастыру.

Оқушылар Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне арналған әндерді зерттеп, сол әндердің сөздерін коллаж жасау барысында пайдалануына болады.

қағаз, ескі журналдар, газеттер, желім, қайшы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға, әнді музыкалық аспаппен сүйемелдеп орындатуға болады.

Бақылау;

Бағалау өлшемдерімен дескрипторлар бойынша;

Ән орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу