1A тарау: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту. Мыңдық Үлкен сандар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1A бөлім: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту. Мыңдық | Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: НЗМ ФМБ Талдықорған қ | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З | ||||||
Сынып: 3 А | Қатысқандар:17 | Қатыспағандар саны: 0 | |||||
Сабақ тақырыбы | 1A тарау: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту. Мыңдық Үлкен сандар | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 3.1.1.1** 1000-ға дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну/ 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау | ||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерийлері | 1000 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсінеді 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды үш таңбалы сандарды оқуды, жазуды және салыстыруды үйренеді | ||||||
Сөздік қор | үш таңбалы сандар, разряд, бірліктер, ондықтар, жүздіктер, | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. | ||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Көп таңбалы сандарды санау, есептеуде қолдану | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі , дүниетану сабақтарымен байланыс орнайды. Құмырсқаның еңбекқорлығы туралы айтылады | ||||||
ИКТ | АКТ – мен байланыс, презентация | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар күнделікті өмірдегі тәжірибесіне сүйенеді. 5-ке дейін көбейту кестесін біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 минут | Психологиялық дайындық Үлкенге де Сіз, Кішіге де Сіз Бар адамға құрметпен Бас иеміз Біз - ОМ таныстыру Үш таңбалы сандардың қалай аталатынын және олардың қандай разрядтан тұратынын білетін боласың. Үш таңбалы сандарды оқуды және жазуды үйренсің |
| |||||
Сабақ ортасы
30 минут | (Ұ) – Ең кіші бір таңбалы сан қайсы? Ең үлкен ше? – Ең кіші екі таңбалы сан қайсы? Ең үлкен ше? Сан түзуінің кесіндісін (95-тен 120-ға дейін) тақтаға орналастыру және сұрау: – 100-ге дейінгі қандай бес санды білесің? – Сен қалай ойлайсың? 100-ден кейін қандай сан болады? Егер оқушылар 101 санын айтпаса, сан түзуі бойымен оңға қарай бір «қадам» жасау және 100-ден кейінгі сан 1-ге артық екенін хабарлау, яғни бұл сан 101 (жүз бір). Осылайша сан түзуі бойымен санауды 120-ға дейін жалғастыру. Оларға мынадай сұрақтар қою: – 100 санынан кейінгі сандар бір таңбалы және екі таңбалы сандардан несімен ерекшеленеді? – Бұл сандарды қалай атауға болады? Неліктен? Содан кейін кішігірім зерттеу ұсыну. Балаларға бұрын айтқан үш таңбалы сандарының кез келгенін көрсету. Мысалы, 112. Алақанмен осы санның жазылуындағы сол жақтағы бірінші цифрды жабу. Сосын сұрау: – Қандай сан шықты? (12.) – Бұрын 112 болған, мен сол жақтан бірінші санды жаптым. Сонда 12 саны шықты. Қандай қорытынды жасауға болады? (Үш таңбалы сандарды оқығанда бірінші сөз «жүз», ал қалған бөлігі түгелімен екі таңбалы санды оқумен сәйкес келеді: «жүз он екі» – «он екі») Содан кейін осы қорытынды басқа сандармен де бекітілетінін тексеруді ұсыну. Осылайша оқушылар үш таңбалы сандарды оқудың ережесін қорытып шығара алады. Үш таңбалы санның жазылуындағы бірінші және екінші цифрлар екі таңбалы сандардағы сияқты бірінші және екінші разрядтың бірліктерін көрсетеді, ал сол жағындағы үшінші цифр санның үшінші разрядының бірлігі – жүздіктер разрядын көрсететінін хабарлау. Ережемен таныстыру Жазылуында үш цифр қолданылатын сандар көп таңбалы сандар деп аталады. Келесі сан қандай? Жауабы: а) 615, 614, 613, 612, 611, 610; ә) 1000, 999, 998, 997, 996, 995; б) 100, 101, 102, 103, 104,105; в) 199, 200, 201, 202, 203, 204; г) 709, 710, 711, 712, 713, 714. (смайлик арқылы бағалау) Шығарып көр. Сан түзуіндегі 217 –ден ке дейін қанша үш таңбалы сандар бар? 235 тен 223- ке дейін ше? 217-ден 235-ке дейін ше? 676-дан 690-ға дейін ше? Ә)Құрттың ұзындығын анықта. Б) қармақтың ұзындығын анықта. Ұзындығын метрмен және сантиметрмен өрнекте. Жауабы: А. 7, 13, 19, 15; Ә. 10 см = 1дм; Б. 11 дм = 1 м 1 дм = 110 см. Сандардың разрядын ата. Разряд-бұл санның жазылуындағы цифрдың орны.Үш таңбалы сандар үш разрядтан түрады.Бірліктер, ондықтар, жүздіктер. Бірліктер разряды - бұл кез кез келген сан аяқталатын ең кіші разряд. Санның соңғы разряды бірліктен басталады. Оқулықтағы иллюстрация бойынша сынып оқушыларымен жалпылай әңгіме жүргізу. Оқушыларға үш таңбалы сандарды оқыту. Оқушылар кітаптың бетін, офистегі кабинеттің нөмірін, автомобильдің тіркеу нөмірін, үйлердің нөмірін, жолдың километражын көрсететін сандарды атайды. Содан кейін мына сұрақтарды қойылады.: – 346-беттің сырт жағында қандай бет болуы тиіс? 348-беттің ше? 350-беттің ше? – Әрбір санның разрядын ата. – Қай сан артық? Неліктен? – Үш таңбалы санның ең кішісі қайсы? – Сен қалай ойлайсың? Сандардың ең үлкені қайсы? – Сендер күнделікті өмірде тағы қай жерде үш таңбалы сандарды көрдіңдер? Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Үш таңбалы сандардың қай жерде кездесетініне мысал келтіріңіз. Мысалы, қала үйлеріндегі пәтерлердің нөмірі, әуе рейстерінің нөмірі, шұғыл көмек көрсететін қызметтердің нөмірі (101, 102, 103), кабельді телеарналардың нөмірлерін айтуға болады және т. с. с. Суреттегі сандарды өсу ретімен және кему ретімен атауды қосымша тапсырма ретінде ұсыну. (Т) Орындап көр. Әрбір топқа 4, 8 және2 сандарынан қандай үш таңбалы сандар жазуға болады? Топ ламинатталған парақтарға барлық алынған үш таңбалы сандарды жазуы тиіс. Жауабы: 248, 284, 428, 482, 824, 842. (Ж) Ойлан. А. Қанда үш таңбалы сан бірінші разрядтың 3 бірлігі мен үшінші разрядтың 3 бірлігінен тұрады. Ә) Қандай үш таңбалы сандар тек үшінші разрядтың бірліктерінен тұрады? Жауабы: А. 303. Ә. 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900 Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ҚБ.Cандарды жаз Жиырма төрт, алты жүз қырық тоғыз, сегіз жүз алпыс жеті,бес мың алты жүз алпыс алты, сегі мың төрт жүз тоқсан тоғыз, он мың сексен үш, жеті мың алты жүз жиырма төрт | 95-тен 120-ға дейінгі сандары бар сан түзуінің кесіндісі; • ламинатталған қағаз парақтары, маркерлер; • заттардың суреттерінде үш таңбалы сандар жазылған (үш таңбалы санмен жазылған тіркеу нөмірі бар автомобиль; пәтердің немесе үй- дің нөмірі; бетінің нөмірі үш таңбалы сан екені көрініп тұрған беті ашық кітап, кассалық аппа- раттың таблосында үш таңбалы санмен ақшаның сомасы көрініп тұрған фотосы және т. с. с.); • әрбір топ үшін 2, 4, 8 сандары жазылған 3 тек- ше (немесе кеспеқағаздар). | |||||
Сабақтың соңы 5 минут |
| ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға «Теңдеуді шеш» тапсырмасы ұсынылады | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Келесі сан қандай? тапсырмасы - мадақтау, қолдау көрсету арқылы бағалау;Шығарып көр. (жұлдызша арқылы бағалау) Орындап көр- топтық жұмысы (Өзара бағалау) (Ж) Ойлан. (Бақылау арқылы бағалау) ҚБ Cандарды жаз - жазба түрде бағаланады | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?