Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сисенбаева Ш.Ж., Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.2 параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату.

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

сызбалар мен қоршаған ортадан параллель және перпендикуляр түзулерді таниды және ажыратады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • торкөзі бар және торкөзі жоқ парақтарда параллель және перпендикуляр түзулерді салады;
  • сызбалар мен қоршаған ортадан параллель және перпендикуляр түзулерді таба алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • параллель және перпендикуляр түзулерді салу алгоритмдерін түсіндіріп айта алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • қиылысатын түзулер;
  • параллель түзулер;
  • перпендикуляр түзулер;
  • перпендикуляр.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • параллель түзулер салу үшін …
  • перпендикуляр түзулер салу үшін …

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Осы сабақта алған білімдері физикалық және химиялық процесстердің графиктерін салу үшін қажет.

Бастапқы білім

Түзу туралы түсінігі бар. Вертикаль және сыбайлас бұрыштардың анықтамаларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

2-4 мин

4-6 мин

6-7 мин

I.Ұйымдастыру

Мақсаты: амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта қолайлы атмосфера үшін психологиялық ахуал тудыру.

Әдіс: тұлғалық-жеке-коммуникативті әдіс, «коммуникативтік шабуыл» тәсілі.

Сипаттама: амандасу

- Қайырлы таң, күн! (барлығы қолдарын көтереді, содан соң түсіреді).

- Қайырлы таң, аспан! (қимыл қайталанады).

- Қайырлы таң, бәрімізге! (барлығы қолдарын екі жағына созады және түсіреді).

Мұғалім қызметі: сыныпта қолайлы жұмыс ортасын құруға ықпал етеді.

Оқушы қызметі: мұғаліммен, сыныптастарымен амандасу, сабаққа зейін аудару.

Бағалау: мұғалімнің ауызша мадақтауы.

II. «Жақын арада даму аймағын анықтау.

Мақсаты: жаңа тақырыпты игеруге қажетті білімді қайталау

Әдіс: «Шабандоз бен ат» интербелсенді оқыту тәсілі

Сипаттама: «Шабандоз бен ат» интербелсенді оқыту тәсілі арқылы оқушылар жұптасады.

Мұғалім қызметі: оқушылар жұмыстануына мүмкіндік туғызады.

Оқушы қызметі: әр оқушы сұрақ пен оның жауабын айту арқылы өз жұбын табады.

Бағалау: оқушылар ауызша марапаттау, ынталандыру

III. Жұптық жұмыс арқылы тақырыптың өзектілігін ашу

Мақсаты: өтілетін материалды түсінуге бағытталған продуктивті ойлауды жүзеге асыру

Әдіс: дамыта оқыту

Сипаттама: № 1

Сурет-1.

- фигуралардың қай қабырғалары бір-біріне параллель?

- фигуралардың қай қабырғалары бір-біріне перпендикуляр?

Мұғалім қызметі: сұрақ қояды, оқушылардың жауаптарын тыңдайды

Оқушы қызметі: суреттерді мұқият қарайды, сұрақтарға жауап береді (еркін жауап)

Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.

IV. Мақсатты анықтау

Мақсаты: сабақтың мақсатын бірлесіп анықтау.

Сипаттама: Бүгін сабақта нені үйрену керек?

Әдіс: SMART-технологиясы: бұл түзулердің түрлерін ажырата білу

Мұғалім қызметі: оқушылардың сабақта мақсатты жұмыстануын ұйымдастыру.

Оқушы қызметі: мұғалімнің басшылығымен жаңа тақырып мазмұнын меңгеруге берілген тапсырмаларды талдайды

Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.

Қосымша 1.

Сабақтың ортасы

7-9 мин

9-13 мин

13-15 мин

15-20 мин

20-25 мин

25-30 мин

30-32 мин

32-35 мин

V. I практикалық жұмыс

Мақсаты: перпендикуляр және параллель түзулерді торкөзі жоқ парақтарда салу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту.

Әдіс: инновациялық оқыту әдісі

Сипаттама:

1.Жеке жұмыс:

Әдіс: дамыта бақылау әдісі

Сипаттама:

№ 2. Берілген сұрақтардың жауабын таңдаңыз.

1.  Қандай түзулер параллель деп аталады?

А) бір жазықтықта қиылыспайтын түзулер

Б) бір жазықтықта қиылысатын түзулер

В) кейде ғана қиылысатын түзулер

2. Қандай түзулер перпендикуляртүзулер деп аталады?

А)  сүйір бұрыш жасап қиылысатын түзулер

Б)  тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер

В)  доғал бұрыш жасап қиылысатын түзулер

3. Грек тілінен аударғанда «параллелос» сөзі қандай мағына береді?

А) «сызық»; Б) «түзу»; В) «қатар жүруші»

4. Түзу сызық дегеніміз не?

А)  түзу ол шексіз сызық

Б)  түзуол кесінді

В)  түзу – ол сызық

5. Грек тілінен аударғанда “перпендикулярис” сөзі қандай мағына береді?

А) перпендикуляр түзулер

Б) перпендикуляр кесінділер

В) перпендикуляр

Мұғалім қызметі: қадағалу, қажет болған жағдайда қолдау көрсету

Оқушы қызметі: өзіндік жұмыс орындау

Бағалау: дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеру.

2.Фронтальді жұмыс:

№ 3.

Сурет-2.

s түзуін сызыңыз:

  • s түзуінде жатпайтын А мен В нүктелерін 4-суреттегідей етіп таңдап алыңыз;
  • А нүктесі арқылы s түзуіне перпендикуляр k түзуін сызыңыз.
  • В нүктесі арқылы s түзуіне перпендикуляр l түзуін сызыңыз.
  • k және l түзулері өзара параллель бола ма?

VI. II практикалық жұмыс

Мақсаты: берілген сызбалардан параллель және перпендикуляр түзулерді табу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту.

Әдіс: инновациялық оқыту әдісі.

Сипаттама: Топтық жұмыс.

№ 4. Сурет-3.

Берілген суреттегі параллель және перпендикуляр түзулерді жазыңыз.

№ 5.

Сурет-4.

n түзуіне жатпайтын А және В нүктелері арқылы n түзуіне параллель түзулер жүргізілген. Төмендегі түзулердің, кесінділердің өзара орналасуын анықтаңыз. Жауаптарыңызды түсіндіріңіз.

А) AC және BD;

B) AB және BM;

C) CD және AB;

D) AC және MK;

E) AK және BM.

№ 6.

Сурет-5.

m түзуінде жатпайтын А және В нүктелерінен m түзуіне перпендикуляр және перпендикуляр емес үш түзу жүргізілген. Төмендегі түзулердің, кесінділердің өзара орналасуын анықтаңыз. Жауаптарыңызды түсіндіріңіз.

а) AС және АO түзулерінің өзара орналасуын анықтаңыз;

ә) AC және BD кесінділерінің өзара орналасуын анықтаңыз;

б) AK және BN түзулерінің өзара орналасуын анықтаңыз;

в) OK және ON түзулерінің өзара орналасуын анықтаңыз;

г) CK және DN кесінділерінің өзара орналасуын анықтаңыз;

д) AO және BO түзулерінің өзара орналасуын анықтаңыз;

3. Жеке жұмыс:

№ 7.

Bilimland.kz сайтындағы қорытынды жұмыс парағын орындау.

Оқушы қызметі: берілген барлық тапсырмаларды түсініп орындау.

Бағалау: фронтальді жұмыста мұғалімнің ауызша бағалауы; жеке жұмыста өзін – өзі бағалау; топтық жұмыста өзара бағалау.

6 - 7 дұрыс жауап - "Жарайсың! Сен тақырыпты жақсы меңгердің!";

3 - 5 дұрыс жауап - "Саған тақырыпты қайталау керек!"

VIII. Сабақты қорытындылау

Мақсаты:  оқушылардың материалды меңгеру сапасын бақылау, қажетті білімді анықтау

Әдіс: дамыта оқыту

Сипаттама:

1.Фронтальді жұмыс

- Өзара қиылысатын түзулердің өзара қиылыспайтын түзулерден айырмашылығы неде?

- Өмірде параллель және перпендикуляр түзулер туралы білім қай жерде қажет болады?

2. Презентация бойынша ауызша жұмыс

  • Жетіспейтін сөздерді қойыңыз: (6-7 слайдтар):

а) егер екі түзу тік бұрыш жасап қиылысса, олар ... түзулер деп аталады.

б) егер екі түзу қиылыспаса, олар ... түзулер деп аталады.

в) … ║ деп аталады, егер олар қиылыспаса.

г) … ┴ деп аталады, егер олар бұрышпен қиылысса.

  • Суреттен қандай түзулер көруге болады?(8 слайд)
  • Параллель және перпендикуляр түзулерді табыңыз, оларды атаңыз және символ арқылы жазыңыз.

Мұғалім қызметі: сұрақтар қояды, оқушылар жауаптарын реттейді. Оқушы қызметі: жауап беру, презентация бойынша ауызша жұмыс.

Бағалау: презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзі-өзі тексеру, мұғалімнің ауызша коментарийі

Қосымша 2.

Bilimland.kz

Қосымша 3.

Математика -6

Т.А.Алдамұратова,

Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011

Қосымша 4.

http://www.mathematics-repetition.com/6-klass-test/test-6-8-1-parallelyne-pryame.html

Қосымша 5.

Bilimland.kz

Қосымша 6.

Сабақтың соңы

35-37 мин

37-40 мин

VIII. Шығармашылық үй тапсырмасы.

Мақсаты: оқушылардың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау

Әдіс: шығармашылық көзқарас

Сипаттама: таңдау бойынша

1— "Айналамыздағы параллель және перпендикуляр түзулер" тақырыбында әңгіме құрастыру;

2 — алфавиттен параллель және перпендикуляр түзулері бар әріптерді тауып, соларды қатыстырып сөздер құрастыру;

3 — параллель және перпендикуляр түзулері бар қала суретін салу.

Мұғалім қызметі: қажет болған жағдайда тапсырмаларды түсіндіру

Оқушы қызметі: үй тапсырмасын тиянақты орындау

X. Рефлексия

Мақсаты: өтілген сабақ бойынша кері байланыс алу

Әдіс: "сауалнама"

Сипаттама: оқушыларға сауалнама ұсынылады

1. Сабақта мен ... жұмыс жасадым

2. сабақтағы өз жұмысыма ...

3. сабақ мен үшін ... болды

4. сабақта мен ...

5. менің көңіл-күйім ...

6. сабақтың материалы ...

7. үй тапсырмасы мен үшін ...

белсенді / селқос

ризамын / риза емеспін

қысқа / ұзақ

шаршамадым / шаршадым

жақсарды / нашарлады

түсінікті / түсініксіз

пайдалы / пайдасыз

қызықты / қызықсыз

жеңіл / қиын

қызықты / қызықсыз

Мұғалім қызметі: өз жауаптарын түсіндірп айтуларын сұрау, сабақты қорытындылау.

Оқушы қызметі: өз жұмысына баға береді, жауабын түсіндіріп айтады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

Оқушылардың көңіл-күйлерін «коммуникативтік шабуыл» тәсілі арқылы бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу