Ою сыры №9 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ою сыры №9 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

3.​3.​3.​1 мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, әңгімелеу/сипат тау мәтінін анықтау

Сабақ мақсаттары

  • Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
  • Мәтіннің жанрын анықтау

Барлық оқушылар: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Көптеген оқушылар: мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелейді, мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Кейбір оқушылар: тақырыпқа қатысты өз ойын айтады.

Бағалау критерийлері

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Мәтіннің жанрын ажыратады.

Лексикалық минимум

Ою, бұрын, сандық

Грамматикалық минимум

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Құндылықтарды дарыту

Қазақтың ұлттық өнерінің ерекшеліктерін біледі, ұлттық мәдениетті құрметтеуге, басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарауға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, музыка, өнер

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Бүгінгі күн өнері

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбер

Мен достарыма не тілеймін?

Мен достарымның ..... болғанын қалаймын. Шеңберде тұрған оқушылар үлгі бойынша бір тілектен айтып шығады.

Үй тапсырмасын тексеру

Қалаулары бойынша бірнеше оқушы, бүгінгі өнері туралы тапқан ақпараттарымен бөліседі. (Фельтинг, гжель өнері туралы).

Оқушылар пікір айту арқылы бағалайды.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
  • Мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшелігін анықтаймын.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.

Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту

Ою, бұрын, сандық

Құс қанаты оюы, ою салу,оюдың түрі

Бұрын болған, бұрын қолданған

Сандықтың іші, сандыққа салу, үлкен сандық

Тіл дамыту сұрақтары:

  • Мына оюлар неге ұқсайды?
  • Мұндай оюларды қайдан көрдіңдер?

Ықтимал жауаптар:

Құс қанаты- ұшып келе жатқан құстың қанатына ұқсайды,

қошқар мүйізқойдың мүйізіне ұқсайды

гүл- гүлге ұқсайды.

Оюларды сандықта,ұлттық киімде,көрпе-жастықта, кілем, ыдыстарда болады.

Оюшы - ою оятын, салатын адам

(Т) Оқылым. Деңгейлері әртүрлі оқушыларды топтастыру (дифференциация).

Топтар өздеріне берілген тапсырманы орындайды:

  • мәтіндерді оқиды
  • қысқаша мазмұнын айтады
  • жанрын анықтайды
  • жанрлық ерекшелігін түсіндіреді

Дескриптор:

  • Мазмұнын қысқаша айтады.
  • Мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.
  • Мәтіннің идеясын анықтайды.

Топтарға жанрлық ерекшелікті көрсететін сөздер мен сөз орамдары ұсынылады. Оқушылар солардың ішінен өзіне берілген жанрға қатыстыларын іріктеп алып, дәлелдеу барысында қолданады.

Оқылым мәтіндері

*****

Жанар кішкентай кезінен әсемдікке жақын болады. Әсіресе түрлі оюларға қызықты. Оның әжесі ауылдағы атақты оюшы болған. Барлық бұйымдарға ою салады. Әжесі немересіне ою жасауды үйретті. Жанар әжесінің айтқанын орындады. Ол өнерді үйреніп алды. Жанар да атақты оюшы болды.

*****

Көрші әжей өнерлі,

Барып тұрам күнде мен.

Құрмет тұтып шеберді

Ою өрнек үйренем.

Оюларға сүйеніп,

Қайран қалып тұрасың.

Көре білсең түсініп,

Одан көп сыр ұғасың.

******

  • Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен
  • Өнерлі бала –елдің көркі         

Топтар жұмыстарын орындап болған, жұмыстарын сыныпқа ұсынады. Топтар дескриптор бойынша бағалайды.

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателер болды.

- тапсырманы орындау қиын болды.

Сергіту сәті

“Дирижер” ойыны: Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек.

(Ө) Жазылым.

Берілген сөздерден сөйлемдер құрап жазады.

  • Түрі, оюдың, көп.
  • Бұйымдарға, әртүрлі, оюды салады.
  • Әдемі, өте, әжемнің, оюлары.
  • Үйренгім, ою, жасауды, келеді.

Орындап болған соң, оқушылар бір сөйлемнен оқиды, қалған оқушылар дұрыс/бұрыстығын айтады.

 “Қорытындылаушы” ойыны: Сабақ басында “Қорытындылаушы” рөлін алған оқушы сабақ соңында жұмыс барысын жалпылай отырып, өтілген тақырып бойынша мәселенің түйінін, өте маңызды жайларды сараптап айтады.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

Өлеңді жаттау

Рефлексия

Бүгін сабақта не үйрендің?

Не қиын болды?

Тағы не білгің келеді?

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу