Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.1 параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу; | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларда өзіне және басқаларға құрметпен қарауды, ынтымақтастықты жұптық және жеке жұмыстар арқылы дарыту. Әлемдік проблемаларды ескере отырып, жаһандық азаматтық сезімін дамыту | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бұл сабақта жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтарда графиктік тәсілдермен жұмыстарды орындауға қажетті түсініктер қарастырылады. | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Active Board тақтамен жұмыс істеу арқылы сабақты белсендендіру. | |||||||||||||
Бастапқы білім | Вертикаль және сыбайлас бұрыштардың анықтамаларын білу; координаталық түзуді кескіндей алу және координаталық түзуде нүктелерді белгілей алу. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 0 – 4 мин | Ұйымдастыру кезеңі Бірлескен оқу ортасын құру. Ой қозғау сұрақтары:
(әр түрлі жауап болуы мүмкін)
(сынық сызық, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған ...)
(сынық сызық, тұйықталған, тұйықталмаған ...)
(Қағаздағы қарындаштың тұрақты қозғалысы арқылы алынған геометриялық фигура, т.с.с.) | Қосымша 1 Слайд 4 | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 4 – 14 мин 14 - 20 мин 20 - 29 мин 29 – 30 мин 30 – 36 мин 36 – 38 мин | Жаңа сабақты ашу Проблемалық жағдай арқылы сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау. Мына түзулер қалай орналасқан? Жаңа сабақ бойынша не білуіміз керек, сабақ мақсаты қандай толық түсінік беру. Енді осы түзулердің орналасуына жеке тоқталайық. Түсіндірме практикалық жұмыс №1. О нүктесі а және b түзулерінің ортақ нүктесі, ондай түзулерді қиылысушы түзулер деп атайды. а және b қиылысушы түзулер, О қиылысу нүктесі. Анықтама: Қиылысатын екі түзудің ортақ бір ғана нүктесі болады. Жазықтықтағы екі түзудің қиылысуынан төбелері ортақ төрт бұрыш пайда болады. Олар ; ; ; . Бір бұрыштың қабырғаларының әрқайсысы екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болатын екі бұрыш вертикаль бұрыштар деп аталады. және , және вертикаль бұрыштар. Анықтама: Вертикаль бұрыштар өзара тең болады. = , = . Түсіндірме практикалық жұмыс №2. Өзара тік бұрыш жасайтын екі түзу салып, әріптермен белгілеңіздер. AB және CD түзулері перпендикуляр түзулер, жазылуы ( латын сөзі perpendicularis – қазақша тік бағыт). Анықтама: Бір – бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзуді перпендикуляр түзулер деп атайды. Перпендикуляр түзулер бойында жатқан кесінділер де өзара перпендикуляр. Үшбұрышты сызғышты немесе транспортирді пайдаланып перпендикуляр түзулерді жүргізуді үйрету. 1. Берілген нүктеден түзуге бір ғана перпендикуляр түзу жүргізуге болады. 2. Берілген нүктеден түзуге дейінгі қашықтық сол нүктеден түзуге жүргізілген перпендикулярдың ұзындығына тең.
Ғ – перпендикулярдың табаны. Жалпы сыныппен практикалық жұмыс №3. 1) А нүктесінен ҒЕ түзуіне перпендикуляр жүргізіңіз; 2) А нүктесінен ҒЕ түзуіне дейінгі қашықтықты табыңыз; 3) В нүктесі қалай аталады? 4) , , EDC бұрышының, ADE бұрышының градустық өлшемін табыңыз. Сынып болып есептің шығарылу жолын талдап, түсінік береді. Жұптық жұмыс Негізгі деңгей тапсырмасы: №1. Суреттегі s, p, k және l түзулерінің қайсысы өзара перпендикуляр екенін көрсетіңіз. EFMN тік төртбұрышының қабырғаларын перпендикуляр кесінділер түрінде жазыңыз. Дамытушылық деңгей тапсырмасы: №2. 1) АВС тік бұрышына ВD сәулесі жүргізілген. ВD сәулесі АВС тік бұрышын екі бұрышқа бөледі. Оның біреуінің градустық өлшемі екіншісінің градустық өлшемінің - іне тең. Бұрыштардың әрқайсйсйнйң шамасын табыңыз, есепті теңдеу құру арқылы шығарыңыз. Жауабы: 400; 500. 2) АВ түзуіне Е нүктесінде ОЕ перпендикуляры түсірілген. , . АОС бұрышының, ВОD бұрышының градустық өлшемдерін табыңыз. Жауабы: 400; 300. №3. KL түзуіне перпендикуляр NP түзуі жүргізілген. , АОК бұрышының градустық өлшемінің AON бұрышының градустық өлшеміне қатынасы 2:3 қатынасындай. DOP бұрышының, LOB бұрышының градустық өлшемдерін табыңыз. Жауабы: 180; 360. Дескриптор: Білім алушы:
Дайын жауап арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі. Жеке жұмыс №1. 1) Суреттегі перпендикуляр түзулерді жазыңыз; 2) болса, COF және FOB бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңыз. Жауабы: 400; 500. №2. АОВ тік бұрышын сызыңдар. Оның қабырғаларына төбесінен бастап бірдей 2 см кесінділер өлшеп салыңдар да, оның ұштары арқылы осы тік бұрыштың ішінен оның қабырғаларының әрқайсысына перпендикуляр жүргізіңіз. Қандай фигура пайда болды? Пайда болған фигураның периметрін, ауданын табыңыз. Жауабы: квадрат, 4 см2, 8 см. Дескриптор: Білім алушы:
Тақтада ұсынылған дескриптор арқылы өзін – өзі бағалайды. | Қосымша 2 Слайд 5 - 7 Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 : Қосымша 2 Слайд 8 Слайд 9 Қосымша 3 А.П.Ершова, В.В.ГолобородькоМатематика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г. Слайд 10 Қосымша 4 | ||||||||||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Сабақты қорытындылау:
Рефлексия Мен бүгінгі сабақта не білдім:
Үйге тапсырма № Тең бүйірлі үшбұрыш сызыңдар. Оның төбесінен табанына перпендикуляр тұрғызыңдар. Перпендикулярдың ұзындығын бүйір қабырғасының ұзындығымен салыстырыңыз. | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Слайд 11 Қосымша 5 | ||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||||||||||
Сабақ үрдісінде ұсынылған практикалық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс тапсырмалары деңгейлеп күрделенген. Тапсырмаларды алу барысында оқушылар қабілеті ескерілді. | Жұптық жұмыста бірін-бірі өзара бағалайды, ал жеке жұмыста өзін өзі бағалау жүргізіледі. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру. | Оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болуды ұйымдастыру. | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру