Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық

Мектеп: Орал қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кариева Г.Ж., Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.4

координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу.

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табуды үйренеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • нүктелердің координаталарын анықтайды;
  • координаталық жазықтықта берілген нүктелерді координаталары бойынша салады;
  • координаталық жазықтықта берілген нүктелердің координаталын табады;
  • алған білімдерін есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • кординаталық жазықтықта нүктелердің координаталарын анықтап, есеп шығару барысында талқылау жүргізеді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • координаталық жазықтық;
  • координаталар жүйесі;
  • координата осьтері;
  • жазықтықтағы нүктенің координаталары;
  • абсцисса, ордината;
  • координаталық жазықтықтың ширегі;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • нүктенің абсциссасы ... тең;
  • нүктенің ординатасы ... тең;
  • берілген нүктенің координатасы ...;
  • өзара перпендикуляр екі түзулерді салайық;
  • тікбұрышты координаталар жүйесін салайық;
  • нүкте координаталық жүйенің бірінші ширегінде орналасады, себебі оның ...;
  • нүкте абсцисса осінде жатады, егер ...;
  • нүкте ордината осінде жатады, егер ...;

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыста - өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеу, адамгершілік, бағалауда -шыншылдық, жарқындылық.тарихи материалдар беру арқылы –жаһандық азаматтықты дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Координаталар жүйесімен жұмыс жасау дағдылары түрлі функциялардың графиктерін салуда негіз болып табылады, сонымен қатар, олар физикалық және химиялық процесстердің графиктерін салуға қажет.

Бастапқы білім

Координаталық түзуді кескіндей алу және координаталық түзуде нүктелерді белгілей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

2-4 мин

4-9 мин

9-10 мин

  • Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.

  • Ауызша тапсырма.

Мақсаты: пәнаралық байланыс, тақырыпты өмірмен байланыстыру, оқушылардың зейінін аудару, жаңа білімді меңгеруге ынталандыру

Мазмұны:координаталық жазықтықтың өмірде билеттерде орындарды белгілеуде және география пәнінде ендік пен бойлық ұғымын беруде қолданылуын көрсету арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

Мұғалімнің әрекеті: презентацияны пайдаланып, бағыттаушы сұрақтар қою

Оқушының әрекеті: оқушылар сұрақтарға жауап береді, пікір алмасады.

Бағалау: оқушылардың пікірталастағы белсенділігі марапатталады.

  • Р. Декарт жөнінде мәлімет.

Мақсаты: Р. Декарт жөнінде мәліметпен таныстыру, оқушылардың сауатты сұрақ қоя білу дағдысын қалыптастыру, математика пәніне қызығушылығын арттыру, өзге елдің тарихына деген құрмет білдіруге бағыттау;

Мазмұны: оқушылар 2 минутта мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырады, орындарынан тұрып 3 оқушыға өз сұрақтарын қойып,жауаптарын алады

Мұғалімнің әрекеті: Р. Декарт жөнінде мәлімет жазылған мәтін таратады, оқушыларға тапсырманы орындау бойынша нұсқау береді

Оқушының әрекеті: мәліметпен танысу, мәтін бойынша сұрақ қою, жауап алу, бір-бірін бағалау

Бағалау:әр оқушы өздерінің сұрақтарына жауап берген оқушыларды критерий бойынша бағалайды.

Критерий:

-сауатты сұрақ қоя біледі;

-сұрақтарға дұрыс жауап береді.

  • Бүгінгі сабақтың мақсаты мен бағалау критерийімен таныстыру.

Экранда көрсетіледі, талданады.

Қосымша 1.

Сабақтың ортасы

10-15 мин

15-20 мин

20-25 мин

25-35 мин

35-36 мин

  • Жаңа білімді меңгеру
  • «Координаталар жүйесі. Координаталық жазықтық»

Мақсаты: координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу.

Мазмұны: Презентация бойынша бағыттаушы сұрақтар қою арқылы жаңа білімді меңгеру жүзеге асырылады:

  • Суретте координаталық түзулер салынғандығын қалай дәлелдеуге болады?
  • Ол түзулер қалай орналасқан?
  • А(2;3) жазуы нені еске түсіреді? Оның координаталық түзудегі нүктелердің координаттарының жазылуынан қандай айырмашылығы бар?
  • А нүктесінен Ох және Оу координаталық түзулеріне жүргізілген бағыттауыш сызықтар қандай бұрышпен орналасқан?
  • Бағыттауыш сызықтар мен А(2;3) жазуының арасында қандай байланыс бар?

Мұғалімнің әрекеті:. Көмекші сұрақтар қою арқылы тақырыпты терең түсінуге ықпал етеді.

Оқушының әрекеті: Сұрақтарға жауап береді, жаңа білімді игеруге әрекеттенеді, қорытынды жасайды

Бағалау: сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар ауызша мадақталады.

  • «Нүктелердің координаталарын анықтау ережесі»

Мақсаты: Нүктелердің координаталарын анықтау ережесін тұжырымдау, ереже бойынша нүктелердің координаталарын табу

Мазмұны:Оқушылар нүктелердің координаталарын анықтау ережесін суретке қарап тұжырымдайды

Мұғалімнің әрекеті: оқушылардың топта тұжырымды өз беттерімен жасауына ықпалдасады, қажет жағдайда қажетті фразаларды беру арқылы қолдау жасайды, кері байланыс жасайды

Оқушының әрекеті:қажетті фразаларды қолданып, нүктенің координатасын табу ережесін тұжырымдайды, ережені пайдаланып нүктелердің координаталарын табады.

Бағалау:топтық жұмыста топтар өз тұжырымдарын тақтадағы ереже арқылы тексереді, өздерін-өздері бағалайды

  • «Берілген координаталары арқылы нүктені координаталық жазықтықта белгілеу»

Мақсаты: Берілген координаталары арқылы нүктені координаталық жазықтықта анықтау ережесін тұжырымдау, ереже бойынша нүктелердің координаталарын табу

Мазмұны:Оқушылар нүктелердің орнын координаталары бойынша жазықтықта анықтау ережесін көрсетілім арқылы тұжырымдайды және қолданады.

Мұғалімнің әрекеті: оқушылардың топта тұжырымды өз беттерімен жасауына ықпалдасады, қажет жағдайда қажетті фразаларды беру арқылы қолдау жасайды, кері байланыс жасайды

Оқушының әрекеті:қажетті фразаларды қолданып, нүктенің координатасын табу ережесін тұжырымдайды, ережені пайдаланып нүктелердің координаталары бойынша нүктені координаталық жазықтықта белгілейді.

Бағалау:топтық жұмыста топтар өз тұжырымдарын және нүктелердің координаталарын тақтадағы ереже арқылы тексереді, өздерін-өздері бағалайды

Критерий: координаталық жазықтықта берілген нүктелерді координаталары бойынша сала алады

  •  Бекіту тапсырмасы.

Мақсаты: Өзбеттерімен алған білімдерін бекіту, есеп шығаруда қажетті ережелерді орынды қолдана білу дағдыларын қалыптасытыру.

Мазмұны: Оқушыларға жұпта дәптерлеріне координаталық жазықтықты салуды және координаталары көрсетілген нүктелерді салу ұсынылады, соңынан тақтадағы дұрыс жауаппен тексеріледі.Білу және түсіну дағдысына арналған тапсырмалар жұпта, қолдану дағдысына арналған тапсырма жұпта орындалады.

Мұғалімнің әрекеті: нұсқау беру, бақылау, қолдау беру

Оқушының әрекеті: Тапсырманы дәптерлеріне орындау, жұпта, топта бір-бірін критерий бойынша тексеру

Бағалау: жұптық және топтық жұмыс бір-бірін критерий бойынша бағалайды

Қосымша 2.

https://www.you

tube.com/watch

?v=fbJEG_klEvg

Қосымша 3.

Bilimland.kz

Математика -6

Т.А.Алдамұратова,

Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011

Қосымша 4

Сабақтың соңы

36-37 мин

37-40 мин

  • Сабақты қорытындылау
  •  Бүгін қандай жаңа білім игердіңіздер?
  •  Қандай ұғымдармен таныстыңыздар?
  •  Қандай ережелерді қолдандыңыздар?
  • Үй тапсырмасы.

Практикалық жұмыс: Бірлік кесіндісі 1 см етіп координаталар жүйесін салып, координаталарын көрсетпей 10 нүкте салыңыз.

  • Рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі.

Менің сабақтағы жетістігім.....________________Бүгінгі сабақтан өзіңе не ала алдың?____________Бүгінгі сабақта нені істей алмадыңдар? Неге? Болашақта нені ескеру керек?_______10. Мұғалім тарапынан сабақта белсенділігі төмен және тақырыпты жеткілікті меңгермеген оқушыларға білімдеріндегі олқылықтарды түзеу бағытында кері байланыс беріледі.

Қосымша 5.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

– Сұраққа жауап беруде қабілетті оқушылардын жауаптарын негіздеу талап етіледі;

-Қабілетті оқушыларға қолдану деңгейіндегі тапсырмалар дайындалды;

- Топтық жұмыс кезінде ынталандыру, қолдау көрсету

-Ауызша сұрақтар-жауап арқылы бағалау.

- Рефлексия арқылы өзін, сыныптасын бағалау.

Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл-күйін қадағалап отыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу