Оқу нұсқаулары. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, презентация.


Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

5-бөлім: Табиғи құбылыстар

Тақырыбы: Оқу нұсқаулары

Мұғалім:

Кушерова Л.К.

2018жыл

Аққаланы қалай жасаймыз?

Бірінші қолымызға қар аламыз.

Екіншіден қарды домалақтаймыз.

Сосын үш әр түрлі бөліктерді бір-біріне қосамыз.

Одан кейін көмірден көздерін, сәбізден мұрнын, таяқшадан аузын жасаймыз.

Соңында қолдарын жасаймыз, басына шелек кигіземіз.

Әрекетті білдіретін сөздер:

бірінші

екіншіден

сосын

одан кейін

соңында

Сабақтың тақырыбы:

Оқу нұсқаулары

5-бөлім

«Табиғат құбылыстары»

Сабақтың мақсаты:

Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолданады.

Үйде жылуды сақтау үшін берілген нұсқаулық

Терезелерді жылыту үшін жақтауға поролон не мақта тығады. Қалыңдығы 4-5см. қағаз немесе мата жабыстыру керек. Кесілген жолақтарды сулап, кір сабын жағады. Ондай жолақтар оңай жабысып, қыс бойы ұстап тұрады. Олар қағазға қарағанда икемді, терезелердің сұқпа тиектері мен ілмектерін жабады. Мата қағаз сияқты сарғаймайды, қыс бойы бүлінбей, көктемде жеңіл алынады. Мата жолақтарын бір емес, бірнеше рет қолдануға болады. Көктемде оларды жуып, кептіріпорап, келесі қысқа дейін сақтауға болады.

Дескриптор:

Әрекетті білдіретін сөздерді дұрыс қолданады;

Бұйрық райлы етістікті қолданып айтады.

Сен білесің бе?

1493 жылы итальяндық мүсінші, сәулетші, ақын Микеланджело Буонарроти ең алғаш болып қардан мүсін жасаған.

«Schneeman» («аққала») сөзі ең алғаш рет неміс тілінде пайда болған.

Бір қызығы, алғашында аққалалар қорқыныш пен үрейдің нышаны болған. Адамдар аққалаларды ұсқынсыз, қорқынышты етіп жасаған. Қыс мезгілінің адамдар үшін қауіпті екендігін жеткізгісі келген.

ХІХ ғасырда ғана аққалалар қыс пен Жаңа жылдың «мейірімді» нышанына айнала бастады.

Көптеген халықтар аққалларды «періштелер» деп таниды. Өйткені мүсін жасалатын қараспаннан келген сый деп ойлаған.

Рефлексия «Қар кесегі»

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу