Амалдардың орындалу реті. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2А бөлімі: Өрнектер. Қозғалысқа есептер

Мектеп атауы: НЗМ ФМБ Талдықорған қ

Дата: 7.11.17

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н.З

Сынып: 3 А

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Амалдардың орындалу реті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

.2.1.7 жақшамен және жақшасыз, үш/төрт арифметикалық амалдан тұратын өрнек мәндерін табу және амалдар тәртібін анықтау

3.5.1.2 есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: бір заттың массасы, саны, жалпы масса/бір зат шығыны, заттар саны, жалпы шығын/ұзындық, ені, ауданы

Сабақ мақсаттары

  • жақшамен және жақшасыз, үш/төрт арифметикалық амалдан тұратын өрнек мәндерін табу және амалдар тәртібін анықтау
  • есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: бір заттың массасы, саны, жалпы масса/бір зат шығыны, заттар саны, жалпы шығын/ұзындық, ені, ауданы

Бағалау критерийлері

.

 Сөздік қор

 Тілдік мақсат

Бір заттың массасы, саны, жалпы массасы,арифметикалық амалдар, модельдеу,

 Құндылықтарды

 дарыту

Оқушылар күнделікті өмірде масса, құн, көбейту мен бөлу ұғымын тиімді қолдана біледі.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

Көбейту мен бөлу кестесін қолдануды; бір заттың массасы, саны, жалпы массасы, жалпы жұмсалғаны арасындағы тәуелділікті пайдалануды;

Жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтауды, олардың мәнін табуды;

2–3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазу түрінде модельдеуді үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, бейнелеу өнері.

ИКТ пайдалану білімі

Презентациялар

Алдыңғы меңгерілген білім

Амалдардың орындалу ретін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1минут

Ұйымдастыру.

Оқулық, 1-бөлім: Өнім мерекесі, 94, 95-беттер.

Жұмыс дәптері, 1-бөлім: 89-жұмыс парағы «Жеміс бағында»,

91-бет. 90-жұмыс парағы «Күзгі жәрмеңке», 92-бет.

Сабақ ортасы

Білу

5 мин

Түсіну

7 мин

Қолдану

7 мин

Талдау

12 мин

Жинақтау

5 мин

Сабаққа дайындық. Сабақты мейрам түрінде өткізу. Бұл өнімдер мерекесі немесе күзгі жәрмеңке түрінде болады. Оқушыларға сабақта қолданатын қолдан жасалған жеміс немесе көгөніс өнімдерін дайындап, оған математикалық тапсырма жазуды тапсыру, бұл олардың өз өнімін сату үшін белгілеген «бағасы» болады.

Кіріспе тапсырма. Сабақты мерекелік көрме өткізуден бастау. Оқушылар дайындаған бұйымдарын әркім ұстап көруіне ыңғайлы болатындай, көрмеге (сату үстеліне) қояды. Оқушылармен қысқаша әңгімелесу:

күз уақыты – жаздай өсіріп, баптаған астықты, бау-бақша өнімдерін жинау кезеңі. Адамдар барлық өнімді жинап алған соң, «Сабан той» мерекесін өткізеді. Сыныптағы мерекені бастар алдында оқушыларға өз өнімдерінің ерекшеліктерімен мақтанып, таныстыруын ұйымдастыру. Оқушылар сату бәсекесін өткізеді. Олар өнімін таныстыру арқылы, өздері дайындаған математикалық тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушы тапсырманы орындаған соң, өнімді өзі сатып алуына болады.

Сатушы мен сатып алушы жұпқа бірігіп, сабақ бойында бірге жұмыс істейді. Сату бәсекесіне барлық оқушылардың қатысуын бақылау.

Жәрмеңке. Оқушыларға оқулықтағы суретті мұқият қарауды ұсыну. Оқушылар жұбына суреттегі ыдыстарда жазылған сандарды қолданып, санды өрнек құруды ұсыну. Олар өрнектерді ламинатталған параққа жазып, парақтарын өзара ауыстыру арқылы жауаптарын салыстырады.

Өрнектердің мәнін тауып, салыстыр:

а + b – с + d және (а + b) – (с + d), егер:

1 топ: а) а = 79, b = 64; c = 45, d = 89;

2 топ: ә) а = 562, b = 438; c = 12, d = 60;

3 топ: б) а = 267, b = 389; c = 457, d = 75.

Жәрмеңке суретіндегі тапсырма: Жауабы:

1 топ: а) 5 ц + 25 кг + 25 кг< 5 ц + 23 кг + 31 кг;

550 кг < 554 кг;

2 топ: ә) 20 л + 20 л + 7 л < 3 л ×2 + 5 л × 4 + 10 л × 3;

47 л < 56 л;

3 топ: б) 28 кг + 31кг < 9 кг × 7; 59 кг < 63 кг.

Шығарып көр. Оқушыларға есепті шығаруды ұсыну. Алдымен сынып болып есептің шартын, сұрағын талдату.

Оқушылар жұпқа бірігіп, есептің шығару жолын талқылайды. Олардың ұсыныстарын тыңдау. Оқушылар есепті шығарып, жауабын басқа жұптармен алмасып тексереді.

Жауабы: 1ц = 100 кг бар

1) 1000 – 650 = 350 (кг) – 3-мәшинеге тиеген;

2) 550 – 350 = 200 (кг) – 2-мәшинеге тиеген;

3) 1000 – 550 = 450 (кг) – 1-мәшинеге тиеген.

350 кг = 3 ц 50 кг; 200 кг – 2 ц; 450 кг = 4 ц 50 кг.

Орындап көр. Оқушыларды 4 баладан тұратын шағын топқа біріктіру. Топтағы оқушыларға оқулықтағы сурет бойынша теңдеу құруды ұсыну.

Дифференциация

Қабілеті жоғары оқушылар тобында топтың әр мүшесі барлық есепті өз бетінше шығарады және жауаптарын бірігіп талқылап, бірін-бірі бағалайды.

Үлгерімі төмен оқушылар екі теңдеуді таңдап шығаруына болады. Әрбір топта барлық есептің шығарылуын бақылау.

Қабілеті төмен оқушыларды ынталандыру үшін оларға есепті шығаруға көмектесетін дайын үлгілер ұсыну; бұл жағдайда олар дайын үлгілерге сәйкес келетін теңдеуді анықтап, шешеді

Жауабы: а) х = 336; ә) у = 307; б) х = 9; в) у = 152.

Өрнектер құрастыр және олардың мәндерін тап. Тапсырманы жұпта орындайды. Оқушылар реті көрсетілген әрекеттер бойынша өрнектер құрастырады. Балалар кейбір амалдарды міндетті түрде жақшаға алу керектігі туралы қорытынды жасайды.

Жауабы:

1 топ: А. 28 : 7 + 81 : 9 + 7 ∙ 9;

2 топ: Ә. 488 + 201 – 279 + 7 ∙ 7;

3 топ: Б. 36 : 9 + (100 – 72) : 7.

Есептерді шығар. Жұптық жұмыс.

Оқушылар есепті шығару барысында көбейту кестесі туралы білімдерін жандандырады және көбейтуге берілген есептерді шығару дағдысын бекітеді.

Жауабы: А. 48 қап артық. Ә. қант 8 кг.

Жұмыс дәптерінде орындайтын тапсырмалар. Көмекшілер.

Дифференциация

3-сынып оқушылары 6, 7, 8, 9-ға көбейту кестелерін қолданып есептеу арқылы лабиринттен жол тауып, балалардың жеміс салған себетін анықтайды.

Үлгерімі жоғары оқушыларға 6, 7, 8, 9-ға көбейту және бөлудің кестелік жағдайын жазып көрсетуді ұсыну.

Есептерді шығар. Оқушылар есептердің шығару жолын көрсетіп, жауабын табады.

Жауабы:

1-тәсіл: 1) 5 × 7 = 35 (кг) – алма;

2-тәсіл: (5 × 7 + 9 × 8 ) – 100 = 9 (кг);

2) 9 × 8 = 72 (кг) – алмұрт; 1 ц = 100 кг;

3) (35 + 72) – 100 = 9 (кг);

Жауабы: 9 кг. 2) 7 × 8 + 4 × 9 + 6 × 7 = 134 (м); Жауабы: 134 м.

Блок-сызбаны толықтыр. Оқушылар блок-сызбадағы бос торкөздерді толтырулары тиісті. Онда қоятын сандар алдыңғы амалдың нәтижелері болады. Сондықтан оқушылар есептеуді блок-сызбаның ең төменгі сатысынан бастауы қажет.

Жауабы: А. 48; 75; Ә. 4; 7; 28; Б. 464; 72; 536.

Оқушылар қолдан дайындаған көгөністер мен жемістер; •ламинаттал ған парақтар, маркерлер.

Презентация

Ламинаттал-

ған парақ

Жәрмеңке

Суретті тапсырма

Үлестірме

Үлестірме

Кесте

Сызба

Сабақтың соңы

3 минут

ҚБ тапысрмасы.

Өрнектердің мәнін тауып, салыстыр. Тапсырманы өз бетінше орындату. Оқушылар тапсырманы орындау барысында, берілген өрнектердегі айнымалылардың орнына олардың берілген мәндерін қойып, есептейді. Нәтижесін тексеру үшін дайын жауаптар үлгісін көрсетіп, өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.

Жауабы:

а) 79 + 64 – 45 + 89 > (79 + 64) – (45 + 89); 187 > 9;

ә) 562 + 438 – 120 + 60 > (562 + 438) – (120 + 60); 940 > 820;

б) 267 + 389 – 457 + 75 > (267 + 389) – (457 + 75); 274 > 124.

Сабақтың рефлексиясы.

ҚБ тапсыр-масы

БББ кестесі.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз

Мәтінмен жұмыс істеу үшін топтарға бөлу кезінде дифференциация қолданылады

Өзара бағалау, критерий бойынша қалыптастырушы бағалау. Мұғалім жазбаша жұмысты өзі табыстың критерийлеріне сәйкес тексереді

Оқушыларр жұппен жұмыс жасайды, сыныпта жүреді және белсенді болады.

Бағалау парағындағы тапсырмалар көрініске зиян келтірмейтін қол жетімді қаріппен безендірілген.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу