Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3D бөлім: Кеңістіктегі фигуралар

Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қалдыбаева А.Н., Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.4 кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

фигураны жазбасы бойынша ажыратуды, қарапайым геометриялық сызбаларды салуды үйренеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • геометриялық фигураларды атап, ерекшелігін айтады;
  • жазық фигуралар мен кеңістік фигуралардың айырмашылықтарын ажыратады, топтастырады;
  • жазық фигуралар мен кеңістік фигураларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстырып, кеңістік фигуралар арқылы тәжірибе жасайды,пайда болған фигураны салады, ол жайында ой қорытындылайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • жазбаларды салуға түсінік береді;
  • кеңістіктегі фигураны жоғарыдан, алдыңғы жағынан, сол жағынан қарағанда салған кескіндерін негіздейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • кеңістіктегі фигураның төбесі, қыры, жағы;
  • бүйір жағынан, жоғарыдан, алдыңғы жағынан;
  • жазба;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • жазбаны жинау үшін …;
  • берілген фигураның ... жағы;
  • үстінгі жағы ... орналасады;
  • берілген жазбаға ... фигурасы сәйкес келеді;
  • егер фигураға жоғарыдан (бүйір жағынан) қарасақ, онда ... .

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Оқушылар геометриялық фигуралар, кеңістік фигуралар туралы, олардың өмірде қолданылуы туралы түсінік алады.

Бастапқы білім

Текшенің, тік бұрышты параллелепипедтің жазбаларын салу дағдылары; симметриялық фигураларды салу дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

2-4 мин

4-9 мин

9-10 мин

I.Ұйымдастыру

Мақсаты: амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта қолайлы атмосфера үшін психологиялық ахуал тудыру.

Әдіс: тұлғалық-жеке-коммуникативті әдіс, «коммуникативтік шабуыл» тәсілі.

Сипаттама: амандасу

- Қайырлы таң, күн! (барлығы қолдарын көтереді, содан соң түсіреді).

- Қайырлы таң, аспан! (қимыл қайталанады).

- Қайырлы таң, бәрімізге! (барлығы қолдарын екі жағына созады және түсіреді).

Мұғалім қызметі: сыныпта қолайлы жұмыс ортасын құруға ықпал етеді.

Оқушы қызметі: мұғаліммен, сыныптастарымен амандасу, сабаққа зейін аудару.

Бағалау: мұғалімнің ауызша мадақтауы.

II. Топтық жұмыс арқылы тақырыптың өзектілігін ашу

Мақсаты: сыныпты топқа бөлу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Әдіс: «Геометриядық фигуралар» интербелсенді оқыту тәсілі

Сипаттама: сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш.

Мұғалім қызметі: оқушыларға геометриялық фигуралар (үшбұрыш, тіктөртбұрыш, квадрат) таратады. Сосын қандайда бір заңдылықпен қолдарыңыздағы суреттер (фигуралар) бойынша үш топқа бөліну ұсынылады.

Барлық топқа сұрақ:

Қолдарыңыздағы суреттерді ортақ қалай атауға болады?

Кеңістік денелеріне жатқызуға бола ма?

Оқушы қызметі: үшбұрыш, тіктөртбұрыш, квадрат болып үш топқа бөлінеді, топта бірге ойланып, сұрақтарға жауап береді (еркін жауап).

Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.

IIІ. «Жақын арада даму» аймағын анықтау

Мақсаты: жаңа тақырыпты игеруге қажетті білімді қайталау

Әдіс: интербелсенді оқыту тәсілі

Сипаттама: сынып оқушыларына тік бұрышты параллелепипед пен кубтың макеті беріледі. Осы макеттің ұқсастығы мен айырмашылығын жазу.

Тапсырма 1.

Көп нүктенің орнына тиісті (ұзындығы, ені, биіктігі, жақтары, қырлары, төбелері, 12 қыры, 8 төбесі, 6 жағы, тік төртбұрыш ) сөз тіркесін жазыңыз және берілген тік бұрышты параллелепипед пен кубтың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңыз.

а) Тік төртбұрышты параллелепипед және куб – жақтары ...... болып келетін көлемді фигура.

ә) Тікбұрышты параллелепипедтің және кубтың беттері оның ....., жақтарының қабырғалары оның ....., ал қырларының ұштары оның ..... деп аталады.

б) Тікбұрышты параллелепипедтің және кубтың ... , .... және .... бар.

г) Тікбұрышты параллелепипедтің бір төбесіндегі қыры оның ..... , ..... және ..... деп аталады.

Мұғалім қызметі: оқушылар жұмыстарын үйлестіреді.

Оқушы қызметі: әр оқушы көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркестерін қойып жазады.

Бағалау: дайын жауаптар бойынша жұпта өзара бағалау

IV. Мақсатты анықтау

Мақсаты: сабақтың мақсатын бірлесіп анықтау.

Сипаттама: Бүгін сабақта нені үйрену керек?

Әдіс: SMART-технологиясы: фигураны жазбасы бойынша ажыратуды, қарапайым геометриялық сызбаларды салуды үйренеді.

Мұғалім қызметі: оқушылардың сабақта мақсатты жұмыстануын ұйымдастыру.

Оқушы қызметі: оқушышылар өз пікірін айтады, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін болжап, тұжырымдайды.

Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.

Қосымша 1.

Сабақтың ортасы

10-20 мин

20-25 мин

25-28 мин

28-33 мин

33-37 мин

V. I практикалық жұмыс

Мақсаты: куб, тік бұрышты параллелепипедтің жазбаларымен танысу; бұл денелердің жазбасын салу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту.

Әдіс: инновациялық оқыту әдісі

Сипаттама: Әр топқа кеңістік денелері: куб, тік бұрышты параллелепипед таратып беріп ,тәжірибе жасату.

Тапсырма 2.

Берілген куб пен тік бұрышты параллелепипедтің бір жағын бояп, сосын жақтарын қайшымен бөліңіз. Жазбасын партаның бетіне қойыңыз. Бастапқы пішін мен пайда болған пішін жайында қорытынды жасаңыз. Жазық фигуралардың қалай пайда болатыны туралы қорытынды жасаңыз.

Бағалау: мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды және дер кезінде кері байланыс береді.

1. Жеке жұмыс:

Тапсырма 3.

Айналадағы қоршаған ортадан шаршыға, кубқа ұқсас заттарды табыңыз, айырмашылықтарын дәлелделдеңіз, салып көрсетіңіз.

2. Жұптық жұмыс: «Топтастыр»

Тапсырма 4.

1-суреттегі жазық фигуралаларды бір бөлек, кеңістік денелерін бір бөлек топтастырыңыз.

Сутет-1.

VІ. II практикалық жұмыс

Мақсаты: куб, тік бұрышты параллелепипедтің жазбаларын тану дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту.

Әдіс: инновациялық оқыту әдісі.

Тапсырма 5.

Берілген 2-суреттердің қайсысында тік бұрышты параллелепипедтің жазбасы көрсетілген. Жауабыңызды түсіндіріңіз.

А

В

Б

С

Сурет-2.

Тапсырма 6.

Берілген 3-суретте тікбұрышты параллелепипедтің алдынан, жанынан және үстінен қарағандағы көрінісі берілген. Параллелепипедке сәйкес келетін жазбаны белгіле.

А

Б

Г

Ә

В

Д

Сурет-3.

Мұғалім қызметі: Сұрақ туындаған жұпқа көмектеседі, қажет жағдайда түзетулер енгізеді, дұрыс шешімге жетелейтін сұрақтар қояды. Соңынан дұрыс жауап парағын таратады.

Оқушы қызметі: берілген тапсырманы жұпта талқылап, түсініп орындау.

Бағалау: тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ауызша марапаттау, ынталандыру.

Қосымша 2.

Смирнова Е.С. Самостоятельные и контрольные работы по математике. 6ласс. – 2-е изд., испр. И доп. – М.:УЦ «Перспектива», 2006 – 184с.

Қосымша 3.

Bilimland.kz

Қосымша 4.

Қосымша 5.

Сабақтың соңы

37-38 мин

38-40 мин

VII. Сабақты қорытындылау

Мақсаты:  оқушылардың материалды меңгеру сапасын бақылау, қажетті білімді анықтау

Әдіс: дамыта оқыту

Сипаттама: Кескіні бойынша кеңістік денесінің жазбасын қалай ажыратуға болады?

Мұғалім қызметі: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, сабақты қорытындылайды.

Оқушы қызметі: берілген сұраққа жауап беру арқылы бүгінгі сабақтан алған білім жетістігін қорытындылайды.

VIIІ. Рефлексия

Мақсаты: өтілген сабақ бойынша кері байланыс алу

Әдіс: "сауалнама"

Сипаттама: оқушыларға сауалнама ұсынылады

1. Сабақта мен ... жұмыс жасадым

2. сабақтағы өз жұмысыма ...

3. сабақ мен үшін ... болды

4. сабақта мен ...

5. менің көңіл-күйім ...

6. сабақтың материалы ...

белсенді / селқос

ризамын / риза емеспін

қысқа / ұзақ

шаршамадым / шаршадым

жақсарды / нашарлады

түсінікті / түсініксіз

пайдалы / пайдасыз

қызықты / қызықсыз

жеңіл / қиын

қызықты / қызықсыз

Мұғалім қызметі: өз жауаптарын түсіндіріп айтуларын сұрау, сабақты қорытындылау.

Оқушы қызметі: өз жұмысына баға береді, жауабын түсіндіріп айтады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

Оқушылардың көңіл-күйлерін «коммуникативтік шабуыл» тәсілі арқылы бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу