Мен тұратын жердің климаты және ауа райы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


3- сабақ. Үштаңбалы сандарды ауызша қосу және азайту

Оқу мақсаты:3.1.2.5. Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау.

3.4.3.1. 1000 көлеміндегі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбегінің заңдылығын анықтау.

Сабаққа қажетті ресурстар: 1-9-ға дейіннгі цифрлар жазылған кеспе қағаздар; разрядқа жіктеу үшін таблицалар;

Сабақта көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру мақсатында музыка әуенімен

«Қарлығаштар биін» билеу. Көрсетілген құстардағы сандарды оқып шығу.

– Біздің аймақтың климаты мен ауа райы қандай?

Қазақстан теңіздер мен мұхиттардан шалғай орналасқан, климат континенттік зонасында суықтың ызғары бар. Көптеген аймақтарда қыс суық, ал жаз тым ыстық.

«Разрядтық құрам»

«Санның орны»

Санның разрядтық құрамына қалай талдау керек екендігіне тоқталып өту

Өзектендіру.

Оқулықтан 1-тапсырманы орындауды ұсыну.

Оқушыларды тапсырманы қарап, үш таңбалы сандардың ондық разрядтың бірлігі жоғын ғана жазып алады, ауа райының түрленуін суреттейді. Оқушылар тағы үш санды тауып, оны кему ретімен жазады.

(Т)Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Оқулықтағы 2-тапсырманы – практикалық жұмысты – топпен орындауды ұсынады. Оқушылар толық жүздікпен, ондықпен, бірлікпен үлестірмелі карточкаларды дайындап, ұсынылған сандарды алдыңғы және кейінгі сандарды атай отырып, құрайды, сұрақтарға жауап береді:

– Алдыңғы сан қаншаға кем?

– Кейінгі сан қаншаға артық?

Жаңаны ашу.

Оқушылар жазбаны бірі-біріне жұпта түсіндіреді, қосу мен азайтудың компоненттерін атайды және бір-біріне сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу разряд бойынша қосу мен азайтуды орындауға міндетті түрде қажет болатынын түсіндіреді.

Ары қарай үлестірмелі карточкалармен жұмысты жалғастырып, мұғалім әр оқушыға сандардың бірін таңдап (жауып, ары жылжытып), бірлік (ондық, жүздік) санын білдіретін шыққан санды табуды ұсынады.

Мысалы, 532 санынан 2-ні алып тастаса 530 қалады.

- Ал егер 2 (20, 200) санын қосу керек болса ше?

Балалар ойларын айтады.

Осыдан кейін 532 мен 124 санын үлестірмелі карточканы пайдаланып қалай қосуға болатынын түсіндіреді.

Мұғалім 3-тапсырманы орындауды ұсынады, оқушылар орындалған іс-әрекетті түсіндіреді, мұғалімнің көмегімен үш таңбалы сандарды қосу мен азайту ережелерін құрастырады.

«Смайлик» арқылы бағалау

(Ж)Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы 4-тапсырма орындалады. Оқушылар кезекпен бірінші бағандағы орындалған тапсырманы түсіндіріп береді, осы бойынша екі бағандағы есептің мәнін түсіндіреді. Оқушылар тапсырманы орындау барысында үш таңбалы сандарды қосу мен азайтуды разряд бойынша орындау дағдыларын бекіте алады. Ол үшін олар алдымен сандарды разряд бойынша қосылғыштардың қосындысына жіктейді, ал содан кейін сәйкес разрядтардың бірліктері арасындағы амалды орындайды.

«Смайликтер» арқылы жұмыстарын бағалайды

(Т) 5-тапсырма. Есепті шығару.

Есептегі берілген мәліметтерді топта өзгерте отырып, есепті қайта шығару.

Жауабы:

Барлығы – 365 күн

Ашық – 250 күн

Бұлыңғыр – 60 күн

Қалғаны - ? күн

Ш: 365 – (250 + 60) = 55 күн

Өздік жұмыс

Мұғалім дәптерден жеке және жұппен орындалатын тапсырма береді, артынан тексереді.

Форматты бағалау жүргізу үшін баланың қабілеттілігін талап ететін тапсырма беріледі:

-үш таңбалы сандардың ондық құрамын ата;

-1000 көлеміндегі сандарды ондық құрамы негізінде орналастыру;

-1000 көлеміндегі сандарды ондық құрамы негізінде азайту.

Өткенді қолдану.

Оқулықтан 4, 5- тапсырманы орындауды ұсынады.

Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелі карточкалар таратады, оқушылар жалғасын жазады:

Мен… үйрендім.

… менің қолымнан келді.

Мен … жасай алдым.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу