Қалдықпен бөлу алгоритмі. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Көбейту және бөлу

№ сабақ. Қалдықпен бөлу алгоритмі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Қалдықпен бөлу алгоритмі

Оқу мақсаты:

4.1.2.10** көптаңбалы сандарды үш таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындау;

Бағалау критерийлері

көптаңбалы санды үш таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін құруды және мысалдар шығаруда

қолдануды үйренеді

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: қалдықпен бөлу алгоритмі

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

осы алгоритмде не жаңа? (қалдық). Осындай түрдегі бөлу алгоритміөзгерді ме? (Иә, аздаған өзгеріс бар).

Қалдықпен бөлу алгоритмі:

1.Бірінші толымсыз бөлінгішті анықтаймынъ

2.Бөліндіде шығатын цифрлардың санын анықтаймын

3. Шамалап есептеймін

4. Бөлінгіш пен бөлгішті дөңгелектеп бөлу арқылы бөліндідегі цифрдышамалап табамын

5. Бөлуді орындаймын

6. Көбейтемін. Бөлінді цифрының дұрыс анықталғанын тексеремін

7. Азайтамын

8. Қалдықты табамын

9. Қалдықты бөлгішпен салыстырамын.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Жазбаша көбейту және бөлу тәсілін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

(Т)Кіріспе тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушылар көптаң-

балы санды үш таңбалы санға бөлгенде бөлу тәсілінде не

өзгеретінін анықтау керек. Ол үшін топтарға екі

кеспеқағаздан таратылып беріледі, біріншісінде толықтыру

керек алгоритм жазылған, ал екіншісінде сол алгоритм

бойынша шығарылатын мысал жазылған. Олар алгоритмді

толықтыру мен мысалды есептеуді қатар орындайды.

Тапсырманы орындап болған соң тақтадан дайын шешімін

көрсетіп, салыстыру сұралады. Салыстыру барысында сұрақтарға жауап алу. Осы алгоритмде не жаңа? (қалдық). Осындай түрдегі бөлу алгоритмі өзгерді ме? (Иә, аздаған өзгеріс бар). Оқулықпен жұмыс барысында

оқушылар көптаңбалы санды үш таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін талдайды, кеспеқағазда көрсетілмеген қадамдарын анықтайды (шамалау, қалдық).

(Ж) Кері амалдарды орында. Жұптық жұмыс. Оқушы-

лар бөлуге берілген мысалды мұқият қарайды, одан кейін

оң жақ бағанадағы мысалдарды түсіндіріп шығарады.

Тапсырманы орындау арқылы оқушылар көптаңбалы

сандарды үш таңбалы сандарға қалдықпен бөлу алгорит-

мін бекітеді. Тапсырманы орындап болған оқушыларға

дәптерлерін алмастырып, бірін-бірі тексеріп , бағалау

сұралады. Барлық оқушылардың тапсырманы түсініп

дұрыс орындауын қадағалау. Бірнеше жұпты тақтаға

шығартып, бағалау жүргізу.

Жауабы:

а) 179 · 400 = 71600;

179 · 10 = 1790;

179 · 1 + 24 = 203;

1990 – 1790 = 200;

411 · 179 = 73569;

73593 : 411 = 179 (24 қалдық);

203 – 179 = 24).

ә) 296 · 100 = 29600;

296 · 60 = 17760;

296 · 5 + 132 = 1612;

19370 – 17760 = 1610;

165 · 296 = 48840;

48972 : 165 = 296 (132 қалдық);

1612 – 1480 = 132).

(Т) Ұлттық киім элементтері. Тапсырма топта орындалады. Тапсырманың екі амалдан тұратынын ескерту: бірінші қалдықпен бөлуді орындау керек, содан кейін киімге жазылған оның жауабын

таңдап көрсету керек. Топтық талқылау барысын

бақылап, үлгерімі жоғары оқушылардың топтық жұмысты

басқаруын тапсыру, қадағалау. Барлық оқушылардың мысалды толық түсінуін қамтамасыз ету. Тапсырмада көрсетілген киімдердің қалай аталатынын сұрап, толықтырып қазақтың ұлттық киімдері туралы ақпарат беру. Соңында дұрыс жауабын көрсетіп, оқушыларды бағалау.

Жауабы:

9336 : 387 = 24 (48 қалдық) – сәукеле;

7128 : 296 = 24 (24 қалдық) – шапан;

8976 : 133 = 67 (65 қалдық) – белдік;

8551 : 502 = 17 (17 қалдық) – шекпен.

(Ө) Дұрыс шешуі. Оқушылар тапсырманы өз бетінше

орындайды. Оларға мұғалімнің орнында болып көру

ұсынылады. Бөлу амалының дұрыс орындалғанын тексеру

керек. Көптаңбалы сандарды үш таңбалы сандарға қал-

дықпен бөлу қалай орындалатынын (алгоритмді) сұрау.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастыру.

Оқушылардың дәптерін тексеріп, кері байланыс ұсыну,

бағалау. Дұрыс шешуін көрсетіп, салыстыру сұралады.

Жауабы:

3756 : 223 = 16 (188 қалдық);

5412 : 314 = 17 (74 қалдық);

92541 : 482 = 191 (479 қалдық).

(Ж)Орындап көр. Сым темірден қабырғалары 8 см, 6 см және 10 см болатын үшбұрыш жаса. Осы сымнан қайтадан шаршы құрастыр. Оның қабырғасы неге тең? Геометриялық фигуралардың қасиеттерін қайталауға арналған тәжірибелік тапсырма.

Оқушылар тапсырманы жұпта орындап, шешімін талқы-

лауға болады.

Жауабы:

Шаршының қабырғасы – 6 см.

(Ж)Шығарып көр. Тігіншіде қазақтың ұлттық қамзолын өрнектеуге арналған 2386 сары моншақ бар. Ол әр өрнекке 214 моншақ пайдаланды. Тігінші қамзолға неше өрнек тікті? Неше моншақ артық қалды?

Жұптық жұмыс арқылы орындауды тапсыру. Жұпқа үлгерімі жоғары және орташа екі оқушыны

біріктіріп, оқушылардың бірін-бірі үйретуін ұйымдастыру. Олар есептің шартын кесте, қысқаша жазба, сурет арқылы жазып, шешу жолын, жауабын көрсетуі керек.

Бірнеше жұпты тақтаға шығарып, жауабын салыстырып

Тексеру жүргізіледі. Жұмысты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

Жауабы:

Қысқаша шарты:

Бар еді-2386 моншақ

Пайдаланды-әр өрнекке 214

Тікті-? өрнек

Қалды-? моншақ

2386 : 214 = 11 (32 қалдық).

(Ж)Ойлан. Оқушыларға жұптық жұмысты жалғастыру тапсырылады. Тапсырманы орындауға жеткілікті уақыт беріп, тапсырманы орындап болған жұптарды тақтаға шығару. Оқушылардың жұмысын бағалау.

Жауабы:

900 000 : 700 = 1285 (500 қалдық);

900 000 : 600 = 1500.

(Ө)Қайтала. Тапсырма көптаңбалы сандарға амалдар

қолдануға арналған. Өз бетінше орындауға беруге бо-

лады.

а) 840 : 2 + 104 : 4 = 446;

ә) 132 · 4 – 651 : 3 = 745;

б) 235 · 3 – 147 · 2 = 999;

в) (632 + 362) : 7 = 142;

г) (800 – 426) · 2 = 748;

ғ) (518 – 234) · 3 = 852.

№4 слайд

№5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

№8 слайд

№9 слайд

Кері байланыс

Рефлексия

Оқушылардың көптаңбалы сандарды үш таңбалы

сандарға қалдықпен бөлу алгоритмін білетінін тексеру

үшін 5 минутта алгоритмді қалпына келтіруді сұраңыз

(кеспеқағазға жазу):

Көптаңбалы санды үш таңбалы санға қалдықпен бөлуді

осылай орындаймын:

1. Бірінші ______________________________

анықтаймын.

2. Бөліндіде шығатын ________________________

анықтаймын.

3. Шамалап есептеймін.

4. Бөлінгіш пен бөлгішті ___________ арқылы

бөліндідегі цифрды шамалап табамын.

5. _____________ орындаймын.

6. Көбейтемін. _________________ дұрыс

анықталғанын тексеремін.

7. Азайтамын.

8. ___________ табамын.

Қалдықты бөлгішпен салыстырамын.

№10 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу