Фигураның бұрылуы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлім: Кеңістіктік фигуралар
110-сабақ.Тақырып: Фигураның бұрылуы
Оқу мақсаты:
3.3.2.4 солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру.
Сабаққа қажетті ресурстар: доптар, стикерлер, ою-өрнектер түрлері, ою-өрнектер үлгілері, тұскиіз суреті, қорап, шаршы пішінді сигналды карточкалар, үлестірмелі материалдар, микрофон, қоржын.
Сабақта пайдаланатын деректі материалдар: Фигураны бұру-фигураның кеңістікте айналуы. Оны оңға, солға, жоғарыға, төменге бұруға болады. Ежелгі грек ғалымы Фалес бірінші болып, фигураның кеңістікте бұруын қарастырған. ХІХ ғасырдың соңында ағайынды Люмьерлер суреттердің қозғалысын тарататын және оны жазатын аппаратты ойлап тапты. Осылайша өнердің жаңа туындысы «кино» пайда болды.
Сабақ барысы:
(Т) Кіріспе тапсырма. Сабақты бастауда жұмбақ шешуді ұсыныңыз.
Бала бiткен соғады,
Жеңiл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (Доп)
Содан соң жерде домалап бара жатқан доптың өзгерісін көрсетіңіз. Заттың кеңістікте немесе жазықта айналуы – бұру деп аталатынын хабарлаңыз. Оларға доптар таратып беріңіз. Оның алдыңғы жағына стикер жабыстыруларын сұраңыз. Допты айналдыра бұрып:
- Солдан оңға, оңнан солға, жоғарыдан төмен,
төменнен жоғары. Екі рет оңға, үш рет солға. Оқушыларға әрдайым стикердің ауысуына қарап тұруын ескертіңіз. Оқушылардан стикер өз орнына қайта келу үшін қанша және қандай бұрылыс жасау керектігін сұраңыз. Артқы жағына, сол жағына т.б. Оқушыларды тақтадағы ережемен таныстырыңыз.
(Ұ)Ою-өрнектер. Ою-өрнектерді интербелсенді тақтада көрсетіңіз. Ою-өрнектер жасауда бұруды қолдануға болатынын хабарлаңыз. Оқушыларға әр халықтың ою-өрнектеріне мұқият қарап, ою-өрнек шығу үшін оюларды қалай бұрғаны туралы өз ойларын білдіруге тақтаға шақырыңыз. Олардың назарын өрнектерге аударыңыз. Бірнеше оқушыға жауабын айтқызыңыз, қалғандарына бағалауға мүмкіндік беріңіз. Барлық өрнекте бұру бар ма? Қай ою-өрнекте заттардың бұруы жоқ? Деген сауалдарға жауап берулерін сұраңыз. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалауды ұсыныңыз. Дұрыс жауап берген оқушыға: Тамаша! бармағын жоғары көтеріп; қателері болса: Орташа! бармағын жанына қарай бағыттайды; ал дұрыс емес жауапқа: Ұнамады! Бармағын төмен бағыттап көрсететінін айтыңыз.
(Т) «Шебер қолдар» ойыны Өрнектердің мәнін есептеуді ұсыныңыз, дұрыс есептесе, киіз кілемшенің аты шығатынын ескертіңіз.
7х8=56-С 10х9=90-Ы 210:3=70-Р 600:60=10-М 5х9=45-А 640:8=80-Қ
Сырмақ туралы не білетіндерін сұраңыз.
Тапсырма: Ою-өрнектер қиып сырмаққа жабыстыруды тапсырыңыз, олардың бұрылуы болуы шарт екенін айтыңыз.
(Ұ) Қорапты бұр. Оқушыларға көлемді геометриялық фигура бұрылғанда жақтарының қалпының өзгерісін көретінін хабарлаңыз. Оқушылардан қорапты қай жаққа бұрғанын сұраңыз. Оқушылар өз ойын айту үшін мүмкіндік беріңіз. ә),б) тапсырмаларын жұппен орындауды ұсыныңыз. Содан соң бір жұпты тақтаға шығарып шешімін модельде көрсетуін сұраңыз.
«Екі жұлдыз бір тілек » әдісі арқылы бағалатыңыз. Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуын сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
(ЖЖ) Есепте. Есептің шартымен таныстырыңыз. Киіз үйде ұзындығы 4 м, ал ені одан 2 метр қысқа тұскиіз ілулі тұр. Тұскиіздің ауданын табуды тапсырыңыз.
Ауданы: S=4м х 2 м
S=8 м кв
(Ұ)Ойлан. Ою-өрнек салынған суретті көрсетіңіз.
-Суретте оюлардың неше бұруын көріп тұрсыңдар? деген сұрақ жолдаңыз.
Оқушыларға санауға уақыт беріңіз. Оқушылардың жауаптарын тыңдап, олардың ойынша ең дұрыс деген жауапты таңдаңыз. Практикалық жұмыс: Қағазға өрнек сызып, кесіп алып, оқушыларға модельді қырымен қойып және бірнеше оқушыға ұсынылған фигураның бұруын көрсетуді ұсыныңыз.
«Шаршылар» әдісі арқылы бағалатқызыңыз. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салуын сұраңыз. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйтынын түсіндіріңіз.
Кері байланыс
Оқушылардың сабақтың материалын қаншалықты меңгергенін анықтау үшін «Еркін микрафон» әдісін пайдаланып келесі сұрақтарды қойыңыз:
- Бұру дегеніміз не?
- Фигура қалай бұрыла алады?
- Алдыңғы жағы қызыл түсті текшені жоғары бұрғанда ол түс қайда болады? Солға бұрғанда ше? Оңға ше?
Бағалау
Қағазға оқушылар бүгінгі сабақта болған көңіл-күйін білдіре отырып, мұғалімге хат жазғызыңыз. Умаждау әдісі арқылы доп жасатыңыз. Қоржынға салғызыңыз. Өзіңіз оқып, келесі сабақты жоспарлауда ескеріңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды