Бекіту / Судың өсімдіктер үшін пайдасы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Тақырып: 134-сабақ. Бекіту / Судың өсімдіктер үшін пайдасы

Оқу мақсаттары: 3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану

3.2.1.5 әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру

Тірек сөздер:

  • бірлік
  • ондық
  • жүздік
  • көбейту алгоритмі
  • бөлу алгоритмі.

Ресурстар:

  • оқулық
  • мақал-мәтел
  • фишкалар
  • тақта, үлестірмелі материалдар
  • жұлдызша
  • смайликтер
  • сигналды карталар
  • тапсырма жазылған қима қағаз
  • блум түймедағы
  • өрнектер жазылған қима қағаз
  • кесте
  • есеп макеті
  • шаблондар
  • сандықша
  • қапшық

Сабаққа қатысты деректі материалдар

  • . Бұл сабақта оқушылар екі таңбалы сандарды

бір таңбалы санға баған түрінде жазып көбейтуді

меңгеруі тиіс.

  • . Бірліктерді көбейтіп, бірліктердің астына

жазамын.

  • Ондықтарды көбейтіп, ондықтардың астына

жазамын..

Сабаққа арналған ескертулер

Сабақтың басында оқушылар көбейтудің

компоненттерін түсінгенін тексеру

ұйымдастырыңыз. Ол үшін көбейту

компоненттерінің қалай аталатынын, белгісіз

көбейткішті қалай табуға болатынын сұраңыз.

Ынталандыру.

Тыныштық сәті (Әуеннің ырғағымен) - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз.

Оқушыларға су туралы қызықты мәліметті оқып беріңіз.

Қызықты мәлімет!

1. Адам сусыз 5 күн де өмір сүре алмайды. Ал өмір бойы 60 тоннаға жуық су пайдаланады.

2. Әлемдегі ең биік құлама су – Анхель. Ол Оңтүстік Америкада орналасқан. Оның биіктігі 1054 м, басқаша айтқанда, 220 қабатты ғимараттан да биік.

Өзектендіру.

1-тапсырма

102∙4=408 жер 408:4=102 тұрақты

103∙2=206 жер 808:2=404 нулы

103∙3=309 жер 505:5=101 жер

606:3=202 сулы 204∙2=408 бұлақты

Сулы жер – нулы жер,

Бұлақты жер – тұрақты жер.

Өрнектердің мәнін баған түрінде есептетіп, бірінші жолдағы өрнектерді өсу ретімен, екінші жолдағы өрнектердің мәнін кему ретімен қойып, қандай мақал жазылғанын тапқызып,оқытыңыз.

Оқушылардан мақалдың мағынасын түсіндіруін сұраңыз.. Су мол болса, өсімдіктердің де көп болатындығы, ал бұлағы бар жерде адамдардың тұрақты өмір сүретіндігі туралы айтыңыз.

Оқушылардың жұмысын "Бағдаршам" арқылы бағалатыңыз.

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- "Түсінбедім"

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

– Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

–Есептеу тәсілдері туралы білімін бекіту. Есептеу кезіндегі қателер себебін болдырмау.

2-тапсырма

Есептер бойынша өрнектер жазуды ұсыныңыз.. Олардың мәнін табуды тапсырыңыз..

а) 9∙101=909л

ә) 304∙2=608л

б) 5∙3+10∙2=35л

Тапсырманы тексеріп,смайликтер арқылы бағалаңыз.

Қиындықтарды түзету

Тапсырманың орындалу дұрыстығын тексеріңіз..

– Кімде қиындық туындады?

– Сіз қай жерде қателік жібердіңіз?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындамаған оқушылар өз іс-әрекетерінің мақсатын құрастырады.

(Қосымша тапсырманы орындау).

– Қиындық туындаған оқушылардың алға қойған мақсаты қандай?

(Қатені түзету).

– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.

Есептеу тәсілдерінен қателік жібермеген оқушылар келесі тапсырмаларды орындауға көшеді. Ал қателіктер жіберген оқушылар дәптердегі тапсырмаларды немесе карточкалардағы қосымша материалдарды орындап, алгоритмді нақтылайды.

"Сұрақты ұстап ал!" әдісі

Оқушыларға көбейту кестесінен сұрақ қойыңыз,сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырыңыз. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырыңыз Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырыңыз. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейтінін ескертіңіз.

3-тапсырма

Функционалдық сауаттылыққа берілген тапсырма. Тапсырманы орындамас бұрын оқушыларға жетекші сұрақтар қойыңыз:

  • Бағбанға қажет тордың ұзындығын анықтау үшін не істейміз? (Периметрін анықтаймыз.)
  • Жер телімін суғару үшін неше литр су қажет екендігін анықтау үшін не істейміз? (Ауданын табамыз.)

Мұндай тапсырма өткен сабақтарда кездескендіктен оқушыларға орындауда қиындық тудырмайды. Тапсырманы тақтада орындатыңыз.

а-4 м

в-2м

Р-?

Р=(а+в)∙2

Р=(а+в)∙2

Р=(4м+2м)∙2

Р=12м

2=101л

S=4м∙2м

S=8мм

2∙101л=808л

Тапсырманы тексеріп, бармақ арқылы бағалаңыз.

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

4-тапсырма "Елшілікке саяхат" әдісі

Өрнектер бойынша есептер құрастыру және шығаруды тапсырыңыз.Әр топ шығарып болған соң,топта бір спикер қалып, келген басқа топтың оқушыларына оқып береді.Келген топ оқушылары жұлдызшамен бағалап кетеді.

а) Гүлзарға әрқайсысы 302 тг-ден 2 теңбілгүл көшетін және әрқайсысы 102 тг-ден 3 шырайгүл көшетін отырғызды. Гүлзарға барлығы неге көшет отырғызды?

Шешуі:302∙2+102∙3=910к.

Жауабы: барлығы 910 көшет отырғызылды.

ә)Гүлзарға әрқайсысы 302 тг-ден 3 теңбілгүл көшетін және әрқайсысы 102 тг-ден 4 шырайгүл көшетін отырғызды.Теңбілгүлге қарағанда қанша шырайгүл көшеті кем отырғызылды?

Шешуі:302∙3-102∙4=498к.

Жауабы: 498 көшет кем отырғызылды.

Келген топ оқушылары жұлдызшалармен бағалап кетеді.Қай топтың өкілі жұлдызшаны көп жинаса сол топтың өкілі жеңімпаз атанады.Өкілдің түсіндіруі ұнамаса жұлдызша бермеуге болады.

Оқушыларға сергіту сәті "Қошемет" тренингін жүргізіңіз Оқушылар шеңберге жиналады, жүргізуші "Шашы ұзын қыздарға қошемет дегенде "ортаға шашы ұзын қыздар шығады, қошемет көрсетіп, барлығы шапалақ ұрады.Әрі қарай "Галстук таққандарға қошемет", "Белбеу таққандарға қошемет", "Көзілдірік таққандарға қошемет" деген коментарийлер айтылып, қошемет жасалады.

5-тапсырма.

Санды және әріпті өрнектерді салыстыру

308:(а+в)>308:(а-в) (122+80):2< 122+80:2

(с+d):8<(с+d)∙8 500-204:2+75> (500-204):2+75

408:4+в408:(4+в) (630+303):3 >180+303:3

Өзара тексеруді ұйымдастырып, смайликтер арқылы бағалатыңыз.

Өткенмен жұмыс.

6-тапсырма

Есептерді шығаруды ұсыныңыз.есепті шығармас бұрын талдау жасап, есептердің шартын, шешуін, жауабын жазуды ұсыныңыз.

а)

Алма көшеті-130

Алмұрт-?,2 есе артық

Шабдалы-? сонша

Шешуі:

130∙2=260ал.

130+260=390шаб.

Жауабы:бақшаға 390 шабдалы көшеті отырғызылды.

ә) Есепті санды деректермен толықтырып, қайтадан шығарады.

Қайың-120

Қарағай-?,3 есе кем

Терек-?, сонша

Шешуі:

120∙3=360қ.

120+360=480т.

Жауабы: 480 терек көшеті отырғызылды.

Жұмыстарын тексеріп,"Отшашу"арқылы бағалатыңыз.

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

7-тапсырма

Әр сандықшадан бір-бір өрнектен алып,оларды қосу. алынған өрнектерді жазуға тапсырма беріңіз. 5 минут үшінде кім көп есептегенін анықтап.

фишкамен бағалаңыз.Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріңіз. Тапсырманың соңында фишкаларды санаңыз. Кімде көп фишка болса, сол оқушы жеңеді.

8-тапсырма

Бұл тапсырманы орындату үшін алдын ала талдау жасап, оқушыларға бағыт беріңіз. Оқушыларға өзеннен суды бірнеше рет құйып алуға және ыдыстағы суды өзенге төгуге болатынын ескертіңіз. Алғашында барлық ыдыстың іші бос болады. Тапсырманы кесте арқылы орындаған ыңғайлы екендігін хабарлаңыз.

Оқушыларға тапсырмасын"Бағдаршам" арқылы бағалауды ұсыныңыз.

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыруға тапсырма беріңіз.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Блум түймедағын пайдалануға кеңес берініз.

Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жасатыңыз.

Рефлексия.

-Саған не қызық болды?

- Саған не қиын болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу