Ерте ұйықтаймын. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Ерте ұйықтаймын

Сабақтың мақсаты:

3.3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу

3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

Сабаққа қажетті құралдар:

 Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Оқушылардың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды түрлендіруге болады. Оқушыларға қажетті тапсырмаларды саралап беру керек. Әр оқушының қай деңгейде жұмыс жасай алатынын анықтап алған соң, оның алға ұмтылуын білген өте маңызды. Қолдауды қажет ететін оқушыларды үнемі қадағалауда болу керек.. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз.

Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай қолдану қажет.. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескеріңіз. Ең басты міндет- мақсатқа жету.

Шаттық шеңбер.

 Оқушыларды ортаға шақырып, дөңгелене тұрғызамыз. Алдымен өлеңді қосылып айтады, сонан соң кезекпен, қасында тұрған балаға жақсы тілек айтады. Мысалы: Саған денсаулық тілеймін! Саған жақсы көңіл күй тілеймін! Т.б.

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, жағымды қарым-қатынас тудырады, сөздік қорларын молайтады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.

Жаңа сабақтың алдында, оның мазмұнына көшу үшін берілген суреттерді қолданыңыз.

Бұл оқушыны ойлау дағдысын дамытуға көмектеседі. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту.

 Жаңа сөздерді меңгерту – сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, қимыл, ым-шараны қолданыңыз. Жаңа сөздерді меңгертуде суреттерді қолдануға болады. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. Баланың ынтасын жоғарлатып отыру керек.

Тыңдалым.

 Тапсырмада берілген мәтінді оқушыларға тыңдатыңыз. Оны мұғалім өзі оқуына немесе аудио дискке жазып алуына болады, таныс емес сөздерге түсінік беріледі. Мәтінді қалай түсінгені бойынша сұрақ – жауап дайындаңыз. Бұл тапсырманы бағалауда дескрипторды орынды қолданыңыз. Осы дескриптор бойынша бір бірін бағалуға әрекет жасаңыз.

Оқылым.

Оқулықтағы мәтіннің мазмұнымен әркім өзі оқып танысқаннан кейін «Тез ойлан» әдісі бойынша әр оқушыға сұрақ – жауап дайындасын. Сұрақ – жауап арқылы оқушылардың мәтінді қалай түсінгендері байқалады.

Айтылым.

Бұл тапсырма «ЖИГСО» әдісі арқылы жүргізіледі. Топ ішіндежұмыс істеу үшін, суреттер беріледі. Осы суреттер арқылы әңгіме құрастырып, оны басқа топ арасында талқылайды. Бұл тапсырманы бағалауда дескрипторды қолданыңыз. Осы дескриптор бойынша бір бірін бағалуға әрекет жасаңыз

Сергіту сәті. Сергіту сәтін өткізуде “Дирижер” ойынын алыңыз.

 Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек

Жазылым.

Бұл тапсырманы оқушыларға дәптерге орындатыңыз. Тапсырманы орындау барысында тиісті қосымшаларды жалғап жазады . Бұл тапсырманы мұғалім өзі тексеріп шығуы керек.

Айтылым.

Оқушылар «Көршіңмен сөйлес» әдісі бойынша сұхбатқа түседі. Тапсырмада берілген диалогты бір-бірімен сөйлесе отыра орындайды.

Өз пікірлерін білдіреді. . Бір-екі жұптың жауабын тыңдауға болады. Қалғандары берілген дескриптор бойынша өздерін бағалайды.

Рефлексия, үй жұмысы.

Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға түрлі стикерлер таратып беріңіз. Оқушылар сабақтың барысы бойынша өз ойларын осы стикерлерге жазсын.

Стикерлерді тақтада ілулі тұрған жүрек суретіне жапсырады. (бұл мұғалімнің көмегін қажет етуі мүмкін)

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалу керек екенін түсіндіріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу