Ұжым. Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырыбы: Формулалар
Оқу мақсаты: . Бір/екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.
3.2.1.7. Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну
3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану
Ынталандыру.
«Күн сәулесі» ойыны арқылы көбейту мен бөлуден тапсырмалар ауызша орындау.
Өзектендіру.
Т.Ж.Оқулықтағы 1- практикалық сабақ топпен орындалады. Оқушылар 6 санына көбейту мен бөлу мысалдары жазылған кесте мен олардың жауаптары бар карточкалар алады. Оқушылар өрнектерді және олардың мәндерін жалғастыру қажет.
Ойын.«Мен саған, сен маған» ойыны арқылы 6 санының көбейту кестесін кезектесіп екі бала бір-бірінен сұрау және жауап алу.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»
Ұ.Ж.Оқулықтағы 2- тапсырманы орындау үшін оқушылар кестені толтырып, әрбір есеп үшін қандай формуланы қолданғанын түсіндірулері қажет.
Егер бағасы және саны белгілі болса, қыстырғыштардың құнын қалай білуге болады?
Егер бізге барлық сатып алынған заттың және бір өшіргіштің бағасы белгілі болса, сатып алынған өшіргіштердің санын қалай білеміз?
Егер сатып алынған заттың және дәптерлердің саны белгілі болса, бір дәптердің бағасын қалай білеміз?
«Шапалақ» арқылы бағалау
Т.Ж.3-тапсырмада оқушылар формулаларға сүйене отырып, өнімді есептеуге көмектесулері қажет. Оқушылар кестені пайдалана отырып, кері есеп құрастырып, оны шығарады.
(Топта оқушыларға өз ойларын айтуға мүмкіндік беру)
«Смайликтер» арқылы бағалау
Ж.Ж. 4-тапсырма топпен орындалады. Оқушылар есепті формулаларды пайдалана отырып шығарады.
Берілген есепке кері есеп құрады.
«Жалғасын тап» әдісі арқылы
1. Бүкіл сатып алынған затқа жұмсалған ақша сомасы – … (құн).
2. Тауардың бір бірлігіне жұмсалған ақша мөлшері – … (баға).
3. Тауар бірлігінің мөлшері – … (сан).
4. Санды табу үшін … (құнды бағаға бөлу керек).
5. Құнды табу үшін … (бағаны санға көбейту керек).
6. Бағаны табу үшін… (құнды санға бөлу керек).
(Қателерін түзеу) «Смайликтер» арқылы бағалау
Ж.Ж. 5-тапсырма жұппен «Көршіңмен кеңес» әдісі арқылы амалдардың орындалу реті бойынша өрнектердің мәндерін табады. .
«Басбармақ» арқылы бағалау
Рефлексия. Өзін-өзі бағалау парақшасы арқылы бағалау
Оқушының аты-жөні | Мен өз жұмысыма қанағаттанамын | Мен тырыстым,бірақ ойдағыдай шықпады | Мен өз жұмысыма қанағаттанбаймын |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?