Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Статистика. Комбинаторика | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Сынып: 6 | |
Сабақ тақырыбы | Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу; 6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу. | ||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: •бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, модасының анықтамаларын біледі. | ||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту | ||
Пәнаралық байланыстар | Статистика бірқатар ғылыми салаларда қолданылады: биология, әлеуметтану, машина жасау және т.б.. Оқушылар кейбір құбылыстар немесе процесстерге бақылаулар жүргізу нәтижесін жинақтауға және оларды талдауға үйренеді. | ||
Бастапқы білім | Сан құрамының разрядтарын біледі; «сан» және «цифр» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты түсінеді. | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 1-2 мин 2-7 мин 7-9 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2.Білімді өзектендіру: Сыныппен жұмыс: Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру; Ой қозғау. Мәнерлеп сырғанаушылар жарысында сырғанаушылар жұбына сырғанаудағы мәнері үшін 6 әділ қазылар мүшелері 5,4; 5,2; 4,8; 5,5; 4,7; 5,0 ұпайларын көтерді. Тақтада (таблода) мәнерлеп сырғанаушылар жұбына орта ұпай - 5,1 ұпай деп көрсетілді? Бұл ұпай қалай есептелінді? Оқушылар өз ойларын айтады, кейбір оқушылар арифметикалық ортасын табуды көрсетуі мүмкін. Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады. Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар? Оқушылар өз ойларын айтады. Оқушылардың жауаптарын қорыта келе мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады. Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлерін айтып өту: •сандардың арифметикалық ортасын, құлашын (өзгеріс ауқымын), модасын анықтайды; •деректерді есептер шығаруда қолданады. | Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Қосымша1. |
Сабақтың ортасы 9-14 мин 14-19 мин 19-25 мин 25-26 мин 26-35 мин | Жаңа сабақты түсіну. Жұптық жұмыс: Тапсырма 1. Мектеп кезекшілері бір апта бойы бастауыш сынып оқушыларының 20 оқушысы сабаққа кешігіп келгенін анықтады. Кешігіп келу уақыттары (минут есебімен) төмендегідей болды: 5; 3; 1; 1 ; 2; 4; 1; 1; 3; 2; 2; 3; 5; 1; 2; 1; 2; 3; 3; 11.
Оқушылар жұпта есепті орындайды. Сосын дайын жауап арқылы өз қорытындыларының дұрыстығына көз жеткізеді. Жаңа сабақты меңгеру. Тапсырма 2.
Оқушылар басқа жұптарға сұрақтар қояды, басқа жұптардың сұрағына жауап береді. Өз ойларының барысын сендіруге тырысу керек. Бағалау:мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды және дер кезінде кері байланыс береді. Тапсырма 3. Ұйымда бір ай бойы күнделікті түскен хаттар жазбаларына тіркеу жүргізілді. Нәтижесінде мынадай деректер қатары болды: 39, 43, 40, 0, 56, 38, 24, 21, 35, 38, 0, 58, 31, 49, 38, 25, 34, 0, 52. Алынған қатар бойынша арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын, модасын табыңыз. Әр оқушы есепті өзі жеке шешеді. Тапсырманы шешу жолын жұбына түсіндіреді. Егер қате шығарылса, ол себебін анықтап, түзетеді. Түсіндірме дескриптор арқылы жүргізіледі. Сергіту сәті. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс. Тапсырма 4. –12,5; 28,4; 7,5; –9,2; 8,9; 7,5; 21,9 берілген қатардан арифметикалық ортаны, өзгеріс ауқымын, моданы және медианы табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - арифметикалық ортаны табу өрнегін құрады; - сандардың арифметикалық ортасын табады; - сандардың өзгеріс ауқымын есептейді; - сандардың модасын есептейді. Тапсырма 5. Адамдардың бір күнде қанша шай ішетіні туралы сұрау жүргізілген: Қанат-5, Айша-4, Дулат-6, Сауле-8, Фарида-6, Самат- 7, Шынар- 6. Айжан бір күнде өзі ішетін шайдың кесе саны жоғарыда көрсетілген сандардың модасына тең екендігін айтты. Ол күніне қанша кесе шай ішеді? Дескриптор: Білім алушы - сандардың модасын есептейді; - есептің жауабын жазады. Тапсырма 6. 4; -7; 8; -4; - ; 1; - ; берілген қатардан арифметикалық ортаны, өзгеріс ауқымын, моданы және медианы табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - арифметикалық ортаны табу өрнегін құрады; - сандардың арифметикалық ортасын табады; - сандардың өзгеріс ауқымын есептейді; - сандардың модасын есептейді. Әр оқушы есепті өз таңдаулары бойынша шешеді. Тапсырманы шешу жолын жұбына түсіндіреді. Егер қате жасалса, ол себебін анықтап, түзетеді. Түсіндірме дескриптор арқылы жүргізіледі. | Қосымша2. Қосымша3. Қосымша4. |
Сабақтың соңы 35-37 мин 37-40 мин | 4. Сабақты қорытындылау.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. Үйге тапсырма: Туыстар мен отбасы мүшелерінің туылған күндерінің санын бір қатарға жазып, оларға статистикалық санды сипаттамалар есептеу. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар |
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. Сабақ ортасында «Дем алу» сергіту сәті жасатылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру