Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Математика, 6 сынып, презентация.
Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі
Оқу бағдарламасына сілтеме:
6.3.1.1 координаталық жазықтық ұғымын меңгеру;
6.3.1.2 тік бұрышты координаталар жүйесін салу;
6.3.1.3 реттелген сандар жұбы тікбұрышты координаталар
жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің
координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар
жұбының сәйкес болатынын түсіну;
6.3.1.4 координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары
бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің
координаталарын табу;
6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен,
координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын
графиктік тәсілмен табу;
Сабақ мақсаттары:
- координаталық жазықтық ұғымын біледі;
- тік бұрышты координаталар жүйесін салады;
- координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табады;
- кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табады.
«Математикалық пойыз»
А-Теория
1. Координаталық жазықтық теориялық түсінік беріңіз.
2. Координаталық жазықтықта барлық координаталары тек қана теріс мәнді болатын ширекті үш нүктені мысалмен көрсетіңіз.
3. Координаталық жазықтықта барлық координаталары тек қана оң мәнді болатын ширекті үш нүктені мысалмен көрсетіңіз.
В-Салу
1.(0; 0), (- 1; 1), (- 3; 1), (- 2; 3), (- 3; 3), (- 4; 6), (0; 8), (2; 5), (2; 11), (6; 10), (3; 9), (4; 5), (3; 0), (2; 0),
(1; - 7), (3; - 8), (0; - 8), (0; 0); Көзі: (3; 10).
Берілген нүктелерді координаталық жазықтықта белгілеп, шыққан суретке түсінік беріңіз..
С-Есептеу
1. ABCD тік төртбұрышының А(-2;-2);
B(-2;2); C(4;2) төбелері бойынша D-нің координаталарын анықтаңдар. Берілген тік төртбұрыштың периметрін есептеп табыңдар. Бірлік кесінді 1 см-ге тең.
2. Төбелері А(4;-1), B(-2;0), C(0;-5) нүктелерінде орналасқан үшбұрышты салыңыз.
3. Координаталық жазықтықта MN кесіндісін сызып, оның ординаталар осімен қиылысу нүктесінің координаталарын жазыңдар: M(-2;2); N(1;-4).
D-Тексеру
1. Координаттық жазықтықта P(-5;3), M(6;-4), C(2;3), K(-5;-1) нүктелерін белгілеңіз. ІІІ ширекте орналасқан нүктені көрсетіңіз.
2. Координаталық жазықтықта MN кесіндісін сызып, оның ординаталар осімен қиылысу нүктесінің координаталарын жазыңдар: M(6;-2); N(-3;4).
3. EFMN квадратының Е төбесі координаталар басында жатыр, оның Ғ(0;4); М(4;4) төбелерінің координаталары бойынша N төбесінің координатасын табыңдар. EFMN квадратының ауданын табыңдар. Бірлік кесінді 1 см-ге тең.
Е-Ойлану.
1. Координаталық жазықтықта ABCD квадратының үш төбесінің координаталары А(-3;-2); В(-3;2); С(1;2) бойынша төртінші төбесі D-нің координаталарын тауып, квадрат салыңдар.
2. Координаталық жазықтықта төбелері А(0;-2); В(6;-2); С(6;4) болатын АВС үшбұрышын салып, оның ауданын табыңдар. Бірлік кесінді 1 см-ге тең.
3. Координаталары бойынша нүктенің жазықтықтағы орны қалай анықталады?
Топтар жұмыстарын бітірген соң мұғалімнің қатысуымен топтар арасында өзара бағалау жүргізіледі.
Жұптық жұмыс.
І нұсқа
1. Координаттық жазықтықта M(4;-3), N(3;2), K(-2;2) нүктелерін белгілеңіз. MN және MK сәулереін жүргізіңіз. NMK бұрышын өлшеңіз.
2. Координаттық жазықтықта абсцисса мен ординатасы теріс емес және олардың қосындысы 5-ке тең барлық нүктелерді белгілеңіз. Қандай фигура пайда болады?
ІІ нұсқа
1. Координаттық жазықтықта M(-3;6), N(9;2),
K(-11;-2) нүктелерін белгілеңіз. MN және MK сәулереін жүргізіңіз. NMK бұрышын өлшеңіз.
2. Координаттық жазықтықта абсцисса мен ординатасы оң сан емес және олардың қосындысы – 6-ға тең барлық нүктелерді белгілеңіз. Қандай фигура пайда болады?
Жеке жұмыс.
Сабақты қорытындылау.
Осы нүктелерді координаталары бойынша белгіленде жеті әріп шығу қажет. Ол нүктелерді қосқан кезде шоқ жұлдыздар пайда болады.
«1 сурет»
А(6;6), В(-3;5,5), С(-8;5), D(0;7,5), E(3;7), F(-5;7), G(-6;3)
«2 сурет»
A(-15;-7), B(-3;-6), C(5;-10), D(-6;-5,5),
E(-10;-5), F(6;-6), G(-1;-10)
Үй тапсырмасы.
Осы нүктелерді координаталары бойынша белгілеңіз. Ол нүктелерді қосқан кезде сурет пайда болады.
Ай: (-4;4),(-7;2),(-11;3),(-12;5),(-12;7),(-11;9),
(-7;10),(-4;8),(-7;9),(-9;8),(-10;6),(-9;4),(-7;3)
Жұлдыздар: (-2;3),(1;3),(4;3),(7;3),(10;3),(1;6),
(4;6),(7;6),(10;6),(4;9),(7;9),(10;9)
«Рефлексиялық нысана»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру