Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу»

Сабақтың мақсаты:

6.2.2.14

бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің анықтамасын біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешудің алгоритмін біледі;
  • Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін таба алады;
  • Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндей біледі;
  • Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін таба алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.

Психологиялық ахуал

Керемет Тамаша

Орташа

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

«Миға шабуыл» өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары:

C-1: Бір айнымалысы бар теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтамыз?

С-2: Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?

С-3: Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешу алгоритмі қалай?

С-4: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз не?

С-5: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімдерін қалай табуға болады?

Сыныпты топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Топқа арналған ереже:

  • белсенді болу;
  • шыдамдылық таныту;
  • достық қарым-қатынаста болу;
  • бір-бірінің ойын сыйлау;
  • басқа адамды тыңдай білу;
  • барлығын бірге жасау;
  • ынтымақтастықта жұмыс жасау.

«Ыстық орындық» әдісі

Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Жақсы жауап берген оқушыларды әр түрлі смайликтермен немесе ауызша мадақтау.

Оқу мақсатын меңгеру мақсатында оқушыларға топта орындауға тапсырмалар беру.

Топтық жұмыс

1; 3 топ

№1. Теңсіздіктерді шешіңдер:

а) х<5; б) 1 - 3x 0; в) 5 (у - 1,2) - 4,6 > 3y + 1.

№2. а-ның қандай мәнінде бөлшегі бөлшегінен кіші болады?

№3. Қос теңсіздікті шешіңдер: -1

№4. Теңсіздіктің бүтін шешімін табыңдар:

2; 4 топ

№1. Теңсіздіктерді шешіңдер:

а); б) 2 - 7x > 0; в) 6 (у - 1,5) - 3,4 > 4y - 2,4.

№2. в-ның қандай мәнінде бөлшегі бөлшегінен үлкен болады?

№3. Қос теңсіздікті шешіңдер: -3.

№4. Теңсіздіктің бүтін шешімін табыңдар:

нұсқа

тапсырма

1

2

1

А)(-∞;30)

Б)

В) (5,8;

А) ;)

Б)(-

В) (5;

2

[-1;1)

(1;7]

3

(1,5;

(2;5]

4

2;3;4.

2;3;4;5;6.

Тапсырмалары бірдей топтар бірін-бірі дайын жауап арқылы тексеріп бағалайды.

Топтық жұмыс болғаннан соң оқушылармен сергіту сәтін жүргізу.

Сергіту сәті

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушылармен оқу мақсатын меңгеруін тексеру мақсатында әр топқа жеке жұмыстар жүргізу.

Өз беттік жұмыс

№1 №2 №3 №4

Жауаптары:

№1. ;); №2. ;); №3. ; ; №4. (-9; -2).

4 топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі, дұрыстығын әр топ «Карусель» әдісімен тексереді.

Жеке жұмыс аяқталғаннан соң, топта отырған әр оқушы өз жұмыстары бойынша жалпы қорытынды жасайды

Содан соң үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма: Оқулық бойынша №1057 есеп.

Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.

Рефлексия:

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу