Нәтиже сабақ. № 11. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар.
Оқылым мәтіні
Ұқыпты қыз
Анар деген кішкентай қыз өте ұқыпты. Ол даладан ойнап үйге кіргенде, қолын сабынмен жуады, киімдерін ауыстырады. Бірде анасы үйді жинайын деп Анардың бөлмесіне кіреді. Анар киімдерін бүктеп, кітаптарын ретке келтіріп, сөрелерге өзі жинап қойыпты. Ойыншықтарды да өз орнында. Анасы қызының есейгенін байқайды, ұқыптылығына риза болады.
«Кім жылдам?» ойынына арналған сұрақтар.
1. Сенің досың қандай?
2. Ол ата-анасына көмектесе ме?
3. Еңбекқор бала мен жалқау баланы сипатта.
4. Әли мен Айя қандай балалар?
5. Неліктен Әли мен Айя «Ең үлгілі оқушылар» байқауының жеңімпазы болды?
6. Қанат пен Жансая неге ренжісті?
7. Қанат пен Жансая татуласты ма?
8. Жәнібек пен Азамат қандай балалар?
9. Жәнібек пен Азамат құстарға қалай көмектесті?
10. Мирас ақылды ма?
11. Мирас қайда жиі барады?
12. Үлкендерге сәлем бересің бе?
Жалғауларды өзгертіп, байланыстыру
І-топ Дайындаймын картаны, Сүртем тақта, партаны. Гүлдерге су құямын, Қоқыс болса, жиямын ... |
ІІ-топ Мен ұқыпты баламын, Айтқан тілді аламын. Кірлесе егер киімім, Өзім жуып аламын. |
ІІІ-топ Мен тәртіпті баламын, Айтқан тілді аламын. Апам нанға кеткенде, Үйде ойнап қаламын. |
Ғажайып сөздер
Жақсының аты өлмейді, жаманның хаты өлмейді.
Жақсы адам жолдасынан белгілі.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Қолдануға болатын суреттер
Қазынаны іздеу маршрут-картасы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру