Бау-бақ құрылысы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
70-сабақ. Көбейтудің үлестірімділік қасиеті
Тақырыбы: Бау-бақ құрылысы | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану | ||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Көбейту мен бөлудің ауызша тәсілдері | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
0–3 | Ынталандыру. Сабақ топпен жұмыс жүргізуден басталады. Т.Т « Ойлан, тап» Қандай сандарды қойғанда өрнектер тең болады? 8х(10 - 6)= 48+ (80)
( + 15) х3 = 18+ 45 (6) ( + )х4 = 24 + 36 (6,9) (7 + 8)х = = 140 + (20, 160) Балалардан жоқ сандарды қалай тапқандығын, көбейтудің қандай заңына сүйенгендігін сұрап, толықтыруды жүргізіледі. Бұдан соң топтарға суретке қарап өрнек құрастыру тапсырылады, сары, жасыл жұлдызшалардың санына, қатарына назар аудару ұсынылады, сурет бойынша өрнек жазып көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік заңы екендігін айтуға жетелеу | №4 слайд №5 слайд | |||||||||
4–6 | Белсендіру. Ж.Ж. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдалана отырып есептеу тапсырылады, жұпта талқылап, тақтада жауаптарын салыстырады. (9+4)*6=9*6+4*6=36+24=60 (7+2)*4=7*4+2*4=28+8=36 (5+8)*2=5*2+8*2=10+16=26 (3+9)*7=3*7+9*7=21+63=84 (6+5)*3=6*3+5*3=18+15=33 (5+4)*5=5*5+4*5=25+20=45
| ||||||||||
7–11 | Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Ж.Ж. Әр түрлі тәсілмен өрнектің мәнін жұптаса отырып табу. Тапсырма қосудың көбейтуге қатысты үлестірімділік қасиеті туралы білімдірінің бекуіне бағытталған. (3+6)×3 (6+7)×3 (4+2)×6 (9+5)×4 | Қағаз беттері №6 слайд | |||||||||
12–29 | Жаңаны ашу. Тапсырманы орындап болған соң кесте сызылған парақшалар таратылып беріледі, есептеуді қандай тәсілмен орындағанын жазып, қорытынды жасау тапсырылады.
Т.Т. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығар: есеп жаңа сабақты дамытуға берілген, топта есеп шарты талданады, не белгілі, нені табамыз, шешуін табуды неден бастаймыз сұрақтары арқылы талдау ұйымдастырылады. Топ талқылауына қатысу, сырттай бақылау жүргізіледі.
60 теңгеден 6 кг сәбіз, 4 кг пияз Барлығы – ? теңге (4+6)×60=600 (тг) – барлығы
Жұмсалды – 72 м болатын 8 орам түсқағаз Кіреберіс бөлме – 4 орам, ? метр 72:8×4=36 (м) – кіреберіс бөлмеге Мерекеге әрқайсысы 10 теңгеден 12 қызыл шар, 8 көк шар сатып алды. Барлығы қанша ақша төленді? 10х(12+8) =200 тг немесе 10х12+10х8=200тг Анасы 5 баласының әрқайсысына 30 төркөзді дәптер, 20 жолды көз дәптер сатып алды. Ол барлығы қанша дәптер сатып алды? 5х(30+20) =250тг немесе 30х5+20х5=250тг Бағалау критерийлері бойынша топтар бір-бірінің жұмысына тексеру жүргізеді. Ө.Ж. Балалармен практикалық жұмыс. –Тікбұрыштың ұзындығын а деп, ал енін b деп белгілеңіздер. Ауданды қалай есептеуге болады? Периметрін қалай есептеу керек? Р = а + b + a + b = a + a + b + b = a · 2 + b · 2 = (a + b) · 2. Көбейту мен қосу амалдарын қолдана отырып, тікбұрыштың периметрін әртүрлі жолмен есепте егер қабырғаларының ұзындығы – 5 см және 3 см болса. Топтар есептеп, өз тапсырмаларын көрсетеді. – Әрқайсысының тәсілі әртүрлі болып шығады. Кім бір тәсілмен, кім екі, үш? Талқылау нәтижесімен ортақ жазба енгізіледі. Ө.Ж. «Кім жылдам» Есептеуді бірдей бастайды, мәнін жылдам тапқан адам жеңімпаз. Тапсырма балалардың жылдам есептеу дағдысын дамытуға бағытталған. Үлгі бойынша тексеру. | Оқулық №7 слайд №8 слайд №9 слайд | |||||||||
30–40 | Жаңаны қолдану. Т.Т. «Ойлан тап» Гүл күлтешелеріндегі сандарды пайдалана отырып үлестірімділік заңына сәйкес өрнектер құрастырады. . Балалардың ойлау қабілетіне қарай өрнектер әр түрлі болуы мүмкін. (9+6):3 (18+15):3 (24+40):8 (16+48):8 (10+15):5 (30+25):5 Мен:
| Оқулық №10 слайд Дидактикалық материалдар | |||||||||
41–45 | Рефлексия. Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …; «Мен … өзімді мақтан етемін»; «Әсіресе маған ұнағаны …»; «Бүгін … менің қолымнан келді» | Жетістік сызғышы №11 слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?