Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3С Координаталық жазықтық

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.1 координаталық жазықтық ұғымын меңгеру;

6.3.1.2 тік бұрышты координаталар жүйесін салу;

6.3.1.3 реттелген сандар жұбы тікбұрышты координаталар жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар жұбының сәйкес болатынын түсіну;

6.3.1.4 координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу;

6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • координаталық жазықтық ұғымын біледі;
  • тік бұрышты координаталар жүйесін салады;
  • координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табады;
  • кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табады.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • координаталық жазықтық ұғымын біледі және түсінеді;
  • тік бұрышты координаталар жүйесін құрады;
  • координаталар осьтері мен басының орналасуын түсінеді, координаталық ширектердің таңбаларын біледі;
  • координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табады;
  • координаталық жазықтықта координаталары бойынша нүктені орналастырады;
  • кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен таба алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • жазықтықта екі түзудің өзара орналасуын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • параллель түзулер;
  • қиылысатын түзулер;
  • перпендикуляр түзулер;
  • координаталық жазықтық;
  • координаталар жүйесі;
  • координата осьтері;
  • жазықтықтағы нүктенің координаталары;
  • абсцисса, ордината;
  • координаталық жазықтықтың ширегі;
  • симметрия;
  • осьтік симметрия, центрлік симметрия;
  • симметрия осі;
  • симметрия центрі;
  • фигура бейнесі;
  • фигураның бастапқы бейнесі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • өзара перпендикуляр екі түзулерді салайық;

 Құндылықтарды

  дарыту

Талапкер және парасатты тұлғаны тәрбиелеу. Оқушылар арасында патриотизмді қалыптастыру, елдің гүлденуі үшін табысқа жетуге ұмтылу.

 Пәнаралық

  байланыстар

Координаталық жазықтық, тікбұрышты координаталар жүйесін физика есептерін шығару барысында, схемалық түрдегі есептерді шешуде қолданады.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушыларды Active Board-тың кең спектрін пайдалануды үйрету, АКТ бойынша дағдыларын дамыту және жетілдіру.

Бастапқы білім

Перпендикуляр түзулер анықтамасы мен белгілеуі, оларды салу әдістері. Координаталық түзу бойында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен кескінделеді. Координаталық түзудегі оң бағытты стрелкамен белгілеу қабылданған. Координаталық түзудің О нүктесінен оң бағытта оң сандар кескінделеді, сол бағытта теріс сандар кескінделеді. Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді. Координаталық жазықтық ұғымы.Тік бұрышты координаталар жүйесін салу. Кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру (бір – біріне жылы лебіздер айту).

Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Үй жұмысын тексеру.

Шығарылмаған есептерді көңіл аудару. Жіберілген қателерді талдау.

Сабақтың ортасы

323 мин

23 29 мин

29 – 30 мин

30 36 мин

36 – 37 мин

Музыка қосып оқушыларды ортаға биге шақырыңыз. Музыканы тоқтатып екеуден бірігіңдер, қайтадан билетіп үшеуден бірігіңдер, қайталап қосып төртеуден бірігіңдер деп, осылайша төрт оқушыдан шағын топтарға біріктіріңіз.

Бүгін «Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі» тақырыбының соңғы сағаты, осы сабақты «Математикалық пойыз» ойыны түрінде жүргізуді ұсынамын.

Аялдамалар: А-Теория; В-Салу; С-Есептеу; D-Тексеру; Е-Ойлану.

Әр топ өзінің көшбасшысын тағайындайды, көшбасшы өзінің реттік номерін алады, сол реттік номерлер бойынша аялдамаларға келіп, тоқтау уақытында үлгеріп берілген тапсырмаларды орындайды. Мұғалім уақытты әр аялдама сайын белгілеп, көрсетіп отырады.

А-Теория

1. Координаталық жазықтық теориялық түсінік беріңіз.

2. Координаталық жазықтықта барлық координаталары тек қана теріс мәнді болатын ширекті үш нүктені мысалмен көрсетіңіз.

3. Координаталық жазықтықта барлық координаталары тек қана оң мәнді болатын ширекті үш нүктені мысалмен көрсетіңіз.

В-Салу

  • (0; 0), (- 1; 1), (- 3; 1), (- 2; 3), (- 3; 3), (- 4; 6), (0; 8), (2; 5), (2; 11), (6; 10), (3; 9), (4; 5), (3; 0), (2; 0),

(1; - 7), (3; - 8), (0; - 8), (0; 0); Көзі: (3; 10).

Берілген нүктелерді координаталық жазықтықта белгілеп, шыққан суретке түсінік беріңіз..

С-Есептеу

1. ABCD тік төртбұрышының А(-2;-2);

B(-2;2); C(4;2) төбелері бойынша D-нің координаталарын анықтаңдар. Берілген тік төртбұрыштың периметрін есептеп табыңдар. Бірлік кесінді 1 см-ге тең.

2. Төбелері А(4;-1), B(-2;0), C(0;-5) нүктелерінде орналасқан үшбұрышты салыңыз.

3. Координаталық жазықтықта MN кесіндісін сызып, оның ординаталар осімен қиылысу нүктесінің координаталарын жазыңдар: M(-2;2); N(1;-4).

D-Тексеру

1. Координаттық жазықтықта P(-5;3), M(6;-4), C(2;3), K(-5;-1) нүктелерін белгілеңіз. ІІІ ширекте орналасқан нүктені көрсетіңіз.

2. Координаталық жазықтықта MN кесіндісін сызып, оның ординаталар осімен қиылысу нүктесінің координаталарын жазыңдар: M(6;-2); N(-3;4).

3. EFMN квадратының Е төбесі координаталар басында жатыр, оның Ғ(0;4); М(4;4) төбелерінің координаталары бойынша N төбесінің координатасын табыңдар. EFMN квадратының ауданын табыңдар. Бірлік кесінді 1 см-ге тең.

Е-Ойлану.

1. Координаталық жазықтықта ABCD квадратының үш төбесінің координаталары А(-3;-2); В(-3;2); С(1;2) бойынша төртінші төбесі D-нің координаталарын тауып, квадрат салыңдар.

2. Координаталық жазықтықта төбелері А(0;-2); В(6;-2); С(6;4) болатын АВС үшбұрышын салып, оның ауданын табыңдар. Бірлік кесінді 1 см-ге тең.

3. Координаталары бойынша нүктенің жазықтықтағы орны қалай анықталады?

Топтар жұмыстарын бітірген соң мұғалімнің қатысуымен топтар арасында өзара бағалау жүргізіледі.

Жұптық жұмыс.

І нұсқа

1. Координаттық жазықтықта M(4;-3), N(3;2), K(-2;2) нүктелерін белгілеңіз. MN және MK сәулереін жүргізіңіз. NMK бұрышын өлшеңіз.

2. Координаттық жазықтықта абсцисса мен ординатасы теріс емес және олардың қосындысы 5-ке тең барлық нүктелерді белгілеңіз. Қандай фигура пайда болады?

ІІ нұсқа

1. Координаттық жазықтықта M(-3;6), N(9;2),

K(-11;-2) нүктелерін белгілеңіз. MN және MK сәулереін жүргізіңіз. NMK бұрышын өлшеңіз.

2. Координаттық жазықтықта абсцисса мен ординатасы оң сан емес және олардың қосындысы – 6-ға тең барлық нүктелерді белгілеңіз. Қандай фигура пайда болады?

Жұптар жұмыстарымен алмасып критерийлер бойынша бағалайды.

Дескриптор: Білім алушы

  • координаталық жазықтықта координаталары бойынша нүктені орналастырады;
  • сәулелерді координаттық жазықтықта салады;
  • пайда болған бұрышты дұрыс өлшейді;
  • координаттық жазықтықта абсцисса мен ординатасы мәндері бойынша барлық нүктелерді белгілейді.
  • пайда болған фигураны дұрыс анықтайды.

Жеке жұмыс.

1. Координаталық жазықтықта белгіленген нүктенің координатасын табыңыз.

a) M(1;2)

b) M(1;3)

c) M(2;1)

2. Жазықтықтағы нүктелердің координаталарын жазыңыз.

3. Координаттық жазықтықта M(6;6), N(-2;2), K(4;1), P(-2;4) нүктелерін белгілеңіз. MN және KP түзулерін жүргізіңіз.

a) MN мен KP түзулерінің

b) MN түзуінің абсцисса осімен

c) KP түзуінің ордината осімен

қиылысу нүктесінің координатасын анықтаңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • координаталық жазықтықта белгіленген нүктенің координатасын табады;
  • Жазықтықтағы нүктелердің координаталарын жазады;
  • координаттық жазықтықта түзулерінің осьтермен қиылысу нүктесінің координатасын табады.

Алдын ала ұсынылған дескриптор арқылы оқушы өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз.

Слайд 4 – 9

Қосымша 1

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6

А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.

Слайд 10

Қосымша 2

Слайд 11

Қосымша 3

Сабақтың соңы

37 – 40 мин

Сабақты қорытындылау.

Осы нүктелерді координаталары бойынша белгіленде жеті әріп шығу қажет. Ол нүктелерді қосқан кезде шоқ жұлдыздар пайда болады.

«1 сурет»

А(6;6), В(-3;5,5), С(-8;5), D(0;7,5), E(3;7), F(-5;7), G(-6;3)

«2 сурет»

A(-15;-7), B(-3;-6), C(5;-10), D(-6;-5,5),

E(-10;-5), F(6;-6), G(-1;-10)

Үй тапсырмасы.

Осы нүктелерді координаталары бойынша белгілеңіз. Ол нүктелерді қосқан кезде сурет пайда болады.

Ай: (-4;4),(-7;2),(-11;3),(-12;5),(-12;7),(-11;9),

(-7;10),(-4;8),(-7;9),(-9;8),(-10;6),(-9;4),(-7;3)

Жұлдыздар: (-2;3),(1;3),(4;3),(7;3),(10;3),(1;6),

(4;6),(7;6),(10;6),(4;9),(7;9),(10;9)

Мұғалім оқушылардан «Рефлексиялық нысанаға» стикер бекітулерін сұрайды.

«Рефлексиялық нысана»

Слайд 12

Қосымша 4

Слайд 13

Слайд 14

Қосымша 5

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып сараланған. Әр жұмыстағы тапсырмалар біртіндеп күрделенеді. Топтық, жұптық жұмыстарда қабілеті жоғары оқушылар көмек қажет ететін оқушыларға көмек ұйымдастырады, мұғалім бақылайды.

Алдын ала дайындалған дескрипторлар бойынша топтық жұмыста өзара, жұптық жұмыста алмасып, жеке жұмыста өзін – өзі бағалауды жүргізу.

Сабақ үрдісінде оқушылардың қозғалысына шектеу жасамау, еркін қимылдауға мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» 🎂 Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу