Айналаңа қамқорлықпен қара! Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: №7

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім атауы

6-бөлім. Қоршаған ортаны қорғау

Сабақтың тақырыбы

Айналаңа қамқорлықпен қара!

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

4.3.4.1 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

4.​5.​1.​4 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: мәтінде көтерілген мәселені түсінеді;

Оқушылардың басым бөлігі: септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолданады

Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастырады

Бағалау критерийлері

(күтілетін нәтиже)

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді;
  • кейіпкер іс-әрекетіне қатысты кем дегенде 3 сұрақ (неліктен?

не үшін?) құрастырады;

  • ауызша/жазбаша тілде 2-3 жіктеу есімдіктерін және 2-3 септеулік шылауларды орынды қолданады;
  • қоршаған орта туралы өз пікірін білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

білу, түсіну, қолдану, бағалау

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

ағаш отырғызу, шыбықты қадау, тамыр, қария, қалқам, түбін көму, арқасынан қағу, бәйтерек, көлеңкеде дем алу, көзі түсті, қулана айтты т.б

септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктері және септеулік шылаулар

Диалог/монолог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, дәлел келтіремін, деп ойлаймын....

Құндылыққа бағытталған мақсаттар

әлеуметтік-эмоционалдық: өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді; жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;

Танымдық: сынып ережесіне бағынады; өз іс-әрекетіне жауап бере алады

Пәнаралық байланыс

«Музыка», «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу, «Дүниетану» пәндерімен байланысады

АКТ қолдану

әдістемелік құрал, интербелсенді тақта /таныстырылым/

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

жоспарланған іс-әрекеттер

дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

3мин

Психологиялық жағымды орта қалыптастыру

«Жақсылық тамшысы» әдісі арқылы мұғалім оқушыларға осы кезге дейін істеген жақсы іс-әрекеттерін тамшы формасындағы стикерге жазып, тақтаға ілулерін сұрайды. Мұғалім тақтадағы стикерде жазылған жауаптардың бірнешеуін оқып, сыныппен ой бөліседі.

І Қызығушылықты ояту:

«Ой қозғау» әдісі

  • Балалар, қоршаған орта деп нені айтамыз?
  • Сендер қоршаған ортаға қандай қамқорлық жасап жүрсіңдер?

Осы сұрақтар негізінде оқушылар сабақ тақырыбын анықтайды

Сабақтың ортасы

5 минут

10мин

5мин

3мин

7мин

ІІ Мағынаны тану:

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийі ұсынылып, талқыланады.

  • Мәтіналды тапсырма:

Жаңа сөздердің мағынасын анықтап, сол сөздермен 3 сөйлем құрастырыңдар: ағаш отырғызу, шыбықты қадау, тамыр, қария, қалқам, түбін көму, арқасынан қағу, бәйтерек, көлеңкеде дем алу, көзі түсті, қулана айтты т.б

  • Мәтінмен жұмыс:

1-тапсырма:

  • мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқыңдар
  • мәтіннен баланың қателігін көрсететін ақпаратты тауып, белгілеңдер
  • мәтінге ат қойыңдар

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:

  • Әңгіме кім туралы болды?
  • Ермек не істеді?
  • Көрші қария Ермекке не деді?
  • Ермек қандай бала деп ойлайсыңдар?
  • Мәтінге қандай ат қояр едіңдер? Неліктен?
  • Мәтіннен кейінгі жұмыс

2-тапсырма:

Сәйкестендіру

Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Тілдік бағдар

Септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктері және септеулік шылаулар туралы түсініктерін кеңейту.

Жіктеу есімдіктері не бары 8 сөз. Олар: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері жақтық мәнде қолданылатындықтан, үнемі адаммен, яғни сөйлеуші (мен), тыңдаушы (сен) және бөгде адам (ол) деген ұғымдармен байланысты қолданылады.

«Сөз алмастыру» әдісі.Оқушыларға тілдік дағдыларын дамыта отырып, қысқа өлең немесе шумақтың сөздерін басқа сөзбен алмастыру тапсырылады

Мысалы:

Жақсылықты қолдаймыз,

Құстарды біз қорғаймыз.

Жем шашамыз ұяға,

Біз қатыгез болмаймыз.

Түпнұсқа:

Жақсылықты қолдаймыз,

Табиғатты қорғаймыз.

Гүл егеміз бақтарға,

Айналасын қоршаймыз.

https://pdnr.ru/c27803.html

Сабақтың соңы

3 минут

2 минут

ІІІ Ой-толғаныс

Шығу парағы

«Мен қоршаған ортаны қорғаймын» деген тақырыпта өз ойыңды бір сөйлеммен тұжырымда.

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім.

Мен ................ түсіндім.

Мен ............... ұсынамын.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Оқушыларға қолдау көрсетуді әрбір тапсырма құрастыру барысында ескеріп отырамын. М: тыңдалымалды тапсырма, тыңдалымнан кейінгі тапсырма жасауда.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Кері байланыс арқылы және бағалау критерийлері арқылы.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бұлардың барлығы әр сабақ барысында ескеріліп отырады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу