Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кариева Г.Ж., Каражигитова К.Е. | |||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.1.4 координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу. | |||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: •координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табуды үйренеді. | |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы: •нүктелердің координаталарын анықтайды; •координаталық жазықтықта берілген нүктелерді координаталары бойынша салады; •координаталық жазықтықта берілген нүктелердің координаталын табады; •алған білімдерін есептер шығаруда қолданады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды жұпта орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру; зияткерлік қабілетін нығайту; адамгершілікке бағытталған сапалы білім беру, мақсаттылыққа, жауапкершілікке баулу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Координаталар жүйесімен жұмыс жасау дағдылары түрлі функциялардың графиктерін салуда негіз болып табылады, сонымен қатар, олар физикалық және химиялық процесстердің графиктерін салуға қажет. | |||||
Бастапқы білім | Координаталық түзуді кескіндей алу және координаталық түзуде нүктелерді белгілей алу. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 1-2 мин 2-4 мин 4-6 мин 6-8 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2.Білімді өзектендіру: Сыныппен жұмыс: Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру; Мазмұны: Оқушылардың меңгерген білімдерін саралап, ширату жаттығуын жүргізу үшін «Серпілген сұрақ» әдісі қолданылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы ойларын тұжырымдап, меңгерген білімдерін қорытындылайды. Мұғалімнің әрекеті:. Нұсқау береді, кері байланыс береді. Оқушының әрекеті: Бір-біріне сұрақ қояды. Бағалау: мұғлімнің және оқушының бір-біріне кері байланысы арқылы бағаланады. 3. «Математикалық диктант» Мақсаты: Координаталық жазықтық ұғымын қайталау. Мазмұны: Математикалық диктант 2 нұсқада дәптерлеріне қысқа жауап беру арқылы жүргізіледі. Мұғалімнің әрекеті:. Нұсқау береді, кері байланыс береді. Оқушының әрекеті: Сұрақтарға жауап береді, жауаптар картасы бойынша тексереді, өзін-өзі бағалайды. Бағалау: жауаптар картасы бойынша өзін-өзі бағалайды. Әдісі: ауызша сұрақ жауап; Нәтижені бағалау: ауызша марапаттау; Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады. | Қосымша 1. | ||||
Сабақтың ортасы 8-13 мин 13-18 мин 18-37 мин | 4. Жаңа тақырыпты бекіту: Сыныппен жұмыс. Мақсаты: Берілген координаталары арқылы нүктені координаталық жазықтықта салу дағдысын тексеру Мазмұны: Оқушылар нүктелердің орнын координаталары бойынша жазықтықта анықтау ережесін қолданып тапсырманы орындайды. Мұғалімнің әрекеті: нұсқау береді, кері байланыс жасайды Оқушының әрекеті: тапсырманы орындайды, нәтижесі бойынша өзін-өзі бағалайды Бағалау:дайын жауап бойынша, өздерін-өздері бағалайды №1. Мына нүктелерді координата жазықтығына орналастырыңыз, нәтижесінде координата жүйесін ұсынған француз философы және математигінің атын оқи аласыңдар?А(4; 5), Р(- 6; 1), Е(- 5; 3), Д(1; 5), Р(5; 3), Н(- 4; 5), К(3; 5), Е(- 2; 5), Т(6; 1), Е(2; 5)Бұл кісі кім, ол туралы қандай мағлұмат білесіңдер. Жеке жұмыс. Мақсаты: Тақырып бойынша оқушы білімдерін пысықтау Мазмұны: Оқушылар деңгейін өздері таңдайды, тапсырмаларды орындайды, нәтижесі бойынша өзін-өзі тексереді және бағалайды Мұғалімнің әрекеті: нұсқау береді, кері байланыс жасайды Оқушының әрекеті: тапсырма деңгейін таңдайды, тапсырманы орындайды, нәтижесі бойынша өз-өзін бағалайды Бағалау: критерий бойынша өз-өзін бағалайды 1- ші деңгей тапсырмасы. №2. а) Координаталық жазықтықта А(- 3;- 1), В(2; 4), С(6;- 2) нүктелелерін белгілеу арқылы АВС үшбұрышын салыңыз. ә) Координаталық жазықтықта А(- 2;- 2), В(- 2; 1), С(4; 1), Д(4;-2) нүктелелерін белгілеу арқылы АВСД төртбұрышын салыңыз және осы осы төртбұрыштың периметрін табыңыз.2 - ші деңгей тапсырмасы.№3 есепБерілген А(- 3;- 2), В(- 3; 2), С(1; 2) нүктелелерін координаталық жазықтықта белгілеңіз. а) АВСД квадрат болатындай Д(х; у) нүктесінің координатасын табыңыз. ә) АВСД квадраттың ауданын табыңыз.3 - ші деңгей тапсырмасы.№4 Шегіртке А(1;- 1) солға(батысқа) 3 бірлікке секірді. Әрбір секіргені алдыңғысынан 1бірлік ұзын. Солтүстікке, шығысқа, оңтүстікке осылайша 4 рет секірген соң қандай нүктеде болды? Жұптық жұмыс. «Графикалық диктант» Мақсаты: Нүктелердің орнын координаталары бойынша жазықтықта анықтау және координаталары бойынша нүктені салу дағдысын тексеру. Мазмұны: Бір жұп берілген координаталары арқылы нүктені координаталық жазықтықта салып, оларды қосу арқылы сурет салады, екінші жұп керісінше сурет бойынша нүктелердің координаталарын табады, соңынан жұптар бір-бірін тексереді. Мұғалімнің әрекеті: нұсқау береді, кері байланыс жасайды Оқушының әрекеті: жұпта тапсырманы орындайды, нәтижесі бойынша бір-бірін бағалайды Бағалау: критерий бойынша бір-бірін бағалайды Дескриптор:
№4 Координаталық жазықтықта берілген (5; 0), (-5; 12), (-7, 8), (-9; 3), (-5; -6), (-2; -3), (2; -4), (6; -3), (8; -1), (9, 2), (12, 3), (11, 3), (10; 4), (9; 4), (5; 2), (3; 4), (3; 7,5), (0; 9), (-3; 9,5), (10, 3) нүктелердің координаталарын қолданып суретті модельдеңіз. Бірлік кесінді – 1 торкөз. №5. Координаталық жазықтықта берілген (-8; 7), (-7; 8), (-5;7), (-4; 8), (-2; 9), (0; 9), (2; 8), (5; 6), (9; 4), (10; 3), (8; 3), (6; 2), (6; 0), (5; -3), (4; -5), (2; -7), (0; -8), (0; -11), (-1; -12), (-2; -10), (-3; -9), (-5; -8), (-4; -7), (-3; -5), (-4; -3), (-6; -2), (-8; -3), (-9; -5), (-8; -7), (-6; -8), (-4; -7), (-1; -7), (1; -4), (1; -1), (0; 1), (-1; 2), (-6; 6), (-8; 7) нүктелердің координаталарын қолданып суретті модельдеңіз. Бірлік кесінді – 1 торкөз. №6. Координаталық жазықтықта берілген (4; 9), (5; 8), (5; 7), (3; 3), (2;3), (2;1), (0;-1), (5; 1), (9; 0), (11;-2), (11;-4), (4;-8), (2;-7), (1; -9), (0; -10), (-4;-10), (-4;-8), (-3;-4), (-4;-5), (-5;-5), (-5;-4), (-4;-3), (-8;-4), (-10; -4), (-10;0),(-9;-1), (-7; 2), (-8; 4), (-4; 11), (-2; 11), (0; 9), (1; 5), (-1; 0), (1; 2), (3; 2), (3; 3), (7; 5), (8; 5), (9; 4) нүктелердің координаталарын қолданып суретті модельдеңіз. Бірлік кесінді – 1 торкөз. | Қосымша 2.
tube.com/watch ?v=fbJEG_klEvg Қосымша 3. Bilimland.kz Математика -6 Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 4 | ||||
Сабақтың соңы 37-38 мин 38-40мин |
Координаталық жазықтықта берілген (7; 8), (-8; -7), (-9; -9), (-10; -9), (-9; -8), (-6; -4), (-8; -3), (-8; -1), (-7; 0), (-6; -1), (-6; 4), (-4; 6), (-3; 5), (-3; 4), (-2; 5), (-1; 8), (1; 10), (2; 10), (3; 8), (6; 10), (8; 10), (9; 9), (9; 7), (7; 4), (9; 3), (9; 2), (7; 0), (4; -1), (3; -2), (4; -2), (5;-3), (3; -5), (-2;-5), (-1;-6), (-2;-7), (-4;-7), (-5; -5) нүктелердің координаталарын қолданып суретті модельдеңіз. Бірлік кесінді – 1 торкөз. Емен жапырағы.
Менің сабақтағы жетістігім.....________________Бүгінгі сабақтан өзіңе не ала алдың?____________Бүгінгі сабақта нені істей алмадыңдар? Неге? Болашақта нені ескеру керек?_______ Мұғалім тарапынан сабақта белсенділігі төмен және тақырыпты жеткілікті меңгермеген оқушыларға білімдеріндегі олқылықтарды түзеу бағытында кері байланыс беріледі. | Қосымша 5. | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бағалау критерийлері бойынша бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру