Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері»

Сабақтың мақсаты:

6.1.2.17

рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

-Таңбалары әр түрлі рационал сандарды көбейтуге есептер шығара алады;

-рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік, үлестірімділік қасиеттерін біледі;

- қасиеттерін қолдана отырып, есептер шығара алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасады. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы біледі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

Үй тапсырмасын тексеру, есепті талдау.

Оқушылар өз жауаптарын негіздейді, түсіндіреді. Оқушылар көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолданып, есептерді қалай шығарғандарын түсіндіреді.

Өткен сабақтың мақсатын меңгеру үшін тест тапсырмасы беріледі, жауаптарын қатар отырған екі оқушы бірін-бірі тексереді..

Сабақты бекіту.

Тест тапсырмаларын беру.

1 нұсқа

№1

Есептеңдер

А

В

С

А деңгей

-2·1

2

-2

1

А деңгей

-0,7·4=

-2,8

2,8

28

А деңгей

-·(-25)

-10

5

10

В деңгей

-25·+5

-15

15

-20

С деңгей

-0,5·3·(-10)

1,5

15

5

2 нұсқа

№2

Есептеңдер

А

В

С

А деңгей

-3·(-2)=

6

-6

5

А деңгей

0,2·(-6)=

12

1,2

-1,2

А деңгей

-3·(-)=

-4

4

12

В деңгей

-·(-)·5+5

-5

10

5

С деңгей

-0,25·2·(-10)

-10

-5

5

Жұпқа бөлу тақырыпқа байланысты сөздердің ағылшынша жұбын табу арқылы жүзеге асады. Жұпта отырған оқушылар «Карусель» әдісімен қатар отырған екі жұп бірін-бірі дескриптор арқылы тексеріп бағалайды.

Жұптық жұмыс.

А деңгейі

№528. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып есептеңдер:

1) - 0,2 (-5); 2) - 2,5 (-1,3);

3) - 0,25 (-0,3); 4) - 4 (-);

5) - (-); 6) - (-5).

№531. Көбейтудің үлестірімділік қасиеттерін пайдаланып, жақшаны ашып жазыңдар:

1) – 0,3(а + 5) = -0,3a – 1,5; 2) – 3(- b -4) = 3b + 12; 3) 1,4(-3-с) = - 4,2 – 1,4c;

4) 0,6(а - 8) = 0,6a – 4,8; 5) – 9(0,5 - с) = - 4,5 + 9c; 6) 0,8(- а - 6) = -0,8a – 4,8.

В деңгейі

№541. Тиімді тәсілмен есептеңдер:

1) (- 2) (-

3) (- 4) (- = 0.

С деңгейі

4. Жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктіріңдер.

а) -3(a+b)+2(a-b); Жауабы: -a-5b

б) 2(m-4n)-4(m-2n). Жауабы: -2m

5.Теңдеуді шешіңдер:

-2(x-9)+5(x-4)=25 Жауабы: х=9

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Әр түрлі таңбалы және бірдей таңбалы рационал сандарды көбейте алады

Әр түрлі таңбалы рационал сандарды көбейтеді

бірдей таңбалы рационал сандарды көбейтіп, бөле алады

Жақшаны аша алады

Көбейтудің терімділік және ауыстырымдылық заңдарын пайдалып, көбейтуді орындайды

Сергіту сәті: Видео арқылы көзге жаттығу жұмысы жүргізіледі.

Оқу мақсатын меңгеру мақсатында оқушылармен өз бетіндік жұмыс жүргізіледі. Оқушылар дайын жауап арқылы өзін-өзі тексереді. Жеке жұмыс уақыты біткеннен соң мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап береді.

Жеке жұмыс

Тапсырма 1

Көбейтудің қасиеттерін қолдана отырып, есептеңдер:

а)

б)

Тапсырма 2

Өрнекті ықшамдап, оның коэффициенттерінің астын сызыңдар.

а) 5(-1,2х); Жауабы: -6 х;

б) - Жауабы:

в) -2n Жауабы:-0.8 n2

г) Жауабы: 3y3

д) Жауабы: 16 c2

е)(-0,1d) Жауабы:-0.001d3

Тапсырма 3

Жүрдек поезд екі қаланың арасын – 10 сағатта, ал жолаушылар поезды – 12 сағат 30 минутта жүріп өтеді. Жолаушылар поезды жылдамдығы жүрдек поезд жылдамдығына қарағанда 28 км/сағ кем жылдамдықпен жүреді. Екі қаланың арақашықтығы қандай?

Жауабы: Екі қаланың арасы- 1400км.

Оқушыларға сұрақтар беріліп, олардың жауаптары тыңдалады.

С-1: Барлық тапсырмаларды орындадыңыздар ма?

С-2: Қай есептер қиын болды?

Сабақ соңында үйге тапсырма беріліп, түсіндіріледі. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша ой-пікірлерін айтады.

Үй тапсырмасы: Оқулық бойынша №543 есеп.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Мен сабаққа өте жақсы қатысып, тапсырмаларды толық орындадым.
  • Мен бүгінгі сабаққа жақсы түсініп, қатысып отырдым.
  • Мен жақсы талпындым, бірақ бәрі ойдағыдай емес.
  • Мен бүгін сабаққа араласпадым
  • Мен бүгінгі сабаққа түсінбедім

 

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

 

  • Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011
  • ДорофеевГ.В.,Петерсон Л.Г._2010 математика_6 класс_ 2 часть


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу