алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Біртаңбалы санға қалдықпен бөлу/Мүсін өнері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

84-сабақ, Тақырыбы

Біртаңбалы санға қалдықпен бөлу/Мүсін өнері

Оқу мақсаты:

3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

-бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындайды.

Оқушылардың көпшілігі:

-есепті тексеру үшін не істеу керек екенін біледі.

Оқушылардың кейбірі:

-қалдықпен бөлуді әріптік жазба түрінде көрсете алады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

-қалдықпен бөлуді; неге қалдық бөлгіштен аз болатынын түсіндіре алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

-қалдықпен бөлу, қалдық, қалдық бөлгіштен аз.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындайды?

Тексеруді орындау үшін не істеу керек?

Жазу:

Қалдықпен бөлуді және оны тексергеніңізді жазыңыз.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу, амалдардың өзара кері байланысы, көбейту кестесі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-2

Ынталандыру.

Әлемдік мүсін өнерінің үздік туындыларын көрсетуге болады.(30 сек)

Стол үстіне жануарлардың, көкөністертің, жемістердің,құстардың суреттері араластырып тасталады.Оқушылар таңдаған суретін алып, топқа бөлінеді. Музыка қойылып, оқушылар өздері алған суретін мүсіндеуге кіріседі.Мүсіндеп болған соң оқушылардың жасаған жұмыстарынан көрме жасау

2слайд

Ермексаз, тақтайша, жануарлар, құстар,жемістер, кескіш таяқша,қолорамал көкөністер суреттері

3-слайд

Әлемдік мүсін өнерінің үздік туындылары жайлы ролик.

4-слайд

3-5

Белсендіру.

(Ө.) №1тапсырманы "Сәйкестендіру тесті"арқылы орындату. Өрнектерді мәнімен сәйкестендіріп,шебер әр мүсінді қандай материалдан жасағанын анықтау.

Мүсінді жасауда әртүрлі құралдарды пайдаланады, алайда жұмысқа кіріспес бұрын ол үлгісін қарындащпен сызып алады.

200∙3-300 200 (Тас)

1000-400∙2 300 (Металл)

20∙3+40 100 (Ағаш)

Смайликтермен бағалау.

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, смайликтер арқылы бағалау.

Амалдар компоненттерін қолдана отырып, әр өрнекті оқу. Бұл үшін болжамды жоспарды қолдануға болады:

Амалдар ретін анықтау.

Бірінші орындалатын өрнек бірінші оқылады, әрі қарай келесі орындалатын өрнекті оқу

1-өрнектің оқылуы

200және 3 сандарының көбейтіндісі мен 300 санының айырмасы

2-өрнектің оқылуы

400 бен 2 сандарының көбейтіндісімен 1000 санының айырмасы

3-өрнектің оқылуы

20 мен 3 сандарының көбейтіндісі мен 40 санының қосындысы

(Ө.) №2 тапсырманы тәжірибелік жұмыс ретінде орындату.Қалдықпен бөлуге қарындашпен тәжірибе жүргізу, бұл жұмысты әр оқушы жеке орындау. Бұл қалдықпен бөлуді өз көзімен көруге мүмкіндік береді.

а) Қорапқа 12 қарындашты 6-дан бөліп сал;

ә) Қорапқа 14 қарындашты 6-дан бөліп сал;

б) Қорапқа 15 қарындашты 6-дан бөліп сал;

Ол үшін қанша қорап қажет болады?

5 санының құрамында 6 неше рет бар?

5 санының құрамында 6 жоқ,яғни 0.

Бір қорап та қажет емес.Қарындаштардың барлығы үстел үстінде қалады.

Шешуі:5:6= 0 (5қалдық)

Тексеру: 0∙6+5=5

Фишкалармен бағалау

Оқушылардың тәжірибелік жұмысын тексеріп, фишкалармен бағалау

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындауға болады?

Неге қалдық бөлгіштен үнемі кем болады?

Тексеру жүргізу үшін не істеу керек?

Қалдықпен бөлудің жазбасының әріптік мәнін кім анықтай алады? а :b=c+ka=cb+k

Математикалық диктант:

1. 9 санына аяқталатын барлық екі таңбалы сандарды өсу тәртібі бойынша бірінші бағанға жаз. Барлық сандардағы ондықтардың астын сыз.

2. Асты сызылған сандардан 1 санға үлкенірек сандарды екінші бағанға, бірінші бағандағы әр санның астына жаз.

3. Бірінші бағанда бөлінгіш жазылған, екінші бағанда –бөлгіш; үшінші бағанға – бөлінді, ал оның астына төртінші бағанға – қалдық жазылған.

Шешім:

19

29

39

49

59

69

79

89

99

2

3

4

5

6

7

8

9

10

9

9

9

9

9

9

9

9

9

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Өзіңді тексер: егер барлық есептерді дұрыс шығарсаң, онда үшінші бағанда барлық бөлінді 9-ға тең, ал төртінші бағанда – бөлгіштен 1-ге кем қалдықтар.

Сергіту сәті

 «Комплименттердің бұрқасыны»

 Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсыру.

Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.

Тұсаукесер, оқулық.

5-слайд

Смайликтер

6-слайд

7-слайд

Қарындаштар

8-слайд

9-слайд

6-10

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Әр баланың қиындықтарын анықтау үшін өздік жұмыс орындалады.

11-28

(Ө.)Оқулықтан бұл үшін №3,4 тапсырма берілген. Оқушылар таңдауы бойынша қалдықпен бөлуге бірнеше мысалдар мен есептерді орындайды (баған немесе жол).

№3 тапсырма

а) Көркем еңбек сабағында балалар 20 қоянның мүсіінін жасады.Оларды әр қатарға 9-дан қойды.Қанша қатар шықты? Қанша мүсін артылып қалды?

Шешуі:20:9=2 (2қалд.)

Жауабы: 2 қатар шықты, 2 мүсін артылып қалды.

№4 тапсырма

29:7= 4(1) 7∙4+1=29 46:5=9 (1) 9∙5+1=46

85:9= 9(4) 9∙9+4=85 680:80=8(40) 80∙8+8=680

19:2= 9 (1) 9∙2+1=19 88:9=9 (7) 9∙9+7=88

130:60= 2(10) 60∙2+10=130

4:3=1 (1) 1∙3+1=4

52:5= 10(2) 10∙5+2=52

135:40=3(15) 3∙40+15=135

7:6= 1(1) 6∙1+1=7

8:7=1(1) 7∙1+1=8

5 тапсырма

Ағаштан мүсін жасау үшін орманнан 43 бөрене әкелу керек. Мәшинеге 4 бөренеден артық сыймайды. Барлық бөренені тасып әкелу үшін орманға неше рет бару керек болады?

Берілген есепте бөлуді орындау керек. Бұл қалдықпен бөлу. 43-ті 4-ке бөлгенде 3 қалдық қалады, қалған 3 бөренені әкелу үшін тағы бір рет бару керек.

Шешуі:

43:4=10(3) 4∙10+3=43

Жауабы: орманға 11 рет бару керек

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Қиындықтарды түсіндіру

Тапсырманың дұрыс орындалуын тексеру

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерден қате жіберді?

– Жіберілген қатенің себебін анықтау?

– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатын нақтылау.

(Қосымша тапсырма орындау).

– Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?

(Қателерді түзеу).

– Қатені түзету алгоритмін қолдану.

– Әркім өз оқу мақсатын айту:

Қалдықпен бөлудің ережелерін қайталау. Бөліндіні қалай таңдау керек. Қалдық әрқашан бөлгіштен кіші болады.

(Т.) №6 тапсырманы топтық тапсырмаға беру.Жазба дұрыс болу үшін бос орындарға қалдырылып кеткен сандарды жазу.

3□ : 3 = 10 (2 қалдық)       4□ : 7 =  □(5 қалдық)  

77 :  □   = □ (5 қалдық)     9 : 2 =  □ (1 қалдық)

Қалдырылып кеткен сандар:

2,9,8,0,4

 Отшашу арқылы бағалау

Балалар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады

(Ж.) №7тапсырманы"Сен маған, мен саған"әдісі арқылы шығару.

1-оқушы өрнекті шығарады

2-оқушы тексеруін орындайды

Қалдықпен бөлуді орында:

50 : 9=5(5қ.) 9∙5+5=10     48 : 7=6(6) 6∙7+6=48

84 : 9 =9(3)      9∙9+3=84     27 : 5= 5(2) 5∙5+2=27

5 : 8= 0(5)  8∙0+5=5        4 :  6 = 0(4) 6∙0+4=4

Жұпта бағалау

Оқушылар дәптерлерін ауыстырып, бір-бірін тексеріп,фишкамен бағалайды.

Сонымен қатар кеңесші-оқушыларды түсінік беру жұмыстарын жүргізуге тартуға болады.

Дәптер, оқулық.

10-слайд

11-слайд

Сигналды карталар, дәптер, оқулық

29-37

Өткенмен жұмыс.

Оқушылардың даму деңгейіне байланысты әр оқушыға жеке тапсырма береді.

№8 тапсырма тиімді есептеуге берілген.19-ға көбейту – ұқсас есеп.

Мұнда келесі ереже кездеседі:

19 санын 20 – 1 айырма ретінде қарауға болады.

20-ғажәне 1-ге көбейту жеңіл. Сол үшін алдымен 20-ға көбейту керек, ал содан кейін шыққан көбейтіндіден санды азайту керек (көбейту кезінде өзін- өзі көрсететін сан).

а ∙19 = а ∙ ( 20 –1 ) = а ∙ 20 – а∙1

Өздік жұмыс.

Бағалау критерийлері бар дәптерге қалдықпен бөлуді орындауды ұсыну

Мен:

  • біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді орындаймын;
  • тексеруді орындаймын.

Қатемен жұмыс жүргізілгеннің нәтижесінде бұл тапсырма бұрынғыдан жылдам орындалады. Ал енді қалдықпен бөлу амалы туралы түсінікті әр оқушымен жеке тексеру қажет.

Нәтижесінде жетістікке қол жеткізеді, қатемен жұмыс жасағанның пайдасы балалардың көбі формативті бағалау дәптеріндегі тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек.

"Сұрақтар қоржыны" әдісі

Оқушылар сабақ бойынша сұрақтар құрастырып ортадағы қоржынға апарып салады, соңынан қоржыннан сұрақтар таңдап, өздері сұраққа жауап береді.

Дәптер, оқулық

12-слайд

формула

Дәптер

13-слайд

38-40

Рефлексия.

Оқушылардан кері байланыс алу.

– Сабақтың басында біз алдымызға қандай мақсаттар қойдық?

– Осы мақсаттарға жете алдық па?

– Қиындық туындады ма?

– Сол қиындықтарды жеңе алдыңыз ба?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Өз жұмысын жетістік жолағымен бағалауды ұсынады.

14-слайд

Жетістік жолағы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы