Кеңістік фигураларының ұқсастығы. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.4А Денелердің көлемдері

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»,

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кабдисалиева Г.К.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Кеңістік фигураларының ұқсастығы

Cабақ түрі

Жаңа тақырыпты меңгерту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.17 - кеңістіктегі ұқсас фигуралар көлемдерінің қасиетін білу және оны есептер шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Кеңістіктегі ұқсас фигуралардың көлемдерінің қасиетін біледі;
  • Кеңістіктегі ұқсас фигуралардың көлемдерінің қасиетін есептер шығаруда қолданады.

Бағалау критерийі

Білу және түсіну: Ұқсас денелердің көлемдерінің қатынасы ұқсастық коэффициентінің кубына тең екенін біледі;

Қолдану және анализ :

- кеңістіктегі ұқсас фигуралар көлемдерінің қасиетін есеп шығаруда қолданады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • кеңістіктегі ұқсас фигуралар көлемдерінің қасиетін қорытуды түсіндіреді;
  • есептер шығаруда бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын пайдаланады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • кеңістіктегі ұқсас фигуралар көлемдері;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

  • ұқсас денелердің көлемдерінің қатынасы ұқсастық коэффициентінің кубына тең;

Құндылықтарды

дарыту

Оқушылар жұптық жұмыста:

- қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады, бір-бірі үшін жауапкершілік сезімдері дамиды;

-жұмысты талдау барысында балама көзқарастарды қабылдай білуге үйренеді;

-талдау, талқылау,ой қорыту дағдысы қалыптасады.

Пән аралық байланыс

сәулет, құрылыс

Бастапқы білім

Призма, пирамида, қиық пирамида, цилиндр, конус, қиық конус, шар және олардың элементтерінің анықтамаларын білу. Ұқсас көпбұрыш, көпбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы, көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусы ұғымдарын білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

1. Ұйымдастыру

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру

Мақсаты: оқушыларды сабаққа әзірлеу, қолайлы орта қалыптастыру.

Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин

3 мин

10 мин

7 мин

2. Жаңа материалды меңгерту

Мақсаты: жаңа білім меңгеру;

2.1 Ж: Bilimland сайты мен жұмыстану

Оқушылар жұптасып Bilimland сайтынан теориялық материалмен танысады және жаттығулар орындайды.

2.2 Ж: Проблемалық тапсырма:

Көшеде қарбыз сатумен айналысқан кезде таразы болған жоқ. Алайда шешім табылды: диаметрі 3 дм болатын қарбыздың құны диаметрі 1 дм үш қарбызға теңелді.

Сіз не аласыз? Сатушылардікі дұрыс па?

2.3 Шардың көлемі қанша есе артады (азаяды), егер оның диаметрі үш есе ұзартылса (қысқартылса)?

Қорытынды: Ұқсас денелердің көлемдерінің қатынасы ұқсастық коэффициентінің кубына тең;

2.4 Ж: Ұқсас фигуралар көлемінің қатынасы туралы теореманы дәлелдеу;

Оқушылар жұптасып, ұқсас фигуралар көлемінің қатынасы туралы теореманы дәлелдеуге тырысады. Теореманы бірінші болып дәлелдеген жұп дәлелдерін тақтада көрсетеді.

3. Ж:Есептер шығару;

Мақсаты: жаңа білімді бекіту;

1) Конустың көлемі - 16. Конус биіктігінін ортасы арқылы оның табанына параллель, кіші конустың табаны, болатын қима жүргізілді. Кіші конустың көлемін табыңыз.

2) Бір шардың көлемі екінші шардың көлемінен 27 есе үлкен. Бірінші шар беті ауданы екінші шар беті ауданына қарағанда неше есе үлкен?

Бағалау: үлгі бойынша жұп өзін бағалайды;

https://bilimland.kz/ru/subject/geometriya/11-klass-/podobie-prostranstvennyx-figur--14638?mid=3f5e5dd0-1682-11ea-9129-37b00959eec4

Сабақтың соңы

(3 мин)

4. Рефлексия. «Екі жұлдыз және бір тілек»

Оқушыларға өз жұбындағы «көршісінің» қандай жұмысы ұнағанын және оған қандай ұсынысы (тілегі) бар екенін атап кету ұсынылады.

5. Үй тапсырмасы:

Жұмыс парағынан есептер шығару.

Қосымша 1

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушының материалды өздігінен игеруі және құрбысына түсіндіруі оның материалды жақсырақ игеруіне және өзінің оқуы үшін жауапкершілігін сезінуіне мүмкіндік береді.

Оқушылар сабақ бойында мұғалімнен және құрбыларынан өз жұмыстарының сапасы туралы пікір алып отырады. Сабақ соңында оқушылар өздерінің не түсінгендіктерін және қай бағытта жұмыстанатындықтары туралы рефлексия жасауға мүмкінік алады.

Сабақ желдетілген сынып бөлмесінде өткізіледі. Мұғалім оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалайды.

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу