Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: Исабекова Н.А, Ескендирова Т.Н. | |||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.20 шексіз/шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табу; | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларды шексіз периодты ондық бөлшектің периодын анықтауға үйрету. Оқушыларда периодты табуда қырағылықтарын дамыту. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы: - шексіз периодты ондық бөлшектің периодын анықтайды; - шексіз периодты ондық бөлшекте жазуды дұрыс орындайды; - өз шешімін негіздейді. | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушы:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
3,1(4) санын «үш бүтін оннан бір периодта төрт» деп оқимыз. | |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтарды дамыту оқушылардың практикалық іс-әрекеттері арқұылы және тақырыптың мазмұны арқылы жүзеге асады. Бірлестік, өзара құрмет, толеранттық. | |||||||||||||||||
Бастапқы білім | «Жай бөлшек», «бүтін сан», «рационал сан» ұғымдарын білу; рационал сандарын қосу және азайту амалдарын орындай алу, шексіз ондық бөлшек ұғымы. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Оқушыларды сабақтың мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру. | Презентация Слайд 1-4 | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 15 мин 15 мин |
(сабақтың бұл кезеңінің мақсаты: - өтілетін тақырып бойынша білімдерін жүйелеу; - логикалық ойлауды дамыту; - математикалық тілдерін дамыту бойынша жұмысты жалғастыру; - оқушыларда өздігінен ойлау қабілеттерін және пәнді оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру). Тапсырма 1. Ондық бөлшек түріне келтіру. Қорытынды (оқушылар өздігінен орындайды): Жай бөлшекті ондық бөлшекке келтіру үшін оның алымын бөліміне бағандап бөлу керек. Тапсырма 2. Жай бөлшек түріне келтіру. Қорытынды (оқушылар өздігінен орындайды): Үтірден кейін нақты цифрлар саны бар ондық бөлшек шектеулі ондық бөлшек деп аталады.
(Сабақтың мақсатындағы дағдыларды дамыту арқылы және білімдерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер) Тапсырма. 7,00000 санын 22 – ге «бағандап» бөліңіз. Бөліндіде алынған нәтиженің қандай ерекшелігі бар? Оқушының жауабы: 18 саны қайталанады. (мұғалім тақтада тапсырманы орындайды) Мұғалім анықтама ұсынады: Үтірден кейін қайталанатын цифрлар тобын период деп атайды. ал ондық бөлшектің өзін – шексіз периодты ондық бөлшек. Кез келген рационал санды шектеулі ондық бөлшек немесе шексіз периодты ондық бөлшек түрінде жазуға болады. Кез келген шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшек түріне келтіруге болады. Яғни, кез келген шексіз периодты ондық бөлшек рационал сан болады. Бірнеше бөлшек қарастырайық: Тапсырма: Бөлшекті шексіз периодты ондық бөлшек түріне келтіріңіз және оның периодын көрсетіңіз: Кері байланыс:
Периодты ондық бөлшектің түрлері: Периодты ондық бөлшек:
Анықтама Егер период үтірден кейін бірден басталса, онда бөлшек таза периодты бөлшек деп аталады. Мысалы: Анықтама Егер үтір мен бірінші периодтың арасында бір немесе бірнеше қайталанбайтын цифрлар болса, онда бөлшек аралас периодты бөлшек деп аталады. Мысалы: ;
3.Практика (материалды бекіту) Іс-әрекет барысында ақпаратты сұрыптау және талдау, зерттеу, практикалық жұмыс, проблемалық ситуацияларды шешу, есептерді шығару кезінде теориялық материалдарды қолдану арқылы оқушылардың білімдері мен дағдылары дамып, шыңдалады. Тапсырма. Жай бөлшектерді шексіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету және олардың периодын анықтау (Әр түрлі деңгейлі 12 тапсырма беріледі, әр оқушы жақын даму аймағы арқылы тапсырмаларға таңдау жасайды): Тапсырма А: Тапсырма В: Тапсырма С: Өзін-өзі тексеру үшін жауаптар:
Бағалау Бағалау
| Презентация Слайд 5 - 6 Презентация Слайд 7 Слайд 8
Слайд 9 Слайд №10 | ||||||||||||||||
Үйге тапсырма 2 мин |
Байшоланов Т.С. Математика 6 сынып
| Слайд 11 | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | Слайд 12 | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру