Қыс сюжетін оқу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.
Қыс келбеті
Қыс келді. Әр мезгілдің өзінің ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Көлде мұз қатты. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Ағаш жапырақтарынан айрылған, аянышты күйге түскен. Одан самал желдің әсерімен ғажап музыка ойнап тұрғандай дыбыс шығады. Дала – тынық, тып-тыныш. Кешке таман жел күшейіп, боран басталды. Суретші аяз терезеге әсем суретін салды. Осының бәрі көзге ыстық көрінеді.
Ақжан АМАНЖОЛ.Алматы облысы, Қарасай ауданы.
Қыс
Қыс келді. Күн суыта бастады. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен ерекше. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Дала тып-тыныш, айнала аппақ қар. Ақ ұлпа қар жамылған ағаштар, үйлер, таулардағы қыс көріністері көздің жауын алады. Қыс мезгілінің тағы бір ерекше көрінісі -қысқы ойындар. Қысқы ойындар өте қызықты, сондықтан балалар қыс мезгілін асыға күтеді. Бірі шанамен сырғанап, бірі аққала жасап, бірі қар атысып ойнаған балалардың көңілді жүздерімен дауыстары ерекше көңіл-күй сыйлайды. Қысты асыға күтуіміздің тағы бір себебі-жаңа жыл мерекесі. Әсіресе бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қуанышы мен қызығы мол қыс мезгілін өте жақсы көремін.
№103 жалпы орта мектебінің2 «а» сынып оқушысы: Шералы НұрайСынып жетекшісі: Сихова Жұмакул
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру