Қыс сюжетін оқу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім «Табиғат құбылыстары»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қыс сюжетін оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1 Оқу түрлерін қолдану

4.3.1.1 мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Мұғалімнің қолдауымен мәтінді іштей, түсініп оқиды.

Көпшілігі: мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқиды.

Кейбірі: өз бетінше мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқиды.

Бағалау критерийлері

Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқиды.

Тілдік мақсаттар

сықырлаған аязымен, көк айдын, көз тоймайтындай жарқырайды, көздің жауын алады

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру

Табиғат құбылыстарын білу не үшін бізге керек?

Пәнаралық байланыс

ана тілі, дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=Ch8J57egTgE

Караоке: Әли мен Айя. Қыс туралы ән

Бастапқы білім

«Мамандықтар әлемі» бөлімін қайталау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылығын ояту.

Оқушыларға ақ қағаз таратып беру. Ақ қағаз қандай ассоциация береді. Әр оқушы өз ойын айтады. Сабақтың тақырыбын анықтайды.

«ҚЫС» деген сөзді естігенде қандай сурет саласыз? 5 минут беру.

Сабақтың тақырыбы: Қыс сюжетін оқу

Сабақтың мақсаты:

  • Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқиды.

Сабақтың ортасы

Оқылым алды тапсырма жаңа сөздермен жұмыс.

Сықырлаған аязымен, көк айдын, көз тоймайтындай жарқырайды, көздің жауын алады

Оқылым кезеңі:

(Ж) Оқушылар мәтіндегі таныс емес сөздерді белгілеп оқиды.

Қыс келбеті

Қыс келді. Әр мезгілдің өзінің ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Көлде мұз қатты. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Ағаш жапырақтарынан айрылған, аянышты күйге түскен. Одан самал желдің әсерімен ғажап музыка ойнап тұрғандай дыбыс шығады. Дала – тынық, тып-тыныш. Кешке таман жел күшейіп, боран басталды. Суретші аяз терезеге әсем суретін салды. Осының бәрі көзге ыстық көрінеді.

Ақжан АМАНЖОЛ.Алматы облысы, Қарасай ауданы.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

(ЖЖ) Оқушылар жұпта отырып, жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады.

(Ұ) Оқушылар Караоке орындайды. Әли мен Айя. Қыс туралы ән. Сабақтың тақырыбын анықтайды.

Қыс

Қыс келді. Күн суыта бастады. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен ерекше. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Дала тып-тыныш, айнала аппақ қар. Ақ ұлпа қар жамылған ағаштар, үйлер, таулардағы қыс көріністері көздің жауын алады. Қыс мезгілінің тағы бір ерекше көрінісі -қысқы ойындар. Қысқы ойындар өте қызықты, сондықтан балалар қыс мезгілін асыға күтеді. Бірі шанамен сырғанап, бірі аққала жасап, бірі қар атысып ойнаған балалардың көңілді жүздерімен дауыстары ерекше көңіл-күй сыйлайды. Қысты асыға күтуіміздің тағы бір себебі-жаңа жыл мерекесі. Әсіресе бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қуанышы мен қызығы мол қыс мезгілін өте жақсы көремін.

№103 жалпы орта мектебінің2 «а» сынып оқушысы: Шералы НұрайСынып жетекшісі: Сихова Жұмакул

(Ұ) Екі мәтіннің айырмашылығы қандай? деген сұраққа жауап береді.

ВЕНН диаграммасын жасау.

Сабақтың соңы

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.

Үйде: Қыс туралы мәтінді оқу. Карточкага 2 сұрақ құрастырып, жазып келу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу