Фигураның бұрылуы. Математика, 3 сынып, презентация.


Математика

3-сынып

Бөлімі: Кеңістіктік фигуралар

110- сабақ. Тақырыбы: Фигураның бұрылуы

Сен:

Солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіре аласың

Жұмбақты шеш:

Ойлан!

Бала бiткен соғады,

Жеңiл шарды домалақ.

Ұрсаң, ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап.

Орында! Қорытынды шығар!

Жұмбақтың шешуі: ДОП

Допты қолыңа ал.

-Жерде допты домалатып көр, айналдыра бұр, не байқадың?

Оның алдыңғы жағына стикер жабыстыр, солдан оңға, оңнан солға, жоғарыдан төмен,төменнен жоғары, екі рет оңға, үш рет солға айналдыр.

-Стикер өз орнына қайта келу үшін қанша және қандай бұрылыс жасадың?

Ережені оқы!

Мәлімет:Ою-өрнектер

Ою-өрнектер жасауда бұруды қолдануға болады. Мұқият қара, ою-өрнек шығу үшін оюларды қалай бұрғаны туралы өз ойларын білдір. Бірнеше оқушы жауабын айтсын, қалғандарың бағалайсыңдар.

-Барлық өрнекте бұру бар ма?

-Қай ою-өрнекте заттардың бұруы жоқ?

Барлық өрнекте бұру бар ма?

-Қай ою-өрнекте заттардың бұруы жоқ?

Бағалау

«Басбармақ» арқылы бағала.

Егер жауап «дұрыс» деп есептесең басбармағыңды жоғары көтер. Содан соң өз жауабыңды түсіндір.

«Шебер қолдар» ойыны

Өрнектердің мәнін дұрыс тапсаңдар, киіз кілемшенің аты шығады?

Тапсырма: Ою-өрнектер қиып сырмаққа жабыстыру, олардың бұрылуы болуы шарт

Қорапты бұр!

Көлемді геометриялық фигура бұрылғанда жақтарының қалпының өзгерісін көресің.

-Қорапты қай жаққа бұрған?

Бағалау

Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

Есепте!

Киіз үйде ұзындығы 4 м, ал ені одан 2 метр қысқа тұскиіз ілулі тұр. Тұскиіздің ауданын тап.

Тексер! Бағала!

Киіз үйде ілулі тұрған тұскиіздің ауданы 8 метр квадрат

«Шапалақ» арқылы бағалау.

Топтар өзара жұмыстарын тексереді:

3 шапалақ - дұрыс толтырылған болса,

2 шапалақ - қателері болса,

1 шапалақ - дұрыс емес болса.

Ойлан!

Суретте оюлардың неше бұруын көріп тұрсыңдар?

Бағала!

«Шаршылар» әдісі арқылы бағалау. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды

Кері байланыс

«Еркін микрофон» әдісі

-Бұру дегеніміз не?

-Фигура қалай бұрыла алады?

-Алдыңғы жағы қызыл түсті текшені жоғары бұрғанда ол түс қайда болады? Солға бұрғанда ше? Оңға ше?

Бағалау

«Мұғалімге хат» әдісі

Қағазға бүгінгі сабақта болған көңіл-күйіңді білдіре отырып, мұғалімге хат жазып, умаждау әдісі арқылы доп жаса. Қоржынға сал.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу