Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық | Мектеп: Орал қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сисенбаева Ш.Ж.,Каражигитова К.Е. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.1 параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: • «параллель түзулер» ұғымдарын біледі және түсінеді | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Осы сабақта алған білімдері физикалық және химиялық процесстердің графиктерін салу үшін қажет. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Түзу туралы түсінігі бар. Вертикаль және сыбайлас бұрыштардың анықтамаларын біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-2 мин 2-4 мин 4-6 мин 6-7 мин | I.Ұйымдастыру Мақсаты: амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта қолайлы атмосфера үшін психологиялық ахуал тудыру. Сипаттама: амандасу
Мұғалім қызметі: сыныпта қолайлы жұмыс ортасын құруға ықпал етеді. Оқушы қызметі: мұғаліммен, сыныптастарымен амандасу, сабаққа зейін аудару. Бағалау: мұғалімнің ауызша мадақтауы. II. «Жақын арада даму» аймағын анықтау Мақсаты: жаңа тақырыпты игеруге қажетті білімді қайталау Әдіс: «Серпілген сұрақ» әдісі Сипаттама: Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы ойларын тұжырымдап, меңгерген білімдерін еске түсіреді. Мұғалім қызметі: оқушыларды қадағалайды. Оқушы қызметі: әр оқушы сұрақ қояды, қойылған сұраққа жауап береді Бағалау: бағыттайды, қадағалайды. III. Жұптық жұмыс арқылы тақырыптың өзектілігін ашу Мақсаты: өтілетін материалды түсінуге бағытталған продуктивті ойлауды жүзеге асыру Әдіс: инновациялық оқыту Сипаттама: Техникада, тұрмыста ортақ нүктелері болмайтын түзулер де кездеседі. Мұндай түзулерге мысал келтіріңіздер. Бұл түзулер қалай аталады, ойланып көрейік? Мұғалім қызметі: сұрақ қояды, оқушылардың жауаптарын тыңдайды Оқушы қызметі: сұрақтарға жауап береді (еркін жауап) Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі. IV. Мақсатты анықтау Мақсаты: сабақтың мақсатын бірлесіп анықтау. Сипаттама: Бүгін сабақта нені үйрену керек? Мұғалім қызметі: кумулятивтік әңгіме жүргізу арқылы тақырыппен таныстырады Оқушы қызметі: оқушылар өз ойын айтады, пікірімен бөліседі, сабақ мақсатын тұжырымдайды. Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі. | Қосымша 1. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7-11 мин 11-18 мин 18-20 мин 20-22 мин 22-25 мин 25-28 мин 28-30 мин 30-35 мин | V. I практикалық жұмыс Мақсаты: параллель түзулермен танысу; бұл түзулерді торкөзі бар және торкөзі жоқ парақтарда салу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту. Әдіс: инновациялық оқыту әдісі Сипаттама: — Торкөз парақта түзуді қалай салуға болады? Ол үшін бізге не қажет? 1. Жеке жұмыс: сызғыш пен қарындаш көмегімен дәптерде және тақтада салу орындалады. — параллель түзу сызыңыз. Проблема: біз параллель түзу не екенін білмейміз. 2. Сөздікпен жұмыс: «параллелос» — грек тілінен аударғанда «қатар жүруші» деп аударылады. — дәптер бетінде параллель түзуді қалай салуға болады? (дәптердің сызықтарын қолданыңыз) — Неге бұл сызықтар параллель деп аталады? Параллель түзулерді жазу және белгілеумен танысады. Қорытынды: бұл түзулер ешқашан қиылыспайтын болғандықтан параллель деп аталған. «Параллель түзулер» видео-көрсетілімін тамашалау. Видиедан не байқағаныңызды жаз. Өз қорытындыңызды айтыңыз. 3. Топтық жұмыс: екі топта торкөзі жоқ ақ парақта параллель түзулерді салу тәсілін талқылап, қорытындысын флипчартта жазады және тақтада көрсетеді, дескрипторын құрастырады. Қорытынды: топтар жұмыстарын қорғайды. Қорытынды. «Параллель түзулерді салудың екі әдісі» видео-көрсетілімін тамашалау Мұғалім қызметі: «параллель түзулер» ұғымын және оны салу тәсілдерін игеруге жағдай жасайды. Оқушы қызметі: берілген түзуге параллель түзулерді салуы керек және тиісті өлшеулер көмегімен оларды тексеруі керек. Бағалау: сөздікпен және жеке жұмыста өзін – өзі бағалау, топтық жұмыста өзара бағалау Бағалау критерийлері: 1. торкөзді парақта параллель түзулерді дұрыс салады 2. торкөзі жоқ парақта параллель түзулерді бұрыштық сызғыш көмегімен дұрыс салады 3. торкөзі жоқ парақта параллель түзулерді бұрыштық сызғыш және сызғыш көмегімен дұрыс салады VI. II практикалық жұмыс Мақсаты: параллель түзулер туралы білімдерін тереңдету, түзулердің параллельдігіне берілген есептерді шығару; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту. Әдіс: инновациялық оқыту әдісі. Сипаттама: 1.Фронтальді жұмыс: № 1 Сынық сызықтың ұзындығы неше сантиметр?
1-сурет. А.150 см; В. 120 см; D. 140 см; С. 130 см. № 2.
№ 3. a мен b түзулері берілген. Егер a // b болса, b//с бола ма? Жауабын түсіндіріңіздер. № 4.
№ 5.
Мұғалім қызметі: қадағалау, қажет болған жағдайда қолдау көрсету Оқушы қызметі: берілген тапсырмаларды жұпта бірге орындау Бағалау: дайын жауап арқылы бірін-бірі тексеру. VII.Өзіндік жұмыс. Мақсаты: оқушылар білімін өзіндік жұмыс арқылы бекіту Әдіс: дамыта бақылау әдісі Сипаттама: № 1. Сурет-5. а түзуін сызыңыз:
№ 2. «Жұбын табыңыз» (сәйкестікті анықтаңыз).
Мұғалім қызметі: қадағалау, қажет болған жағдайда қолдау көрсету Оқушы қызметі: өзіндік жұмыс орындау Бағалау: дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеру. VIII. Сабақты қорытындылау Мақсаты: оқушылардың материалды меңгеру сапасын бақылау, қажетті білімді анықтау Әдіс: дамыта оқыту Сипаттама: Талқылау: неге параллель түзулер темір жол салушылар мен шаңғышыларда қызығушылық тудырады? Мұғалім қызметі: сұрақтар қояды, оқушылар жауаптарын реттейді. Оқушы қызметі: жауап беру, презентация бойынша ауызша жұмыс. Бағалау: презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзі-өзі тексеру, мұғалімнің ауызша коментарийі | Bilimland.kz Қосымша 2. Қосымша 3. Қосымша 4. Математика -6 Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011 Математика -6 Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 5. http://www.mathematics-repetition.com/6-klass-test/test-6-8-1-parallelyne-pryame.html | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-37 мин 37-40 мин | VIII. Шығармашылық үй тапсырмасы. Мақсаты: оқушылардың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау Әдіс: шығармашылық көзқарас Сипаттама: Бізді қоршаған параллель түзулерге не жатады? Бірнеше мысалдар келтіріңіз. Мысалы, адамның екі қолы параллель. Мұғалім қызметі: қажет болған жағдайда тапсырмаларды түсіндіру Оқушы қызметі: үй тапсырмасын тиянақты орындау X. Рефлексия Мақсаты: өтілген сабақ бойынша кері байланыс алу Әдіс: " баспалдақ " Сипаттама: Өткен тақырып бойынша өзінің қаншалықты меңгергенін «баспалдақ» (саты) арқылы бейнелеп көрсетеді. Мұғалім қызметі: өз жауаптарын түсіндіріп айтуларын сұрау, сабақты қорытындылау. Оқушы қызметі: өз жұмысына баға береді, жауабын түсіндіріп айтады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың көңіл-күйлерін «коммуникативтік шабуыл» тәсілі арқылы бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру