Мен не үйрендім? (нәтиже сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (оқулық: «Қазақ тілі», «Көкжиек» баспасы)

4-тарау

Сәулет өнері

12-сабақ

Мен не үйрендім? (нәтиже сабақ)

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және айтылым, жазылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді толықтырып жазады.

Оқушылардың көпшілігі: Кесте бойынша сөйлемдер құрастырып айту барысында көмекші сөздерді орынды қолданады.

Оқушылардың кейбірі: Суреттер бойынша шағын мәтін құрастырады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.

Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар/жұптар санына қарай көбейтіп алыңыз:

  • №1 үлестірмелі қағаздар. Дидактикалық материалдарда берілген буындарды жеке-жеке қиып дайындаңыз; №1 слайдпен танысыңыз;
  • №2 слайдпен танысыңыз; Оқу мақсаттарымен танысып алыңыз;
  • №2 үлестірмелі қағаздарды жұптар санына қарай дидактикалық материалдар жинағынан шығарып қойыңыз; №3 слайдпен танысыңыз;
  • Дидактикалық материалдар жинағынан «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалауға арналған құралдарды оқушылар санына қарай көбейтіп, қиып дайындаңыз (әр оқушыға 1 қызыл, 1 сары, 1 жасыл шеңберден берілетінін ескеріңіз);
  • №4 слайдпен танысыңыз; АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда дидактикалық материалдар жинағынан №3 үлестірмелі қағаздарды жұптар санына сәйкес шығарып алыңыз;
  • №5 слайдпен танысыңыз; дидактикалық материалдардан №4 үлестірмелі қағаздарды шығарып алыңыз немесе әр жұпқа 1 парақ дайындаңыз;
  • №6 слайдпен танысыңыз; АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана «Жетістік баспалдағын» плакатқа шығарып алыңыз; оқушылар санына қарай стикерлер дайындап қойыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң шеңбер бойымен тұрғызып, буындар жазылған қағаз қиындыларын үлестіріңіз. Оқушылардан берілген буындарды бәріне көрінетіндей етіп ұстауын сұраңыз. Қолындағы буынын өзара тіркестірген жұптар қатар тұрып, сөз, одан сөйлем құрастыруын қадағалаңыз. Осылайша оқушыларды 6-7 жұпқа біріктіріңіз (Ескерту! Егер сыныптағы оқушылар саны 14-тен артық болса, онда тарау бойынша өткен жаңа сөздердің кез-келгенін буындарға бөліп тарата аласыз. Ал егер сыныптағы оқушылар саны 14-тен кем болса, онда берілген буындар санын өз еркіңізбен кеміте аласыз). (№1 слайд).
  • Өзара жұптасқан оқушыларды орындарына отырғызып, тақырыпты жариялаңыз.
  • Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірлесе отырып құрыңыз (№2 слайд).

(1-тапсырма) №3 слайдты ашыңыз. Тапсырманы интербелсенді тақта мүмкіндіктерін пайдаланып орындауға болады. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда №1 үлестірмелі қағаздарды (алдын ала шығарып алған) әр жұпқа таратыңыз. Жақша ішіндегі сөздердің қажеттісін таңдап, сөйлемді оқып, тақтаға/дәптерге жазуын тапсырыңыз. Әр жұптың жауабын «Шапалақ» әдісі арқылы бағалауды тапсырыңыз.

(2-тапсырма) №4 слайдты ашыңыз. Тапсырманы интербелснді тақта мүмкіндіктерін пайдаланып орындауға болады. Ол үшін тақтадағы кестеде берілген сөздерді активқаламның көмегімен сызықтар арқылы біріктіріп, сөйлем құрастырып айтады. Барлық сөйлемдер құрастырылғаннан кейін қысқаша мәтін ретінде айту тапсырылады. «Тізбекпен айту» әдісін қолданып орындауға болады. ол үшін мәтіннің алғашқы сөйлемін 1-жұп айтады, келесі сөйлемін 2-жұп, одан әрі қарай келесі жұптар жалғастырады. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда №3 үлестірмелі қағаздар таратылып, тапсырма жоғарыда айтылғандай ретпен орындалады. Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі. Ол үшін оқушылар тапсырманы орындауға дайындалып жатқан уақытта әр оқушының жанына үш-үштен (1 сары, 1 қызыл, 1 жасыл) шеңберлерді қойып үлгеріңіз. Алғашқы 4 жұп сөйлемдер құрастырып айтса, келесі 3-4 жұпқа олардың жауаптарын бағалауды тапсыруға болады. бағалау барысында анықталған мәселелер бойынша «Кері байланыс» орнатыңыз.

(3-тапсырма) (оқулықтың 122-беттегі 1-тапсырма бойынша:)

  • Оқушылар оқулықтағы суреттерге қарап, 1 суретті таңдайды (№5 слайдты қолдану ұсынылады).
  • Оқушыларға сөздік дәптерін қолдануға рұқсат беріңіз. Бұл оларға сенімділік үстейді. Сурет бойынша 4-5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыру керек екенін айтып, дескриптормен таныстырыңыз. Мәтінді дайындауға 6-7 минут уақыт беріңіз. Бірдей суретті таңдаған жұптардың жұмыстарын бірге бағалауға болады. Ол үшін белгіленген уақыт өткен соң. «№1 суретті кімдер таңдады?» деп сұраңыз. Қол көтерген жұптарды тақтаға шақырып, №5 слайдтағы №1 суретті көрсетіңіз. 1-жұптың мәтінін тыңдап болған соң, осы суретті таңдаған келесі жұптың мәтіні тыңдалады. Дескриптор арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды.

(рефлексия) №6 слайдты ашыңыз. Оқушыларға сабақтағы өз жұмыстарына баға беруін сұраңыз. Төмен баға берген оқушылармен «кері байланыс» жүргізіңіз.

Үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.

Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстарды ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу