Қысқы ертегі. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 4 - сынып.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Сәулет өнері» бөлімінің соңғы тақырыбы «Қысқы ертегі» деп аталады. Бұл сабақ алдыңғы сабақтың жалғасы болып табылады.

1-тапсырмада сабақты Эльзаның «Мұзды өлке»- әнін тыңдатудан бастаңыз, сұрақтарды талқылаңыз. Музыкалық ертегінің өзге ертегілерден айырмашылығы, ертегінің мазмұны музыкамен жеткізілетінін айтып түсіндіріңіз. Ертегіде музыканың көп кездесетінін айтыңыз. Сұрақтар талқылау барысында оқушыларға «Мұзды өлке» мультфилімі жайлы ақпарат беріңіз. Дидактикалық материалдар.1-қосымша.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырыңыз.

2-тапсырмада оқушыларды Эльзаның «Мұзды өлке»-әнінің орысша нұсқасын караокеге қосылып орындауды ұсыныңыз.Әнді орындау барысында оқушылардың музыкамен дұрыс қосылып орындауын, тоналдікті дұрыс сақтауын қадағалаңыз.

Эльзаның әні «Мұзды өлке» әні караокесі-

https://www.youtube.com/watch?v=YCr2bxf6K7Q

Егер оқушылар осы әнді ұнатып сөзін сұраса, әннің сөзін таратып беріңіз. Дидактикалық материалдар.2-қосымша.

3-тапсырмада топта музыкалық және музыкалық емес аспаптарды қолдана отырып, берілген тақырыпқа музыкалық ертегі ойлап шығаруды тапсырыңыз. Ол үшін оқушыларды 3 топқа бөліңіз. Тақырыптарды беріңіз.

1-топ. «Қыс қызығы», 2-топ. «Қысқы серуен», 3-топ. «Мұз қалашық»

Дайындық кезінде оқушыларға қандай да бір көмек қажет болған жағдайда қол ұшыңызды беріңіз. Ұсыныстар беріп, білмегендерін айтып отырыңыз.

Бағалау критерийлерін ұсыныңыз.

  • ертегінің мазмұны;
  • көркемдік бейнесі;
  • музыкалық аспаптарды қолдануы;
  • кейіпкерлердің өз рөлін сомдауы;
  • топтық жұмыс;
  • әуеннің үйлесімділігі;
  • таныстырылымы

4-тапсырмада оқушыларға дайындаған ертегілерін сынып алдында таныстыруды тапсырыңыз. Оқушыларға сахнаны безендіріп, декарацияға көмектесіңіз.

Бағалау:

  • Өз тобыңызға қандай баға бересіз?
  • Басқа топтың өнеріне баға беріңіз?
  • Қойылымда сәтті шыққан тұстарын атаңыз?
  • Ал қай жерін жетілдіре түсуге болады деп ойлайсыз?

Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  • музыкалық-шығармашылық жұмыстар жасайды;
  • жұмыстарында музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады;
  • шығармашылық жұмыстарын көрсетеді;
  • өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу