Ерте ұйықтаймын №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақтың тақырыбы: Ерте ұйықтаймын №2
Сабақтың мақсаты:
3.2.3.1. белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
3.4.4.1. кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
3.1.2.1. баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.4.3.1. өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану
Сабаққа қажетті құралдар:
Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Оқушылардың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды түрлендіруге болады. Оқушыларға қажетті тапсырмаларды саралап беру керек. Әр оқушының қай деңгейде жұмыс жасай алатынын анықтап алған соң, оның алға ұмтылуын білген өте маңызды. Қолдауды қажет ететін оқушыларды үнемі қадағалауда болу керек.. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз.
Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай қолдану қажет.. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескеріңіз. Ең басты міндет- мақсатқа жету.
Шаттық шеңбер.
Оқушыларды ортаға шақырып, дөңгелене тұрғызамыз. Алдымен өлеңді қосылып айтады, сонан соң бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. Мысалы: Сен бүгін көңілдісің! Бүгінгі сабақ сәтті өтсін! Т.б.
Күнім күліп арайлы,
Тереземнен қарайды.
Достарыммен шеңберге,
Тұрғанымды қалайды.
Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, жағымды қарым-қатынас тудырады, сөздік қорларын молайтады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.
Жаңа сабақтың алдында, оның мазмұнына көшу үшін «Алдын-ала берілген атаулар» әдісін алуға болады. Ол үшін турлі – түсті қағазға сөздер жазылады. Осы сөздерді оқи отыра , оның мағынасын ашады. Бұл оқушыны ойлау дағдысын дамытуға көмектеседі. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздерді меңгерту. Жаңа сөздерді меңгерту – сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, қимыл, ым-шараны қолданыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. Баланың ынтасын жоғарлатып отыру керек.
Жазылым. Бұл тапсырманы «Сөйлемді аяқта» ойыны арқылы өткізуге болады. Мұғалім балаларға сөйлемді аяқтауды ұсынады. Бұл тапсырмадан оқушылардың шапшаңдығын байқауға болады.
Айтылым. Бұл тапсырманы жұптық жұмыс бойынша жүргізіледі.
Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап алуына жағдай жасаңыз. (Сұхбаттасына қарсы сұрақ қойып, немесе «иә, мен де ұйқыдан ерте тұрамын» деген сияқты ойды толықтыру элементтерінен үлгі беріп, мақсатқа сәйкестендіру керек). Бұл тапсырманы бағалауда дескрипторды орынды қолданыңыз. Осы дескриптор бойынша бір бірін бағалуға әрекет жасаңыз.
Айтылым. Бұл оқулықтағы 6-тапсырма. Бұ тапсырманы орындау кезінде алдымен сұраққа жауап алыңыз. Сұрақ – жауапты кесте бойынша беруге болады. Содан кейін ерте, кеш сөздерін байланыстырып, мәтін құрастыруға тапсырма беріңіз. Тапсырма бойынша оқушыларды бағалауды ұмытпаңыз. Дескрипторды қолданыңыз.
Рефлексия, үй жұмысы.
Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға түрлі стикерлер таратып беріңіз. Оқушылар сабақтың барысы бойынша өз ойларын осы стикерлерге жазсын.
Стикерлерді тақтада ілулі тұрған жұлдыз суретіне жапсырады. (бұл мұғалімнің көмегін қажет етуі мүмкін)
Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалу керек екенін түсіндіріңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру