Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу, азайту тәсілдері. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2A бөлім – Екі таңбалы сандарды қосу және алу. Жүздіктер. Есептер

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу, азайту тәсілдері

Оқу мақсаты

1.2 Сандармен операциялар

 Сабақтың мақсаттары

2.1.2.8 34+23, 57-23/ 27+34, 61-27/47+33, 80-47 тәрізді жағдайларда екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

 Бағалау критерийлері

Екі таңбалы сандарды «бағанмен» қосу және азайту алгоритмдерін қолданады

 Тілдік мақсат

Екі таңбалы сандарды бағанмен ондықтан аттап азайтудың алгоритмі: бірліктерді азайтқанда бір ондықты қарызға аламыз, ондықты азайтқан кезде бірлікті азайтқанда қарызға алған бір ондықты азайтамыз.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, татулық, өзара түсіністік сияқты құндылықтарды қалыптастыру.

Алдыңғы білімдер

Екі таңбалы сандарды ауызша қосу, азайту тәсілдерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларға «73,20,17,39,61,58,49 сандарды өсу ретімен орналастыр» және «Домино» тапсырмаларын ұсынып, сабақты қайталаудан бастау (2-3 слайд)

Презентация

Сабақтың ортасы

(Т) Топпен жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар тапсырма барысында теңдеулерді шешеді. Теңдеудің түбірін табу ушін, оқушылар екі таңбалы сандарды ондықтан аттап «баған» түрінде азайтудың жазбаша тәсілін қолданады.

) «Мерекеге арналған гүлдер» тапсырмасын жұптық жұмыс ретінде ұсыну. Оқушылар екі таңбалы сандарды баған түрінде ондықтан аттап қосу мен азайтудың алгоритмін бір-біріне айта отырып, мысалдарды жұппен орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылардың бір жұбына өрнектің жауабын айтуды, ал қалған оқушылардан жауаптың дұрыстығын бағалайды. Оқушылардан мысалдарды шешкенде не байқағанын сұрау.

(Т) Топтық жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларға есепті топпен оқуды ұсыну, содан кейін топтың әрбір мүшесінің есепті қалай шығарғанын тыңдау. Топ ортақ бір пікірге келіп, өрнекті параққа жазады. Тапсырманы орындаған соң, әр топтан бір оқушыдан шақырып, тақтада есептің шығарылуын көрсетуді ұсыну. Қалған оқушыларға жауаптың дұрыстығын белгі беретін кеспеқағазбен бағалауды сұрау.

Арман есептер шығарды. Онда 32 бала, 6 бәліш, 18 қыз деген жауап шықты.Тексеріп көр. Барлық есептердің жауаптары дұрыс па?

а)Дене шынықтыру сабағына 17 ұл және 15 қыз қатысты.

Сабаққа барлығы неше бала қатысты?

ә) 20 бала мектеп асханасында бәліш сатып алды. Оның 14-і

орамжапырақ қосылған бәліш, қалғаны картоп қосылған

бәліш сатып алды. Балалар қанша картоп қосылған бәліш

сатып алды?

б) Мектеп концертіне 22 ұл және олардан 5-уі кем қыз

қатысты. Концертке қанша қыз қатысты?

(Ұ) Көзге арналған жаттығу (4-слайд)

(Ө) «Математикалық лабиринт» тапсырмасын орындауды ұсыну. Оқушылар екі таңбалы сандарды баған түрінде ондықтан аттап қосу мен азайтудың алгоритмін қолдана отырып, мысалдарды өздігінен орындайды (5-слайд)

Сабақтың соңы

(Ұ) Оқушыларға келесі сұрақтарды қою:

• Сандарды баған түрінде жазғанда қандай

алгоритмді сақтау керек?

• Қосуды баған түрінде орындағанда бірліктер

мен ондықтар қандай ретпен қосылады?

• Бірліктерді қосқанда қандай сан пайда болады?

• Бірліктерді қосқанда шыққан екі таңбалы санды

бірліктің астына қалай жазуға болады? Нені

міндетті түрде орындау керек?

• Ондықтарды қосқанда нені міндетті түрде

орындау керек?

• Азайтуды баған түрінде орындағанда, бірліктер

мен ондықтар қандай ретпен азайтылады?

• Кіші саннан үлкен санды азайтуға

болмайтындықтан, бірліктерді азайтуда нені

міндетті түрде орындау керек?

• Бірліктерді азайтқанда, бірліктің үстіне не

жазылады, ал ондықтың үстіне ше?

• Ондықтарды азайтқан кезде, нені міндетті түрде

орындау керек?

(Ұ) Кері байланыс (6-слайд)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қай оқушыға баған түрінде ондықтан аттап қосу мен азайтуды орындау қиындық туғызғанын анықтау үшін оқушыларды бақылау.

Мадақтау айту, смайл беру арқылы бағалау. Жауаптары мен жасаған жұмыстарын бақылау арқылы бағалау.

Көзге арналған жаттығуды орындату



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу