Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Токсанова Айнагуль Жумабековна

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану

Сабақ түрі

жаңа сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.22

құрамында рационал сандары бар санды өрнектердің мәндерін табу;

Сабақ мақсаттары

Сабақтың соңында оқушылар:

- құрамында рационал сандары бар санды өрнектердегі амалдар тәртібін анықтай алады;

- рационал сандарға амалдар қолданудың қасиеттерін қолдана алады;

- құрамында рационал сандары бар санды өрнектердің мәндерін таба алады.

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

 

құрамында рационал сандары бар санды өрнектердің мәндерін табады

құрамында рационал сандары бар санды өрнектердегі амалдар тәртібін анықтайды

рационал сандарға амалдар қолданудың қасиеттерін қолданады

құрамында рационал сандары бар санды өрнектердің мәндерін табады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • – рационал сандарға амалдар қолдануды түсіндіреді және тұжырымдайды;
  • – қандай жағдайда рационал сандарға амалдар қолданудың қандай қасиеттің пайдаланғаны тиімді болатынын түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

қосу, азайту, көбейту, бөлу, қосудың (көбейтудің) ауыстырымдылық қасиеті, қосудың (көбейтудің) терімділік қасиеті, қосудың көбейтуге қатысты үлестірімділік қасиеті.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • берілген санды өрнектің мәнін табу үшін, ... керек;
  • қосудың көбейтуге қатысты үлестірімділік қасиетін қолданғанда, … нәтижені аламыз;

Құндылықтарды дарыту

  • оқу икемділігі, жағдайға талдау жүргізе білу, жаңа жағдайға бейімделу, топта жұмыс жасай білу, өз ісінің сапасына жауапкершілікпен қарау;
  • жақындардың проблемаларын көре және түсіне білу, өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, сынға түсіністікпен қарау, топта жұмыс жасай білу;
  • пікірлер түрлілігіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Берілген бөлімдегі материал оқушылардың лездік есептеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, бұл оқушылардың басқа пәндердегі сәттілігіне жетелейді.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадағы презентация мен learningapps.com сайтының ресурстарын қолдану

Бастапқы білім

Жай және ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгеңдеу)

  • Сыныптың дайындығына байланысты сабақты басталуының 2 түрі ұсынылады. Олардың мақсаты: оқушыларға сабақтан сабаққа тез ауысуға және жаңа ақпаратты қабылдауға көмектесу. Сонымен қатар техникалық жабдықтаудың деңгейіне қарай бұл тапсырманы бүкіл сыныппен инетрбелсенді тақтада немесе ноутбуктерде жеке (жұптарда) орындауға болады.
  • Стартер (базалық деңгей)

Тапсырма: есептер мен жоғарыдағы сандарды сәйкестендіріңіз.

  • Стартер (негізгі деңгей)

  • Тапсырма: дұрыс жауапты таңдаңыз. (жалғыз немесе достармен бірге ойнауға болады)
  • Ойын ретінде ұсынылатын әрекеттер 6-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып таңдалды..

Тапсырманың мақсаты: оқылған материалды бекіту; келесі құндылықтарды дарыту: оқу икемділігі, жағдайға талдау жүргізе білу, өз жұмысының сапасына жауапкершілікпен қарау, жақындардың проблемаларын көре және түсіне білу, өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, сынға түсіністікпен қарау, жұпта жұмыс жасай білу

Осы уақытта мұғалім бақылау жүргізу барысында қалыптастырушы бағалаудың «Оқушыларға жеке кеңес беру» техникасын қолданады: оқушылардың түсіну деңгейін тексеру мақсатында оқушылармен жеке сұхбаттасу жүргізеді. Дәл осылайша әрбір оқушыға бұл іс-әрекет бойынша кері байланыс беріледі.

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтау, бағалау критерийлерін тұжырымдауына талпындыру, сабақ барысын талқылау.

ноутбуктер немесе интербелсенді тақта

https://learningapps.org/2084904

https://learningapps.org/1393256

Презентация

Сабақтың ортасы

2 минут

5 минут

1 минут

6 минут

10 минут

4 минут

Рефлексия

Сабақ барысында кестені толтырыңыз:

Оқушының аты-жөні:

Білемін

Түсінемін

Орындай аламын

Орындаймын

1

2

3

4

1

2

3

4

1

2

3

4

1

2

3

4

Сұрақтарға жауап бергенде, егер бұл тұжырым орындалса – «+», егер орындалмаса – «–» белгілеңіз.

  • Мен оң және теріс сандарды қосуды ...
  • Мен оң және теріс сандарды азайтуды ...
  • Мен рационал сандарды көбейту мен бөлуді ...
  • Мен рационал сандарға амалдар қолданудың қасиеттерін ... немесе мен аталмыш қасиеттерді есептеулердің ықшамдауына ...
  • SOS – маған көмек қажет.

Мысалы,

  • Мен оң және теріс сандарды қосуды Білемін. (Білемін деген 1-бағанындағы «+»-ті қою керек)
  • Мен оң және теріс сандарды қосуды Түсінемін. (Түсінемін деген 1-бағанындағы «+»-ті қою керек)
  • Мен оң және теріс сандарды қосуды Орындай алмаймын. (Орындай аламын деген 1-бағанындағы «–»-ті қою керек) және т.с.с.

Сабақ басталуының нәтижелері бойынша оқушылар топтарға біріктіріледі, бұл сыныптағы оқушылар санына байланысты болады. мысалы, егер сыныпта 12 оқушы болса, онда оларды төрт оқушыдан үш деңгейі әр түрлі топтарға біріктіру ұсынылады. (Егер сыныптағы оқушылар саны жазылған көрсеткіштерден артық болса, онда әрбір топты тағы да екі топқа бөлуге болады.)

Топ №1 – ең жоғары нәтижелер алған оқушылар, топ №2 – орташа нәтижелер алғандар, топ №3 – төмендеу нәтижелер алғандар).

Тапсырманың мақсаты келесі құндылықтарды дарыту: өмір бойы білім алу, жағдайға талдау жүргізе білу, жаңа жағдайға бейімделу, топта жұмыс жасай білу, өз ісінің сапасына жауапкершілікпен қарау, сынға түсіністікпен қарау.

Бағалау оқушылармен бірге құрастырылған критерийлер бойынша жүргізіледі. Міндетті критерийлердің ішінде материалдың айқындылық пен қолжетімділігі және әрбір топ мүшесінің өз үлесін қосқаны болу керек.

Алдын ала даярлық тапсырма (топтық жұмыс)

№1. Амалдарды орындаңыз:

Жауаптары:

№2. Амалдарды орындаңыз:

Жауаптары:

№3. Бос орындарды толтырыңыз:

Әрбір қасиет қалай аталады?

Мұғалім оқушылардың оқу процесін қолдау мақсатында «Температураны өлшеу» техникасын қолданады: оқушылардың іс-әрекеті тоқталады және «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қойылады. Осы сұраққа жауап беру арқылы оқушылар өздерінің тапсырманы қаншалықты түсінгені және орындау барысы туралы ақпаратты береді.

Топтық жұмыс нәтижелерін көрсету (мұғалімнің қалауынша)

Тапсырманың мақсаты келесі құндылықтарды дарыту: топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, өзара құрметтеу, бір-біріне көмек көрсету. Жаңа сабақты меңгеруге ынталандырады.

Тақырыпты меңгеру үшін есептер шығару (жеке жұмыс):

(Оқушылардың деңгейлері өз бетінше немесе мұғалімнің нұсқаулығымен немесе бір топта жұмыс істеген сыныптастардың нұсқаулығымен анықталады.)

Базалық деңгей

Өрнектің мәнін табыңыз:

Қосымша тапсырма:

теңсіздігін қанағаттандыратын барлық бүтін сандардың көбейтіндісін табыңыз.

Негізгі деңгей

Өрнектің мәнін табыңыз:

Қосымша тапсырма:

Координаталық түзуіндегі АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз, егер А мен В нүктелерінің координаталары келесі өрнектерге тең болса:

Жауаптары:

Базалық деңгей

Қосымша тапсырма: 0.

Негізгі деңгей

Қосымша тапсырма:

Бағалау критерийлері:

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

құрамында рационал сандары бар санды өрнектердің мәндерін табады

құрамында рационал сандары бар санды өрнектердегі амалдар тәртібін анықтайды

рационал сандарға амалдар қолданудың қасиеттерін қолданады

құрамында рационал сандары бар санды өрнектердің мәндерін табады

Тапсырманы орындап болған соң оқушылар өз деңгейлері бойынша топтарға біріктіріледі. Олар өз шешімдерімен бөліседі және өзара бағалауды «Екі жұлдық, бір тілек» техникасы бойынша жүргізеді: басқа оқушының жұмысы бойынша екі сәтті және бір жақсартуды талап ететін жақтарын айтады.

Презентация

Қосымша 1_Рефлексия

Қосымша_2_Топтық жұмыс

Выговская В.В Поурочные разработки по математике: 6 класс. – М.: ВАКО, 2011. – 544 с. – (В помощь учителю).

Қосымша_3_Дидактикалық материал

Смирнова Е.С. Самостоятельные и контрольные работы по математике. 6класс. – 2-е изд. испр. и доп. – М.: УЦ «Перспектива», 2006 – 184 с.

Ершова А.П., Голобородько В.В. Самостоятельные и контрольные работы по математике для 6 класса. – 5-е изд., испр. – М.: Илекса, - 2010 – 192 с.

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасын беру

5 минут

Мұғалім сабақты қорытындылайды, әрбір оқушының жұмысы бойынша кері байланысты береді. Сонымен қатар, топтарға да сабақта жүргізілген жұмысқа рефлексия жасауды ұсынылады.

Үй тапсырмасы:

Өрнектің мәнін тиімді тәсілмен тауып, жауабын жазыңыз:

https://learningapps.org/2021960

Мұғалім үй тапсырмасымен сілтемені оқушылардың электрондықадрестеріне жібереді

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтың басында оқушылардың алдын ала білім деңгейлерін анықтау арқылы оқушыларды топтарға біріктіру.

Жеке кеңес беру арқылы оқушылардың жақын даму аймағы анықталады.

Топтық жұмыста жаңа материалды оқу барысында деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Әрбір оқушыға қолжетімді тапсырмалар ұсыну арқылы оларға қолдау жасау.

Проблемалық жағдай туғызу.

Тапсырмаларды орындау көлемі бойынша саралауды жүргізу.

Топтық жұмыс барысында қалыптастырушы бағалау оқушылардың өзара бағалауы және мұғалімнің бақылауы мен комментарийлері арқылы іске асады.

Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу