Кодтау. Информатика, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Сабақ жоспары
ҰМЖ бөлімі 10.1D Тарау: Графикалық объектілер | Мектеп: | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің АЖӘ: Арингазинова А. М. | ||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысушылар саны: | Қатыспаушылар саны | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Кодтау | ||||||||||||||||||
Сабақ түрі | Жаңа тақырыпты өту, дағдыларды қалыптастыру сабағы | ||||||||||||||||||
Оқыту мақсаты | [10.3.1.1] растрлы суреттерді екілік санау жүйесінде көрсету | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - графикалық суреттерді кодтауды үйрету - графикалық суреттің ақпараттық көлемін анықтауды үйрету | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | [10.3.1.1] растрлы суреттерді екілік санау жүйесінде көрсету 1) монохромды суретті кодтау; 2)графикалық суретте екілік кодты түрөзгерту 4) Графикалық суреттің ақпараттық көлемін анықтау | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар ... жасай алады. •Графикалық суреттің ақпараттық көлемін анықтау үшін пайдаланылатын формуланы талқылауға қатысу.
Лексикалық мысалдар мен сөз тіркестері: Файлдың графикалық көлемін есептеу үшін … қажет Менің ойымша/ мен ойлаймын/мен сенімдімін Пиксель - бұл… Графикалық ақпарат … сақталады Пәнді оқуға қажетті терминология:
| ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дамыту | Өзара әрекеттестік Оқыту үрдісі арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту, нақты айтқанда топтық жұмы арқылы | ||||||||||||||||||
Пән аралық байланыс | Графикалық өңдеу бағдарламаларымен жұмыс істеу Векторлық суреттерді өңдеу және жасау. Векторлық және графикалық суреттердің артықшылықтары мен кемшіліктері | ||||||||||||||||||
Алдыңғы білімдері | 10.3.1.2 графикалық файлдар форматтары арасындағы айырмашылықты түсіндіру | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар |
Миға шабуыл | Оқушылармен сәлемдесу. Сабақ тақырыбына шығу: Бейне ролик көру. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Сұрақ
Осы әрекет үш тілділік бағдарламасын іске асыру үшін бағытталған. Бұл іс әрекетке 1,5 минут уақыт бөлінеді. Оқушылар өз жауаптарын ұсынады. Кілт сөз көрсетіледі: Кодтау
Оқушылар сабақ тақырыбын анықтайды. Сабақтың мақсаттарын айқындайды | Слайд Интербелсенді тақталар Смешарик мультфилімінен үзінді |
Ұғыну кезеңі
| Оқушылар сабақтың тезаурусымен танысады. Көрсетілген ақпарат көздері бойынша жаңа материалдармен жұмыс жасау. Оқушылар топпен жұмыс жасайды Әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс Жаңа материалды жеке оқу Келесі аспектілерді зерделеу 1) Монохромды графикалық суретті кодтау. 2) Түсті суретті кодтау. 3) графикалық суреттің ақпараттық көлемін табу бойынша есептерді шығару Оқушылар топта алынған ақпаратты талқылайды. Ары қарай оқушылар ақпаратты шағын топтарда талқылайды. Талқылаудан кейін оқушылар практикалық жұмысқа кіріседі. Ол үшін сынып «Сағат тілінің досы» стратегиясы бойынша жұптарға бөлінеді Қосымша 2. Практикалық тапсырмалар. Жұппен тапсырма орындау
Тапсырма 1: Барлық жұптар алдын ала дайындалған шаблондарда жұмыс жасайды.
Тапсырманы орындау.
Тапсырма аяқталған соң оқушылар қойылған сұраққа жауаптарын береді. Өзін-өзі бағалау. Ары қарай оқушылар келесі сағат тілі бойынша жұптасады. Оқушыларға сараланған тапсырмалар беріледі
Тілдік дағдылары нашар дамыған оқушылар үшін ұстаз көмекші көпіршілер қызметін атқарады.
Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды.
Келесі тапсырмаларды орындау: Тапсырма 1 Қара-ақ суреттен құралған графикалық файл 300 байттық көлемі бар. Суреттің өлшемі қандай? (пиксельмен өлшегенде) Шешуі: Файлдың көлемі V=300б=2400бит. Сурет қара-ақ түсті, демек палитра екі түсті, яғни N=2. Осыдан түстің тереңдігін анықтаймыз I= 1бит. К=V/I=2400бит/1бит=2400 пиксель. Жауабы: Сурет 2400 пиксельден тұруы мүмкін. Тапсырма 3 1)Экранның өлшемі 640•480 нүкте және 256 түс. Қажетті бейнежадының көлемін кбайт анықтау. Жауабы : 256 түс - 2⁸, сәйкесінше 1 пиксельдік түс туралы ақпаратты сақтау үшін 8 бит = 1 байт қажетті. 1 килобайтта - 1024 байт.640*480/1024 = 300 Кбайт
Exercise 4* How much video memory is needed to store four image pages, if the bit depth is 24, and the resolution of the display is 800 • 600 pixels, the answer is in MB.
Ары қарай мұғалім қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды ұсынады. Тапсырма 1: Келесі тапсырманы орындау Бос орындарды толтыр.
Тапсырма 2: 128*128 пиксельді графикалық суретті сақтау үшін 4 КБ жады бөлінген. Суреттің палитрасында максималды неше түс болуы мүмкін?
Тапсырманы орындау барысында оқушылар жұппен өз нәтижелерін талқылайды Мұғалім өтілген тақырып бойынша фронтальді сұрақ қоядыю Оқушылар сабақтағы іс әрекеттерін қорытындылайды. | Презентация Қосымша 1 Қосымша 2 Таратпа ақпарат Қосымша 3 Презентация Қосымша 4 |
Рефлексия кезеңі | Қорытындылау. Оқушылар бүгін сабақта өткен тақырыптары бойынша мини тезис жазып алмасады. Тақырыптың негізгі идеялары Үй жұмысы. Келесі тапсырманы орындау: Тапсырма 1. 100х100 өлшемді қара-ақ графикалық суреттің көлемін анықтаңыз. Тапсырма 2. 100х100 өлшемді, 256 түсті графикалық суреттің көлемін анықтаңыз Рефлексия | Интербелсенді тақта |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Дифференциация тапсырмаларда көрінеді. АКТ дағдылары дамыған оқушылар мен тілдік дағдылары дамыған оқушыларға бағытталған тапсырмалар орындалады. Күрделі тапсырмалар * белгісімен беогіоенген | Өзін-өзі бағалау, Өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы | ЖК жұмыс жасау ҚТ басты ережелері | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||
Жалпы бағалау Сабақ теориялық дағдыларын практикалық әрекеттер арқлы бекітуге бағытталған. Әрекет түрлерін өзгерту өзара әрекеттесу дағдыларын дамытады Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Топтық/жұптық жұмыс 2: Практикалық жұмыс Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет ? --- | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру