Басқатырғыштар және есептер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспарының
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 С –Бас қатырғыш есептер | Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні :Омарова А.Е. | ||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Басқатырғыштар және есептер | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.4.4.1 «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шешу | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: • комбинаторлық есептерді шешеді. Оқушылардың көпшілігі •«таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шешешіп,түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: • «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шешеді және өздері комбинаторикалық есептерді құрастыра алады.
| ||||||
Жетістік критерилері | Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтар құжатынан таңдап алынған ОМ үшін табыс критерилерін көшіріп алыңыз. ҚБ үшін таңдап алынбаған ОМ үшін табыс критерилерін өзіңіз құрастырыңыз. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Талқы нүктелері: •Бұл ойын ... кеңейтіле ала ма? •Сіз ... қай стратегияны қолдана аласыз? •Сіз әрдайым жеңу жолын көресіз бе? Сен неге .. екенін айта аласың ба? •…ойын барлық ойыншыларға бірдей мүмкіндік береді... •…бірінші жүрген ойыншының артықшылығы бар.. •…ойын үш ойыншыға жарамайды... Жазу сыбырсөздері: •Анық нұсқаулықтар жиынын жасаңыз. •Ойын ойнап болған соң өз пікірлеріңізді жазыңыз. •Баламалы карталар жиынын жасаңыз. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзін - өзіне қызмет көрсетуге баулу | ||||||
Пәнаралық байланыстар | АКТ, | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ойындардағы сан тізбектерін зерттеу | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы (0-10 мин) | (Б) Біз жәрмеңке, ойын алаңы немесе циркке барғанда алдымызда тұратын түрлі таңдаулар идеясын таныстырыңыз. Мысалы: ойын алаңында әткеншек, төбешік және сырғанақ бар. Біз оларға осы кезекте баруға міндеттіміз бе? Оқушылар басқа кезекті ұсына ала ма? Біз барлық үш ойынды да көру үшін қанша түрлі жолмен бара аламыз? | Презентация,суреттер | |||||
Сабақ ортасы (10-35 мин)
| (Ж,ф) Біз осы ойындардан соң балмұздақ жегіміз келді деп елестетіңіздер. Онда ванильді, шоколадты және құлпынай балмұздағы бар. Егер біз әр дәмнің бір дөңгелегін алсақ, балмұздақ конусында дәмдер қанша түрлі орналастырыла алатынын зерттеңіздер. Біз не таптық? (Ж,ф) Үш таңдауымен мүмкін комбинациялар саны арасында байланыс бар екендігін анықтағаннан соң, оқушылардан төрт таңдауы бар жағдайды елестетулерін және зерттеулерін сұраңыз. Оқушылардан басқа оқушыларға біріктірілетін төрт заттың не екенін, олардың қалай барлық комбинациялардың болуына көз жеткізгендігін және қанша комбинация болғанын айта отырып, кері әсер берулерін сұраңыз. Олар нәтижелерінің арасындағы келісімді талқылаңыздар және бұның басқа жағдайларда қалай пайдалы бола алатындығын қарастырыңыздар. (Б) Одан да қиындатыңыз – балмұздақ мысалында, біз таңдаудың барлығына, немесе екеуіне бір дәмді таңдай аламыз деп елестетіңіз, солайша, мысалы, біз ваниль-ваниль-ваниль немесе ваниль-ваниль-құлпынай таңдай аламыз. Біз барлық мүмкін таңдауларды көрсетудің қандай нәтижелі жолын таба аламыз? Жұмысты бастамас бұрын оқушылардан қанша комбинация табамын деп күтетіндерін сұраңыз. (Ж/ЖЖ/Т, Тәж) Оқушыларға зерттеуге және нәтижелерімен бөлісуге уақыт беріңіз. Төрт таңдауға кеңейтілгенде нәтиже қандай болады? | Кеселер мен тарелкелер комбинацияларының логикалық есептері http://nrich.maths.org/7397
Интерактивті тақта | |||||
Сабақтың соңы (35-40 мин) | Қалыптастырушы бағалау. Бағдаршам көздері ойыны арқылы бағдаршам түстерінен неше комбинация шығатынын сұраңыз. Бағдаршам көздері бойынша комбинацияларды орындап болған соң,оқушыларға осы бағдаршамдары бойынша түсіндім, сұрақтарым бар,қиналдым деген үш кері байланыс берулерін сұраймын. | Бағдаршам суреті | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
|
|
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?