Ертеде қазақ халқы ауданды қалай өлшеген? Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу

Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу

3.3.1.3 тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш ауданы формуласын:

S= (a·b):2, S=a2,S=a·b шығарып алу және қолдану, қоршаған орта обьектілері

3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /секунд өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

Сабаққа қажетті ресурстар: фигуралар,парақшалар,кесте

Сабақта қолданатын деректі материалдар: Есептерді шығаруда ауданды (S = a • b) және периметрді (P = (a + b) ∙ 2) табу формулалары қолданылады. Есептерді шығару барысында формуладағы белгілі шаманы белгісіз шама арқылы өрнектеуді білу: а = S : b, b = S : а, анықталған шамаларды бір формуладан екіншісі арқылы өрнектеп таба білу. Мысалы, ені 6 см, ал ауданы 24 см2 болса, тіктөртбұрыштың периметрін тап. Онда,

а = 24 : 6 = 4 (см), P = (a + b) ∙ 2 = 20 см.

Жоспарланған іс-әрекет

Оқушылармен №1 тапсырма бойынша жұмыс жасауды ұсыныңыз.

Ол бұрынғы кезде көшпелі халықтарға қазақ үйдің (жарты қазақ үйдің) ауданын, жырту керек жерді, жайылымдар мен шөп шабуға пайдаланылатын жерді және т.б. өлшеуге тура келетін. Төмендегідей жеңіл өлшемдерді пайдаланған: алақандай– бір алақан сияқты кішкентай жер, үй орнындай– қазақ үйдің орнындай жер. Өз алақанымен бір парақ қағаздың (партаның, орындықтың) ауданын өлшейді.

Берілген сабақта оқушыларды тіктөртбұрыштың ауданын табатын формуламен таныстыру керек: S = a ∙ b, мұндағы: S – тіктөртбұрыштың ауданы, а – тіктөртбұрыштың ұзындығы,

b – тіктөртбұрыштың ені. Ауданның өлшем бірліктерімен таныстыру: квадрат сантиметр.Шаршының барлық қабырғалары тең. Шаршының ауданын табу формуласы:

S = a • a, әрі қарай оқушылар дәрежелі сандар ұғымымен танысқан соң, формуланың түрі S = а2 болады.

(Ж.Ж) 2- тапсырма – түсіндіре отырып жұппен практикалық жұмыс жасауға ұсыныңыз. Әр фигураның ауданын квадрат сантиметрмен (торкөз – 1 квадрат сантиметр) өлшейді.Торкөздер санын есептейді.Қатар бойынша 4 торкөз,баған бойынша 4 торкөз.

(Бағандағы шаршы санын жолдағы шаршы санына көбейту керекS=4·4=16 см2). Оқушылар нәтижені анықтағаннан соң, оларға шаршымен өлшегендіктен ауданның өлшем бірлігі «см2» яғни «квадрат сантиметр» болатынын анықтайды.

Одан кейін оқушылардан фигураның периметрін қалай табуға болатынын және оған не керек екенін табады. Мұнда екі тәсілді де қолдануға бола ма? Неліктен? Одан кейін оқушыларға қалаулары бойынша шешімдерін көрсетіп түсіндіруді, ал қалған оқушыларға нәтижелерін салыстырады.

«Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» сөздігімен бағалаңыз.

(Т.Ж) 3- тапсырма. «Ойлан,тап» әдісі .Шаршының периметрі мен ауданын табуды ұсыныңыз.Шаршыға сипаттама береді.(Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш). Оқушылардан тіктөртбұрыштың ауданын қалай табуға болатынын топта талқылауын қадағалаңыз.

(S = a • b).

Егер шаршы тіктөрбұрыш болып табылса, шаршының ауданын қалай табуға болатынын сұраңыз.

(S = a • a, a-шаршының қабырғасы.) Оқушыларға іріктелген шаршылардың ауданын топта есептейді.

Фигураның периметрі деген не екенін оқушылардан сұраңыз (барлық қабырғаларының қосындысы). Тіктөртбұрыштың периметрін табу формулаларын естеріне түсіреді.

P = a + a + b + b;

P = a∙2+ b∙2;

P = (a + b) ∙ 2.

Шаршының периметрін табуда осыған ұқсас.

Р=а+а+а+а Р=а·4

(Ж.Ж) 4-тапсырма жұпта орындатыңыз.

Фигураларды өлшеп ауданы мен периметрін табады.

Сонымен қатар аудан мен периметр табудың формуласын қолданады.

Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін,оның ұзындығын еніне көбейтеміз.

«Смайликтер» арқылы бағалаңыз.

(Ө.Ж) Қ.Б.5-тапсырма. Өзіндік жұмыс түрінде орындатыңыз.Берілген өлшем бірліктерді өрнектейді.Ол үшін 1 м2-та қанша см2 бар екенін еске түсіреді.Өз бетінше орындағаннан кейін дайын жауап арқылы тексертіңіз.

6 дм2=100 см2 3 м2=300 дм2 500 см2=5 дм2

60 дм2=6000 см2 30 м2=3000 дм2 500 дм2=5 м2

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» сөздік бағалаңыз.

(Ж.Ж) 6-тапсырма жұпта орындатыңыз.Тапсырма бойынша тіктөртбұрыштың белгісіз қабырғасын табады.Белгісіз қабырғасын табу формуласын қолдана отырып шығарады.(b=S:а)

1-фигура Ш:15:5=5(см)

2-фигура Ш:24:4=6(см)

«Смайликтер» арқылы бағалау

(Ж.Ж) 7-тапсырма жұпта орындатыңыз.Тіктөртбұрыш бұрыш,шаршы тәріздес гүлзардың ауданын тауып, олардың ауданын салыстырады.Қай гүлзардың ауданы үлкен және қанша үлкен екенін табады.Ол үшін жетелеу сұрақтары арқылы ауданын табу және аудандарын салыстыруға көмек көрсетіңіз.

Ол үшін І гүлзардың ауданын табу үшін ұзындығын еніне көбейтеміз.Сонан соң шаршы тәріздес ІІ гүлзардың ауданын табу ұзындығы мен енін көбейтеміз.

а)І гүлзар – ұз -6 м, ені- 4 м S=? м2

ІІ гүлзар- қаб - 5 м S=? м2 ? артық

Ш: 6·4=24 (м2)- І гүлзар

5·5=25 (м2) -ІІ гүлзар

25-24=1 (м2)

Жауабы: ІІ гүлзар шаршы тәріздес гүлзар 1 (м2) артық.

ә)Қияр егуге арналған жердің ауданы 12 м2.Жердің ұзындығы мен ені қандай болуы мүмкін?

Есепті шығармас бұрын, не белгілі және не белгісіз екенін жетелеу сұрақтары арқылы табады. Жердің ауданы белгілі ұзындығы мен ені белгісіз болса,аудан дегеніміз ұзындығы мен енінің көбейтіндісі болып табылса,қандай сандардың көбейтіндісі 12 болатынын табамыз.Ендеше,3 м пен 4 м, 6 м мен 2 м болуы мүмкін.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

8-тапсырма. «Салыстыр» әдісі. 8-тапсырмада парақшаға берілген тапсырманы беріп таратылады.Оқушылар орындап,дайын жауап арқылы тексертіңіз.Бұл тапсырмада санды өрнек пен әріпті өрнектерді салыстыруға арналған тапсырма.

450-50 > 450-400 1000-400 < 1000-6

678-а < 786-а 120+90 < 340-50

Соңында талқылау жұмысы жүргізіңіз.

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу