Оқу нұсқаулары. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім «Табиғат құбылыстары»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Оқу нұсқаулары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

4.5.1.3. өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша тілде қолданады.

Көпшілігі: өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша тілде қолданады.

Кейбірі: өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолданады

Бағалау критерийлері

Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ формаларын ауызша/жазбаша тілде қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқу нұсқаулары, етістіктің шақтары, осы шақ, өткен шақ, келер шақ, бұйрық рай;

бірінші, екіншіден ,сосын, одан кейін,соңында

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру

Сіз үшін бүгін не сәтті болды?

Басқа елдерде аққала туралы қандай ойлар болған?

Етістіктің бұйрық райын қай кезде қолданған дұрыс?

Пәнаралық байланыс

дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

Бастапқы білім

Жыл мезгілдерін сипаттау үшін идеялар жинау.

Көктем мезгілін сипаттау. Етістіктің шақтарын оқу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылығын ояту.

) Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бұйрық рай формасын қолдана отырып, нұсқаулар беру.

  • Аққаланы қалай жасаймыз? деген сұрақ қою.
  • Бірінші қолымызға қар аламыз.
  • Екіншіден қарды домалақтаймыз.
  • Сосын үш әр түрлі бөліктерді бір-біріне қосамыз.
  • Одан кейін көмірден көздерін, сәбізден мұрнын, таяқшадан аузын жасаймыз.
  • Соңында қолдарын жасаймыз, басына шелек кигіземіз.

Сабақтың тақырыбы: Оқу нұсқаулары

Сабақтың мақсаты:

  • Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолданады.

Сабақтың ортасы

(ЖЖ) Әрекетті білдіретін сөздердің тізбегін тақтаға іліп қою:

  • бірінші
  • екіншіден
  • сосын
  • одан кейін
  • соңында

Бұйрық райлы етістікті қайталау.

Ж) Оқушылар жұппен бұйрық райлы етістіктерді айтады (мысалы, қой, қос, жапсыр, қи, аш, ал), ал екіншісі оны орындайды.

(Ұ,МК) Мәтінді түсініп оқу.

Тапсырма. Әрекетті білдіретін сөздерді және бұйрық райлы етістіктерді қолданып айтады.

Үйде жылуды сақтау үшін берілген нұсқаулық

Терезелерді жылыту үшін жақтауға поролон не мақта тығады. Қалыңдығы 4-5см. қағаз немесе мата жабыстыру керек. Кесілген жолақтарды сулап, кір сабын жағады. Ондай жолақтар оңай жабысып, қыс бойы ұстап тұрады. Олар қағазға қарағанда икемді, терезелердің сұқпа тиектері мен ілмектерін жабады. Мата қағаз сияқты сарғаймайды, қыс бойы бүлінбей, көктемде жеңіл алынады. Мата жолақтарын бір емес, бірнеше рет қолдануға болады. Көктемде оларды жуып, кептіріп, орап, келесі қысқа дейін сақтауға болады.

Дескриптор:

  • Әрекетті білдіретін сөздерді дұрыс қолданады;
  • Бұйрық райлы етістікті қолданып айтады.

Сабақтың соңы

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу