Су әуендері. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 2 – сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Су - тіршілік көзі

Сабақ: 2

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Су әуендері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату

3.2.1.2 -қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • судан және ыдыстан музыкалық аспап жасайды;
  • жасаған аспаптарының көмегімен оркестр құрады;
  • дирижерлік қимыл көмегімен орындап үйренеді.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • нота биіктігін дыбыстық интонацияға сүйене отырып анықтайды;
  • топпен бірге шығармашылық жұмысқа қатысады.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • өз шығармашылық жұмыстарын көрсетеді, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • су дыбыстары
  • glass music – стеклянная музыка – шыны музыкасы
  • нота атаулары

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Музыканың сипаты қандай?
  • Бұл музыканың екпіні қандай?
  • Музыканың дыбысталуы қалай өзгерді?
  • Әнде не туралы айталады?

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс жасау барысында ынтымымақтастық және бір біріне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика оқушылар суды қолданып, көлемін өлшеп, ыдысқа құю арқылы музыкалық аспап жасайды.

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылар судың дыбыстарын аспап көмегімен жаңғыртты, судың адам өмірінде алатын орны жайлы талқылады. Құрманғазының «Көбік шашқан» күйіне ырғақтық сүйемеледеуді партия боынша, нота ұзақтықтарын нақтылықпен сақтап орындап үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

сабақтың ортасы

Оқушылармен сәлемдесу

  • Стартер

Бейне материал қарау

Оқушылармен талқылауға арналған сұрақтар

- Не көрдік?

- Бұл экологиялық мәселені қалай шешуге болады?

Өткен сабақты қайталау

- Судың күйін қандай аспаптар арқылы дыбыстауға болады?

- Қалай ойлайсыздар, су музыка жасай ала ма?

2. Ассоциация сөздер

Сыныпты екі топқа бөлу

1 топ - су сөзіне

2 группа – музыка сөзіне

Бұл тапсырмаға 30 секунд өтеді

/бұл тапсырма оқушылардың алдыңғы білімдерін жаңғырту үшін өткізіледі/.

Кейін мұғалім оқушыларға сабақ мақсаты мен тақырыбын атайды.

3. Сабақ мақсатын атау:

Бүгінгі сабақта біз

  • судан музыкалық аспап жасаймыз;
  • дирижерлік қимыл көмегімен оркестрде ойнаймыз

Бейне материал қарау

Оқушылар музыканттардың хрусталь бокалдарында классикалық музыка ойналып тұрған видеоны көреді. Әр хрусталь бокалдары өз көлемі мен су мөлшеріне толтырылып тұр. Бокалдың көлемі мен су мөлшеріне быдыстың биік немесе төмен болуы тәуелді.

Талдау және талқылау

- Қандай өнерді көрдіңіздер?

- Музыканттар не істеді?

- Олар қандай аспапта ойнады деп ойлайсыздар?

4. Зерттеу және аспап жасау.

- Қазір біз сіздермен суды қолдану арқылы музыкалық аспаптар жасаймыз. Ол аспапты қалай жасауға болады? Сіздерде идея бар ма?

Және суды қалай қолданамыз?

Оқушылар жұппен мұғалімнің сұрақтарын талқылайды. Және өз ойларымен бөліседі.

https://twig-bilim.kz/ru/film/bottled-water-the-true-cost

қағаз, маркер

Бейне материал 1: https://www.youtube.com/watch?v=QdoTdG_VNV4

6. Бейнематериал қарау

«Фиксики» мультфильмінен «Ноты» сериясы

/2.37-3.28 уақытын көру/

Әр жұпқа металлофон, шыны стакан, су құятын тағы бір кішігірім ыдыс беріледі.

Тапсырма: Судың қажет мөлшерін құю және металлофонмен дыбысын келтіру арқылы аспап жасау.

1 жұп – нота «До»

2 жұп – нота «Ре»

3 жұп – нота «Ми»

4 жұп – нота «Фа»

5 жұп – нота «Соль»

6 жұп – нота «Ля»

7 жұп – нота «Си»

Музыкалық аспапты жасау кезінде мұғалім оқушыларға судың мөлшері көп болған сайын дыбыстың төмендейтінін түсіндіру қажет.

Дифференциация: Зерттешуілік жұмыс барысында мұғалім әр жұптың қасына келіп аспаптыі күйін келтіруге көмектеседі, себеі күй келтіру музыкалық есту қабілеті жоғары оқушыларда ғана қолдан келуі мүмкін, қалған оқушыларға қомыша көмек қажет.

7. Презентация

Әр топ өз нотасын металлофонда ойнайды. Содан кейін металлофон таяқшасымен стаканын соғады.

Сынып дыбыстың сәйкес немесе сәйкес емес екенін айтады.

8. Аспапта ойнау /оқушылар жасаған стакандарда/

Мұғалім тақтада нотаның түстерін көрсетеж\ді, қай түс көрсетілсе сол жұп өз стакандарын таяқшамен соғады.

Оқушылар мұғалімнің дирижерлік қимылына назар аударып мұқияттылықпен орындауы керек.

Сұрақтар:

- Сіздер қалай орындадыңыздар?

- Неге бізде белгілі бір әуен шықты?

- Мен қандай қимылдар жасадым?

Оқушылар мұғалімнің дирижерлік қимылына қарап, уақытында қосылып тұрғандықтан әуен шықты деп жауап береді.

Мұғалімнің сөзі:

Дұрыс айтасыңдар, менің қимылдарымды дирижерлік қимыл деп атайды.

Есімізге түсірейікші, дирижер деген кім? Ол қандай ұжымды басқарады?

Бейне материал 2

https://www.youtube.com/watch?v=mtdwJIpP8og

2.37-3.28 уақытын көру

Сабақтың соңы

5мин

Сабақ қорытындысы:

- Балалалар, сабақ мақсаттарына оралайықшы

- Мақсатқа жеттік пе?

- Бүгін қандай жаңа ақпарат білдік?

Рефлексия

«Идея қорабы»

Оқушыларға сабаққа қатысты өз идеяларын стикерлерге жазып, бір қорапқа салады. Мұғалім ішінен таңдалған стикерлерді алып, сыныпқа оқиды және оқушылардың жазылған пікірлері сыныппен талқыланады.

Музыкалық өрнектермен әшекейленген әдемі қорап.

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Зерттешуілік жұмыс барысында мұғалім әр жұптың қасына келіп аспаптыі күйін келтіруге көмектеседі, себеі күй келтіру музыкалық есту қабілеті жоғары оқушыларда ғана қолдан келуі мүмкін, қалған оқушыларға қомыша көмек қажет.

Бақылау

Өзін өзі бағалау

Ауызша түрде сұрақтарға жауап беру

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу