Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш. Математика, 6 сынып, презентация.
Келесі сөздерді кем дегенде бір рет қолдана отырып сөйлем құрастыр:
Статистика
Құлаш
Мода
орта мән
медиана
Тапсырма 1.
а) 1, 2, 3, 4, 5; б) 1, 2, 3, 4, 100.Берілген сандар қатарының арифметикалық ортасын есептеңіз. Екі сандар қатарындағы орташа мәнін белгілеңіз.Арифметикалық орта берілген сандар қатарының ортасы бола ма?
Шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық сипаттама жөнінде не білеміз?
Тапсырма 1.
а) 1, 2, 3, 4, 5; б) 1, 2, 3, 4, 100.а) ͞х=3; б) ͞х=(1+2+3+4+100):5=22а) қатарда сандардың арифметикалық ортасы да, сандар қатарындағы шамалардың орташа мәні 3-ке тең. Бірақ б) қатардағы сандардың арифметикалық ортасы 22-ге, ал сандар қатарындағы шамалардың орташа мәні 3-ке тең. Сондықтан шамалардың орташа мәні олардың медианасымен сипатталады.
Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлашОқу мақсаттары:6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық
ортасы, санды деректердің құлашы,модасының
анықтамаларын білу;
6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды
есептеу.
Бағалау критерийлері:
Халық шаруашылығында, тұрмыста кездесетін шамалардың өзгерістерін сипаттауда жиі пайдаланатын статистикалық сипаттамалар:
арифметикалық орта
өзгеріс ауқымы
мода
медиана
Статистикада медиана деп мәліметтер жиындығын тең екі бөлікке бөлетін санды айтады.
Медиана – шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық сипаттама. Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін;
1) берілген сандарды өсу ретімен немесе кему ретімен орналастырып жазу керек;
2) осылайша орналастырылған сандар қатарының қақ ортасындағы санды табу керек.
Егер берілген сандар қатарындағы элементтер саны жұп болса, онда олардың медианасы осы сандарды өсу (кему) ретімен орналастырғанда ортада тұрған екі санның арифметикалық ортасына тең болады.
2-Мысалы. 16,13,15,10,19,22,25,12,18,14,19,14,16,10 берілген қатардың медианасын табу керек.
Шешуі. берілген сандарды өсу ретімен немесе кему ретімен орналастырып жазу керек:
10,10,12,13,14,14,15,16,16,18,19,19,22,25, элементтер саны n=14, демек медиана берілген элементтердің дәл ортасындағы 7-элемент пен 8-элементтің қосындысының жартысына тең:
10,10,12,13,14,14,15,16,16,18,19,19,22,25
Медиана: Me=(15+16)/2=15,5
Сабақты қорытындылау.
- Медиана нені анықтайтын статистикалық сипаттама?
- Берілген сандардың саны тақ болса, медиана қалай табылады?
- Берілген сандардың саны жұп болса, медиана қалай табылады?
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім;
- нені толық түсінбедім;
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Үйге тапсырма:
Осы аптада аптаның орташа температурасы қандай болды? Оны қалай анықтадың?
Температураның қандай мәні ең жиі кездеседі?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру