Уақыт туралы түсінік Біз уақыт туралы не білеміз? Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3C бөлім: Уақыт туралы түсінік | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З | ||||
Сынып:1А | Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||
Сабақтың тақырыбы | 3C бөлім: Уақыт туралы түсінік Біз уақыт туралы не білеміз? | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.10 Уақыт аралықтары туралы (минут, сағат, тәулік, апта күндері, ай) білу, тиісті уақыт өлшем бірліктерін қолдану және олардың өзара байланысын білу | ||||
Сабатың мақсаттары | Іс -әрекет қанша уақытқа созылатынын қалай есептеу қажеттігін бекітуге жаттықтыру | ||||
Жетістік критерийлері |
| ||||
Сөздік қор | ай, күнтізбе,уақыт, сағат, минут. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Уақыт өлшем бірліктері | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
3минут | Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру Шаттық шеңбері Шеңбер болып тұрайық, Бізге келсін қуаныш нұр іздеген. Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден ОМ анықтап алу
| бөлім бойынша өтілген барлық тірек сөздер жазылған кеспеқағаздар; сағат модельдері; ай аттары жазылған кеспеқағаздар-2 жинақ; апта күндерінің аттары жазылған кеспеқағаздар-4 жинақ; тәулік мезгілдерінің аттары жазылған кеспеқағаздар (таңертең,күн,кеш,түн)-6 жинақ |
30 минут | (Ұ,Т) Ұқсас сағаттардан уақытты (1 сағатты ,2 сағатты,..12 сағатты ) көрсету, ал оқушылар көрсетілген уақытты айтуы тиіс. Кері тапсырма орындау: уақытты айту,ал оқушылар сағат моделінен уақытты көрсетеді. уақыт өлшем бірліктерінің ара қатынасына байланысты ойын ұйымдастыру. Барлық ойыншыларға апта, ай, тәулік мезгілдерің аттары жазылған кеспеқағаздарды таратып беру.
( Ж.Қ ) Хайуанаттар бағында. Балалар керік тұратын торға сағат 12-де келді. Керік пен оның төлін 15 минут бақылады. Балалар кеткен кезде сағаттың минуттық тілі қай санды көрсетіп тұрды? Жауабы: 3 санында Шығарып көр. Баланың әкесі жұмысқа таңғы сағат 8-де кетіп, кешкі сағат 7-де қайтып келді. Сағат моделінің көмегімен әкесінің жұмыста қанша уақыт болғанын есепте. Жауабы: 11 сағат Отбасылық демалыс. әкесі, анасы, және балалары үш апта теңіз шипажайында болды. Отбасы теңізде неше күн демалды? Жауабы: 21 тәулік Орындап көр. Самалдың анаасы сейсенбі және бейсенбі күндері фитнеспен айналысады. Самалдың анасына сәуір айына жаттығу кестесін құруға көмектес. Жауабы:4,6,11,13,18,20,25,27 | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер?
Ойлан! Сен қазір неше жастасың? Сен неше жылдан кейін мектепті бітіресің? Сен сонда неше жаста боласың? | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
уақыт өлшем бірліктері арасындағы өзара қатынасты анықтауда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету. | уақыт өлшемін анықтап үйренеді | Сергіту сәті |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?