Қысқы ертегі. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 4 - сынып.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім:Сәулет өнері

Сабақ: 4

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қысқы ертегі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру

3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

3.3.1.1 - өз білу шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай

 Сабақ мақсаттары

  • Эльзаның «Мұзды өлке»-әнін тыңдайды және талдайды;
  • Эльзаның «Мұзды өлке»- әнін караокеге қосылып орындайды;
  • «Қыс» тақырыптарына музыкалық ертегі шығарады;
  • Өз жұмыстарын сынып алдында таныстырады;
  • Өзінің және өзгенің жұмысына баға береді.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығарады және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады;
  • өз шығармашылық жұмысын көрсетеді;
  • өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

пәндік терминологияны қолданып, әртүрлі түсініктерді және тыңдалған әндерді талқылайды;

Пәндік лексика мен терминология:

  • музыкалық ертегі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

    • Бұл әнді қай мульфилімнен естідіңіздер?
    • Әннің көңіл-күйі қалай?
    • Ән қай мезгілді суреттейді?Қыс мезгілінің бейнесін жеткізу үшін композитор нені қолданған?
    • Әнді орындаушы кейіпкер туралы кім не біледі?
    • Мультфильмнің қазақша нұсқасын көрдіңіздер ме?

Құндылықтарды дарыту

Өз елінің өнерін бағалай отырып, өзге елдің өнеріне құрмет көрсету.

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті.

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

1-2 сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Біз театрға барамыз» сабағының жалғасы.

1-тапсырма.

Эльзаның «Мұзды өлке»-

әнін тыңдаңыздар.

Сұрақтарды талқыла!

    • Бұл әнді қай мульфилімнен естідіңіздер?
    • Әннің көңіл-күйі қалай?
    • Ән қай мезгілді суреттейді?
    • Қыс мезгілінің бейнесін жеткізу үшін композитор нені қолданған?
    • Әнді орындаушы кейіпкер туралы кім не біледі?
    • Мультфильмнің қазақша нұсқасын көрдіңіздер ме?

Эльзаның әні «Мұзды өлке»-

https://www.youtube.com/watch?v=6PKKh_JzQ9k

«Мұзды өлке»

1-бөлімі

https://www.youtube.com/watch?v=94nUx8oLipc

Сабақтың ортасы

30 минут

2-тапсырма.Орындау.

Эльзаның «Мұзды өлке»-әнінің орысша нұсқасын караокеге қосылып орындаңыз.

3-тапсырма. Музыка шығару және импровизация.

Топта музыкалық және музыкалық емес аспаптарды қолдана отырып, берілген тақырыпқа музыкалық ертегі ойлап шығарыңыз.

1-топ. «Қыс қызығы»

2-топ. «Қысқы серуен»

3-топ. «Мұз қалашық»

Бағалау критерийі:

  • ертегінің мазмұны;
  • көркемдік бейнесі;
  • музыкалық аспаптарды қолдануы;
  • кейіпкерлердің өз рөлін сомдауы;
  • топтық жұмыс;
  • әуеннің үйлесімділігі;
  • таныстырылымы

4-тапсырма. Презентация және бағалау

Сахнаны безедіріп, шығарған ертегілеріңізді сынып алдында көрсетіңіз.

Бағалау:

  • Өз тобыңызға қандай баға бересіз?
  • Басқа топтың өнеріне баға беріңіз?
  • Қойылымда сәтті шыққан тұстарын атаңыз?
  • Ал қай жерін жетілдіре түсуге болады деп ойлайсыз?

Эльзаның әні «Мұзды өлке» әні караокесі-

https://www.youtube.com/watch?v=YCr2bxf6K7Q

музыкалық және шулы-музыкалық аспаптар

Қыс туралы ән-

https://www.youtube.com/watch?v=Ch8J57egTgE

Сахнаны безендіруге арналған: шар, түрлі түсті қағаздар, ақ маталар және т.б

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ рефлексиясы:

  • Осы тоқсанда мен не білдім?
  • Не үйрендім?
  • Тағы не білгім келеді?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары оқушылар әнді фонограммамен жеке орындайды,ал қалған оқушылар топпен орындайды.

Ән тыңдап, сұраққа жауап берген кезінде ауызша бағалау жүргізу.

Музыка шығару және импровизация тапсырмасында бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу