Форманың қалыптасуы және құрылымдау. Графика және жобалау, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 4: Форманың қалыптасуы және құрылымдау

Мектеп: Ақтау қаласындағы Химия -биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Форманың қалыптасуы және құрылымдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.1.1 Геометриялық денелердің формаларының қалыптасуының негізгі зандылықтарын және принциптерін білу

11.4.1.2 Әр түрлі беттер мен форма құрастыру тәсілдерін білу және түсінгендерін көрсету (көпқырлы және қисық беттер)

 Сабақ мақсаттары

  • Қағаздан геометриялық формалар құрастыру .
  • Көлемді және жазық формаларды салыстыру.
  • Айналдыру жолымен жасалатын сызықтар формасын жасалу әдістерін табу.

 Бағалау критерийлері

  • Жазық геометриялық пішіндерді қолданып ерекше пішін құрастырды.
  • Айналдыру жолымен жасалатын сызықтар формасын жасалу әдістерін табуа білді.
  • Жазық формаларды қолданып геометриялық дене құрастырды.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз:

Шеңбер, радиус, түзу сызық, овал, ось

Құндылықтарды дамыту

Оқушы бір-бірімен ынтымақтастықпен ашық пікір бөлісіп, шығармашылық көзқараспен еңбектенеді. Сабақ барысында ұқыптылыққа, тазалыққа және өмір бойы еңбектену құндылығын бойына сіңіреді.

Пәнаралық байланыстар

Математика, геометрия, тарих.

АКТ қолдану дағдылары

Жұмыс барысында материалдарға негізделген суреттемелер мен жазбалар жасауда АКТ-ны қолданады

Бастапқы білім

Кескіндердің негізгі түрлері және салулар, және Кескіндерді түрлендіру бөлімдеріндегі алған білімдері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

5 мин.

20 мин.

Сәлемдесу.

Ұйымдастыру бөлімі:

  • Оқушыларды түгендеу
  • Оқушылардың дайындығын тексеру

Жаңа тақырып

Сабақ мақсаттарымен таныстыру.

Презентация арқылы сабақ мақсаттарын түсіндіру, талқылау.

1. Пішін дегеніміз не?

2. Пішіндеу дегеніміз не?

Тапсырма-1: Әр түрлі жалпақ геометриялық фигуралардан композиция құрастырыңыз. Топтық жұмыс. Танаграмманы қолданыңыз.

Презентация

Әр түрлі пішіндегі заттардың суреттері бар кестелер мен суреттер

Геометриялық денелердің материалдық модельдері (картоннан, қағаздан, сымнан, пластиктен)

Жұмыс дәптері, сызу құралдары

Сабақтың ортасы

30 мин.

10 мин.

Тапсырма-2: Жеке жұмыс.

Пішінді түрлендіру үшін сіз оригами техникасын қолдана аласыз.

Идеялармен таныстыру.

Таныстыруға дайын болу үшін жеке топтарда оқушылар сұрақтарға жауаптар жазады. Бүкіл сыныпқа ұсынбас бұрын басқа топпен топтасып, өз ойларымен бөлісіп дайындалу керек.

Шығармашылық жұмысты талқылау.

Сабақты қорытындылау кезінде оқушылар өз жұмыстарын талдайды.

Учебник Черчение и графика. Павлова А.А., Корзинова Е.Е. (изд. «Мнемозина» Москва 2011)

Сабақтың соңы

7 мин.

3 мин.

Бағалау

Микро топтарды өзара бағалау. Оқушылар өз жұмыстарын көрсетеді, бірін-бірі бағалайды, ең сәтті нұсқаны анықтайды

Топтардың және бүкіл сыныптың кері байланысы.

Өнімдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, әртүрлі проблемалар мен перспективаларды және олардың бір-бірімен қалай байланыстығын белгілейді.

Бұл өнімді жобалаудың негізгі факторлары болып табылады.

Рефлексия

• Осы сабақтан мен не түсіндім?

• Қандай сұрақтарға жауап бере алмадым?

• Мен не істеуім керек?

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация оқушылардың тапсырмаларды таңдауда кезінде байқалады, қабілетті оқушыларға күрделі тапсырмалар мен практикалық жұмысты орындау техникасын береміз.

Орындау дағдылары бар оқушылар толығырақ фигураларды жасайды.

Осы сабақтарды өткізу барысында кейбір оқушылар әр түрлі міндеттерді атқаратын топта жұмыс істейді: кейбір оқушылар күрделі сұрақтарға жауап береді және балама шешімдер, идеялар қабылдайды, басқалардың жұмыстарымен салыстырады, кейбір оқушылар күрделі емес тапсырмаларды орындайды, мысалы: болашақ жұмыс үшін ресурстар жинау және альбом жазу.

Сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімін көрсетеді

Тәжірибелік бөлім және топтардың таныстырылымы жетістік критерийлерімен қатар жүреді.

Мұғалім өнер бөлмесінде қауіпсіздік техникасы мен тәртіп ережелерін дауыстап айтады, ал практикалық жұмысты бастамас бұрын арнайы құралдарды қолдану қауіпсіздік ережелері талқыланады. (мысалы, компас, металл сызғыш, кескіш және т.б.)

Денсаулық пен қауіпсіздік тексерісі: кеңсе пышақтарын, қайшыларды, желімдерді, тазалағыш материалдарды қауіпсіз пайдалану және сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу