Көбейтуге кері амал ретінде бөлуді оқып үйрену. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Матматика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2A тарау: Көбейту және бөлу амалдарымен танысу

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күн

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып:

Қатысқандар:17

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Көбейтуге кері амал ретінде бөлуді оқып үйрену

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.12 Бөлуді көбейтуге кері амалы ретінде түсіну;

2.4.1.2 Бөлудің мәнін тең бөліктерге бөлу немесе обьектілерді топтастыру деп түсіну

 Сабақ мақсаттары

Көбейтудің бөлуге кері амал екендігін түсінеді, соған байланысты жаттығу есептерін орындай отыра дағдылары дамиды.

 Бағалау критерийлері

көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен немесе бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейтумен алмастыра отырып, есептеулерді дұрыс орындай алады.

 Тілдік мақсат

 

  • көбейту, есе, көбейту, бірнеше рет қосу
  • бөлу, бөлу, бірнеше рет алу
  • амал, кері амал, нәтиже
  • заңдылық, сандық заңдылық, диаграмма

ер біз..., … болады

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысында таныстырылымды пайдаланау арқылы, қалыптастырушы бағалау жұмыстарын тарату арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

2 – ні көбейту кестесі мен оған кері амал ретінде бөлуді қарастырылды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушылармен шеңбер құру.

Жеті бірдей өренбіз ,

Жеті шумақ өлеңбіз ,

Жеті түрлі бояумыз,

Жеті түрлі әуенбіз ,

Жеті атаны қастерлеп

Өсіп келген өренбіз.

7 - бір таңбалы, тақ сан

Бүгін біз сабақ тақырыбына байланысты 7 санына тоқталамыз. 7 саны қазақта киелі сан болып, есептеледі. 7 санына байланысты не білесіңдер? 7 күн, 7 ата, 7 жұт, 7 қазына, 7 шелпек, 7 түс, 7 жетім,7 дәм, 7 шелпек, 7 қазына.

Сабақ ортасы

(Ұ, МК) тақтада көрсетілген көбейту кестесін пайдаланып 7 – ні көбейту кестесін қарастыру.

(ОТ) Оқушылар 7 – ні көбейту кестесін бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып, көбейтумен алмастыруды дәптерге жазу тапсырылады.

1)7+7+7+7+7+7+7 7х7=

7+7+7+7+7+7+7+7 7х8=

7+7+7+7+7+7+7+7+7 7х9=

Көбейту  дегеніміз  бірдей  қосылғыштардың 

Қосындысы деген қортыныдыға келеді.

(Ж) Жұппен жұмыс. Дәптерге оқушылар жұптасып келесі тапсырманы орындайды.

2)7*3 =

7*== 49

21 : 7 =

(Ұ, МК) Оқушылар берілген кестеге қарап, көбейту кестесін ауызша талдайды, түсіндіреді.

7 қорапқа – 63 кг алма салынды

Әр қорапқа -? кг алма

63:7=9 (кг )

Жауабы: Әр қорапта 9 кг алма

(Т) Топпен жұмыс. Сынып оқушылары үш топқа бөлініп, үш себетті толтыру керек, ол үшін жоғарыда берілген көбейту және бөлуге берілген мысалдарды топтаса кезекпен жазу керек.

Сабақтың соңы

Кері байланыс. «Бағдаршам»

Қызыл түс – ешнәрсе түсінбедім, орындай алмадым.

Сары түс – түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін.

Жасыл түс - жаңа тақырыпты меңгердім, өзім орындай аламын.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төмен оқушыларға топпен жұмыс барысында заттарды қолданып, түсіндірулері, қабілеті жоғары оқушыларға бөлуді орындауын тапсыру.

Оқушыларға берілген практикалық жұмыстар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу