Дөңгелек сандарды көбейту және бөлу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Көбейту және бөлу

№ сабақ. Дөңгелек сандарды көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Дөңгелек сандарды көбейту және бөлу

Оқу мақсаты:

4.1.2.12 нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану

Бағалау критерийлері

нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін қолдана алады

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: бөлу алгоритмі

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Алгоритм

1. Екінші көбейткішті көптаңбалы санның астына оның

нөлдерін жазамыз (нөлдері оқшау көрінетіндей етіп)

2.Нөлдерін есепке алмай, көптаңбалы санды көбейтеміз

3. Шыққан нәтижеге нөлдерді тіркеп

4. Жауабын оқимыз.

б) Дөңгелек санды бір таңбалы санға бөлгенде …

(нөлдерді елемей) бөлуді орындап, соңында шыққан

бөліндінің мәніне бөлінгіштегі барлық нөлдерді тір-

кеп жазуға болады.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Жазбаша көбейту және бөлу тәсілін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Кіріспе тапсырма. Бұл тапсырманы орындау үшін

оқушыларды құстардың түрлері бойынша 4 топқа бірігу. Топтарға құстардың суретіне олардың ұшу жылдамдығы жазылған таратпа қағазда топ аттарына сәйкес құстардың ұшу жылдамдықтары жазылған.

1-топқа: лашын – 440 км/сағ; 2-топқа: бүркіт – 320 км/

сағ; 3-топқа: айыр құйрықты сұр қарлығаш – 170 км/сағ;

4-топқа: ителгі – 160 км/сағ.

Суретке және мәліметке назар аударта отырып сұрақтарға жауап алу.

- Суреттегі жазу бойынша не айтуға болады? (Құстар-

дың ұшу жылдамдығы берілген).

- Жылдамдықпен байланысты қандай шамаларды

білеміз? (Уақыт, арақашықтық.)

- Демек тапсырманы қандай шамалармен толықтыру

керек? (Құстардың ұшқан уақыты мен арақашықтығын

беру керек).

Оқушыларға осы деректерді өздері қосып, есеп құрастыруды тапсыру. Есепті шығаруда дөңгелек сандарды бөлу мен көбейтуді қолдану керек болатынын айтылады, осыған байланысты оқушылар есептің екі нұсқасын дайындауы керек. Егер бұл қиын болса барлығы бірігіп бір тапсырманы орындауына болатынын ескерту. Егер уақыт жеткілікті болса топтардың таратпа қағаздарымен алмасып, екінші тапсырманы орындауын ұйымдастыруға болады. Оқушылар басқа топтың тапсырмасымен танысу арқылы да білімін толықтыра алады. Оқушылар көрсетілген құстардың қайсысын аң аулауға салатынын

біле ме, сұрап көре отырып толықтыру жасау (лашын, бүркіт). Оқулықтағы «Сен білесің бе?» айдарындағы деректермен танысып пікір алмасу.

(Ж) Аңшылық. Тапсырманы баған түрінде көбейту

және бөлу алгоритмін қолдану арқылы жұпта орындауды ұсыну. Өрнектермен жұмыс істегенде амалдардың қандай тәртібін қолданғанын сұрау. Жұптардың жұмысына бағалау жүргізу. Оқушылардан бүркітпен аң аулайтын аңшыны қалай атайтынын сұраңыз (Бүркітші).

Жауабы:

Бүркітпен аңшылық: 129 200.

(Т) Салыстыр. Тапсырманы 4 адамнан құралған шағын

топта орындауды тапсыру. Топтағы әр оқушы бір мы-

салды шығарып, бір-біріне түсіндіреді. Салыстыру үшін

өрнектердің мәнін есептейді. Қабілетті оқушылардың

мүмкіндігін пайдаланып, оларды орташа оқушылармен

біріктіруге болады. Топтағы оқушылардың жұмыс барысын

бақылай жүріп жұлдызшалармен бағалап өту.

Жауабы:

а) 67400 < 134 800;

ә) 2 км 390 м > 7 км 290 м;

б) 121 120 > 120 960;

в) 11 т 570 кг < 64 т 550 кг.

(Ж) Теңдеулерді шеш. Оқушылар тапсырманы жұпта

бір-біріне түсіндіру арқылы орындайды. Теңдеулер-

де қандай қомпонент белгісіз екенін атауды сұрау:

«Белгісіз көбейткішті, белгісіз бөлінгішті қалай табады?» сұрағына математикалық тілмен жауап алу.

Оқушылардың жұмысын бағалау.

Жауабы:

Бүркіт : а = 96830, с = 713 200.

(Т) Шығарып көр. Тапсырманы топта орындауды ұсыну. а) және ә) есебін талдау барысында

оқушыларға есепті кесте құрып шығаруға болатынын айтып ескерту. Сұрақтарға жауап алу арқылы талдау жүргізу. Есепте не белгілі екенін сұраңыз. Арақашықтықты қандай формуламен табамыз?

Әр топтың өкілі тақтаға шығып, жауабын таныстырады.

Оқушылардан барлық топтың ұсынған жауаптарын (есептің шешу жолы, жауабы) салыстырып, қорытынды

жасайды. Бірнеше оқушының дәптерін тексеріп,

кері байланыс беру.

Жауабы:

а) 320 · 4 = 1280 км;

ә) 1280 : 4 = 320 км/сағ.

(Т) Қорықта. Тапсырма жолды (арақашықтықты) табуға

берілген есепті шығару дағдысын бекітеді.

б) есебінің алдыңғы екі есептен шығатынын түсіндіру.

Оқушылардың есептерді дұрыс талқылауын, қатесіз

жазып шығаруын бақылап және бағалау жүргізу.

Жауабы:

а) 18 – 4 · 4 = 2 км;

ә) 2 · 60 + 3 · 70 = 330 км;

б) (330 + 2) + 78 = 410 км.

(Ө)Қайтала. Тапсырманы өз бетінше орындауға беру. Тапсырма санның бөлігін қайталауға арналған.

Есептің берілгені бойынша не білуге болатынын сұрау(құстардың алтыдан бір бөлігі сутоғандарға жақын жерде ұялайды). Өздері құрастырған

есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? (Жоқ, мүмкін емес) Қабілетті оқушылар есепке екі сұрақ қоюына болады.

Жауабы:

а)

1) 17580 : 6 = 2930 (орын) сутоғандарға жақын жерде;

2) 17580 – 2930 = 14650 (орын) ағаштардың арасына

ұя салған.

(Ж) Ойлан. Тапсырманы сараланып анықталған жұпта (үлгерімі жоғары оқушы мен орташа оқушыны) орындауды ұсыну.Оқушылар тапсырманы орындау арқылы көптаңбалы сандарды бөлуді қайталайды. Тапсырма оқушылардың дөңгелек сандарды көбейту және бөлуді меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың бір-біріне түсіндіріп шығаруын бақылау. Тақтағы үлгерімі орташа оқушыны шығарып, жауабын түсіндіруді сұрау. Бірнеше жұптың жұмысына бағалау жүргізу.

№5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

№8 слайд

№9 слайд

№10 слайд

Кері байланыс

№11 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу