Қалдықпен бөлу алгоритмі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу
№96 сабақ. Тақырыбы: Қалдықпен бөлу алгоритмі
Оқу мақсаты:(Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.
Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; алма, тәрелке, қима қағаз, бағалау парағы
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Бұл сабақта "Қалдықпен бөлу" тақырыбын жалғастырамыз және қалдықпен бөлудің алгоритмін үйретеміз.
Қалдықпен бөлу алгоритмі:
1. Бөлінгішке дейінгі, бөлгішке қалдықсыз бөлінетін ең үлкен санды табу керек.
2. Бұл санды бөлгішке бөл. Ол бөліндінің мәні.
3. Бөлінгіштен ең үлкен санды азайт – бұл қалдық.
4. Тексер, қалдық бөлгіштен кіші сан болуы керек.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе (Ұ.Ж)Әрбір топқа қалдықпен бөлуге арналған тапсырма таратып беріңіз. Тапсырманы орындаған соң,оқушылар қалдықпен бөлуді орындаудың әр қадамын параққа жазып, алгоритм құрастыруды сұраңыз.
Жауабы:
А) 2 (қалдық 2)
Ә)2(қалдық 3)
-Әрбір қалдықпен бөлуге арналған есепті шығару үшін, суретті қолданбай, қалай есеп шығаруға болады?
-Қалай ойлайсыңдар бізге не көмектеседі?(Алгоритм)
*Қалдықпен бөлудің алгоритмі:
Мысалы: 11 : 5
1. 5-ке бөлінетін 11-ге дейінгі ең үлкен санды табамыз. Ол - 10 саны.
2. 10-ды 5-ке бөлсек, бөлінді 2-ге тең болады.
3. 11-ден 10-ды азайтсақ, 1 қалдық қалады.
4. Тексереміз, қалдық бөлгіштен кем болуы керек.
Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жақсы», «Жарайсың» т.с.с
Бөлуді орында
(Ж.Ж)Жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға қалдықпен бөлудің алгоритмін қолданып мысалды шығаруды және тексеруді ұйымдастырыңыз. Тапсырма орындалған соң, бірнеше жұп мысалдардың шешуін тақтада көрсетеді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар қалдықпен бөлу алгоритмін пайдаланып есеп шығарып дағдысын қалыптастырады.
Жауабы:
5(қалдық 2), 4(қалдық 4), 6(қалды1)
*Қалдықпен бөлуді тексеруді былай талдаймыз: алдымен қалдықты бөлгішпен салыстырамыз, содан соң бөліндіні бөлгішке көбейтіп, оған қалдықты қоссақ, бөлінгіш шығады. Мысалы:
48 : 7 = 6 (6 қалдық)
1. 6 ‹ 7
2. 6 ∙ 7 + 6 = 48
3. 48 = 48
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Қалдықпен бөлу
(Ж.Ж) Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұйымдастырыңыз. Тапсырманы орындап болған соң, кейбір жұптар қалай орындағаның тақтаға түсіндіріп береді.Жұптар арасында өзара тексеру жүргізуді сұрау.
Жауабы: 0(қалд.3), 0(қалд.7), 0(қалд.7), 0 (қалд. 4)
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу
Мысалы: 3-те 5 саны бір рет те бола алмайды. Демек, бөлінді 0-ге тең және 3 қалдық қалады, яғни 3:5=0(қалдық 3) Тексеру: 5·0+3=3
*Есіңе сақта!
3 : 5 = 0 (3 қалдық)
Тексеру: 5 ∙ 0 + 3 = 3
Сәйкестендір
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар суретке сәйкес келетін мысалды табады және сәйкестендіреді Бұл тапсырма арқыла оқушылардың қалдықпен бөлу дағдысын қалыптастырады.
Жауабы:
7 : 3 = 2 (қалд.1)5 : 2 = 2 (қалд.1)7 : 2 = 3 (қалд.1)
10: 3 = 3 (қалд.1)10 : 4 = 2 (қалд.2)8 : 3 = 2 (қалд.2)
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу
Шығарып көр.
(Т.Ж)Сабақты топтық жұмыс арқылы жалғастыру. Оқушылар есепті оқиды, талдайды, шығарады. Ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қорғайды. Қалған оқушыларға салыстыра отырып тексеруді сұраңыз.
Жауабы:
А) 158
Ә) 3
Б)9 (қалд.2)
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
Мысалды орында
(Ж.Ж) Оқушылар мысалдардың ішінен қалдықпен бөлуге берілгенің табады және шығарады. Тексеруді сұраңыз.
Жауабы:
4(қалд.4), 4(қалд.4), 8(қалд.6)
Ойлан, тап
(Ж.Ж)Оқушыларға бөлгіші- 7, қалдығы 3 болатын 4 мысалды жұпта құрасытуға тапсырма беріңіз.Тапсырманы орындаған соң, жұптар арасында өзара тексеру жүргізуді ұйымдастырыңыз.
Жауабы:
31:7 = 4 (қалд.3)
45:7 = 6 (қалд.3)
52:7 = 7 (қалд.3)
66:7 = 9 (қалд.3)
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз
Сабаққа «Дана ағашы»әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз
Жасыл жапырақ -Мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл – күйім көтеріңкі.
Қызыл жапырақ -Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?