Көп таңбалы сандарды салыстыру. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту

№5 сабақ.Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды салыстыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастыру; 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады: үш таңбалы сандарды оқиды және атайды, оларды жазады, сандардың графикалық модельін пайдаланып, салыстырады

Оқушылардың көпшілігі: үш таңбалы сандардың жүздіктерден,

ондықтардан және бірліктерден құралатынын біледі, санның

графикалық моделіне сүйенбей-ақ, үш таңбалы сандарды салыстыра

алады.

Оқушылардың кейбіреулері үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктей алады.

Ғылыми тіл

Оқушылар үш таңбалы сандарды салыстыру тәсілін түсіндіреді, разрядтық қосылғыштарды атайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Үш таңбалы сандарды қалай салыстырады?

Разрядтық қосылғыштарға қалайша жіктейді?

Санның графикалық моделіне сүйеніп, үш таңбалы сандарды қалай

салыстыруға болады?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Қосу және азайту амалдарын орындай алады, компаненттерін атайды.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық

Аспан- аспан арайлым,

Қызыға саған қараймын.

Сені көзбен шоламын.

Мен ғарышкер боламын.

Оқушыларды топқа бірігуі Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.

«Артық», «Кем», «Тең».

(Т.Ж.) «Пазлдар»

Әр топқа пазл құрастыруға арналған суреттердің қиындысын таратып береді.Пазлдан Астана қаласындағы биік ғимараттардың суреттері құрастырылады. «Байтерек» -97м, жалпы ұзындығы -105м, «Астана салтанаты»-144м, «Солтүстік шұғыласы»-180м ғимарат туралы қысқаша мәлімет алады. Ғимараттардың ұзындықтарын салыстырады.

  • Ең биік ғимараттың ұзындығы неше метр?
  • Ең аласа ғимараттың ұзындығы ше?
  • Қай ғимарат ұзын?
  • Неше метр ұзын?
  • Оны қалай білдің?
  • Қай ғимарат аласа ?
  • Неше метр аласа?
  • Оны қалай білдің?

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау.

Слайд №2

Топтың аты «Артық», «Кем», «Тең».

жазылған

қима қағаздар

әр топқа плакат

пазл құрастыруға арналған суреттер

Слайд №3,4

Сабақтың ортасы

30 мин

.Ж.) Математикалық диктант

Оқушыларға разрядтар мен кластар кестесі таратылып беру. Алғашында кестедегі бірліктер қатарынан бір санды, содан кейін – ондықтар мен жүздіктерден бір санды көрсету. Оқушылардан алған сандарын дауыстап айтуды сұрау. Мысалы, 6, 40 және 500 сандарын көрсету. Қандай сан алынғанын сұрау (546). Оқушыларға бұл саннан 1 жүздікке артық санды (646), 3 жүздікке кем санды (246), екі ондыққа артық санды (366), 4 ондыққа кем санды (506), 3 бірлікке

артық санды (549), 5 бірлікке кем санды (541) кестеге толтыруды сұрау. Берілген кесте бойынша құрастыруға

болатын ең кіші және ең үлкен санды атауды сұрау.

Үш таңбалы екі санның қайсысында барлық бірлік-

тердің саны артық болса, сол санның үлкен болатыны

жайлы қорытынды жасау.

«Басбармақ» арқылы бағалау.

.) Оқушыларға қима қағазға жазылған тапсырмалар таратылып беріледі.Оқушыларға сандық сәуле бойындағы түсіп қалған сандарды толықтырып жазуға беріу. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып оқып береді және мынадай қорытынды жасайды.Сан түзуінде екі натурал санның оңға қарай орналасқаны үлкен болып табылады. Ал солға қарай орналасқаны – кіші болады. Оны қалған оқушылар естерінде сақтап қалу керек екендігін айту.

Тапсырма:

А)561, 562,....,...,...,566, 567....

Ә) 125,126, 127,..., 129,..., 131...

Б) ...233,....,235,..., 237,....

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Т.Ж.) Оқушылар берілген тапсырма бойынша жауаптарын негіздей отырып, сандардың жұбын топта салыстырады. Оқушылар кейбір жағдайда сандардың тек жүздіктерін, ондықтарын салыстырса жеткілікті екені туралы қорытынды жасайды. Қиындық туған жағдайда оқушыларға көмек көрсету.

Тапсырма:

А) Қоршаумен берілген цифрлардан сан құрап жаз. Жүздіктерін салыстыр.Сандардың арасына < және > белгісін қой.

Ә) Қоршаумен берілген цифрлардан сан құрап жаз. Алдымен жүздіктерін сосын ондақтарын салыстыр. Сандардың арасына < және > белгісін қой.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Сандарды салыстыр.

.Ж.) Оқушылар қатесін тауып, салыстырады және теңсіздіктерді дәптерлеріне жазады. Оқушылар тапсырманы дұрыс орындағанын тексеру үшін, дәптерлерін жұпта ауыстырады және өзара тексереді. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар салыстыруды жоғары разрядтан бастау керек деген ұғымды түсініп, үйренеді. Қабілеті жоғары оқушыларға сандардың разрядтық құрамын атайды және нөлдің сандардың әртүрлі разрядында тұрған кездегі рөлін нақтылайды.

Тапсырма:

Қатесін тауып ٧ белгісін қой.

«Смайлик» арқылы бағалау.

(Т.Ж.) Ойлан, тап.Әрбір топқа тапсырма жазылған қима қағаздар таратып беру. Жұлдызшаның орнына теңсіздік тура шығатындай етіп кез келген тиісті санды жазады.Мүмкін болатын жағдайларды қарастырады. Жуаптарын ламинатталған параққа жазады. Содан кейін әрбір топ бір – бірімен жұмыстарын ауыстырады. Көрші топтың жұмысын тексереді. Әрбір топтан бір оқушы шығып жұмыстарын қорғайды. Оқушылар көп таңбалы сандарды салыстыруда разрядтарға көңіл бөлу керектігін үйренеді.

«Басбармақ» арқылы бағалау.

Слайд №5

разрядтар мен кластар кестесі;

Слайд № 6, 7

Тапсырма жазылған қима қағаз

Слайд № 8

Слайд № 9

ламинатталған параққа

Слайд № 10

Сабақтың соңы

5мин

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

«Бағдаршам» түстері арқылы.

Стикерлер.

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Бағдаршам» арқылы бағалау

«Басбармақ» арқылы бағала

«Шапалақ» арқылы бағалау

«Смайлик »арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу