Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша тапсырмалар:
Өзін-өзі бағалау парағы. Аты: ________________________________
Тапсырмалар түрлері | Тексеру элементтері | + не – таңбасын қою |
«Кім жылдам?» | Анықтамаларды дұрыс құрастырдым | |
«Ақиқат, жалған» | Барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердім | |
«Маған көрсет» | Ауызша жақсы қатесіз тез орындадым | |
«Топпен жұмыс» | Топта тапсырманы орындау кезінде белсенді болдым. | |
Өз дөңгелегім бойынша дұрыс пропорциялар құрастырдым |
Қосымша №1 «Кім жылдам?»
Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі, оның ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.
Қосымша № 2 «Ақиқат, жалған» тапсырмасының сұрақтары:
- Қатынас бұл екі санның көбейтіндісі.
- Пропорция бұл екі қатынастың теңдігі.
- Пропорцияның мүшелері: шеткі және ортаңғы;
- Пропорцияны есептеу үшін транспортир мен сызғыш керек.
- Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі, ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең болады.
- Жаңа пропорция алу үшін, пропорцияның шеткі мүшелерінің де, ортаңғы мүшелерінің де орнын ауыстыруға болады.
Жауабы: –, +, +, –, +, +.
Қосымша № 3. Ауызша есептеу. . «Маған көрсет!»Мысалдарды ауызша есептеп, жауаптарын ламинатталған қағаздарда көрсету.
Қосымша № 4. Топтық жұмыс. «Математикалық зерттеу»
Кез келген радиустағы дөңгелектің АВ және CD екі хордасын жүргізіңдер. Олардың қиылысу нүктесін О әрпімен белгілеңдер. көбейтінділерін салыстырыңдар.
Қосымша № 5. Топтық жұмыстың критерийлерінің үлгісі:
- Топ ішіндегі өзара сыйластық.
- Басқаның ойын бөлмей тыңдау.
- Өз ойын сауатты, анық жеткізу.
- Жаңа ұғымдарды саналы меңгеру.
- Топ ішінде бәсең дауыспен сөйлеу.
- Уақытты тиімді пайдалану.
Қосымша № 6. Мақалдар:
- Қайталау – оқу анасы.
- Оқу – білім бұлағы.
- Математика – ақыл-ойдың гимнастикасы.
Қосымша № 7. Қалыптастырушы бағалау. (Тест)
1.Пропорция – бұл ....
а) Теңдік.
б) Екі қатынас.
в) Екі қатынастың теңдігі.
2. Пропорция болатын теңдікті тап.
а) 8,4 : 2,1=1,6 + 2,4
б) 8,4 : 2,1=16,8 : 4,2
в) 8,4 : 2,1=4
3. Пропорцияның белгісіз мүшесін тап.
22 : k=11 : 5
а) 10
б) 8
в) 2,5
4. 5 литрде ертіндіде 14 г тұз бар. 14 л ертіндідегі тұз неге грамм болады?
а) 5 г.
б) 39,2 г.
в) 25 г.
5. Қандай сандардан дұрыс пропорция құрастыруға болады?
а) 3, 4, 8, 10.
б) 8, 10, 12, 15.
в) 2, 3, 4, 5.
6. Машинаның алдыңғы дөңгелегінің диаметрі артқы дөңгелектің диаметрінен 2 есе кем. Егер артқы дөңгелек 150 айналым жасаса, онда алдыңғы дөңгелек неше айналым жасайды?
а) 150
б) 75
в) 300
Жауабы: 1 – в; 2 – б; 3 – а; 4 – б; 5 – б; 6 – в.
Қосымша № 8. Жетістік ағашы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды